Әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚаулықтар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата15.09.2017
өлшемі228,18 Kb.
#33117
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы
«Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

(қолы) (аты-жөні)

20__ж. «___»____________



Қ ұрастырушы: _____________ ф.ғ.к, аға оқытушы А.О. Кәріпжанова

( қолы) (аты-жөні)


Филология, журналистика және өнер кафедрасы

(кафедра атауы)


«Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Пәнді оқыту бойынша


Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

(факультет атауы)

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________


(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама



Курс бойынша қамтылатын тақырыптар







Тақырып

Мазмұны



1

2

3

1.

Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

«Орхон»немесе «руна» деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну; Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана.

Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр(684-731ж),оның ағасы елбасы Білге қаған(683-734ж) және қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар.



2.

«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі

«Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында жиі қолданылатын теңеу, метафора,аллегория,гипербола,эпитет,қанатты сөздер,мақал-мәтелдер туралы. Тасқа жазылған дастандардың компазициялық құрылысы.Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі позициясының өзіндік әдеби дәстүрі. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы.

3.

Қорқыт ата кітабы.(«Китаби дедем Коркуд»)

«Қорқыт ата кітабы»-оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт атаның сыйқырлы күйлері.Қорқыт атаның өсиеттері,ғибрат сөздері,мақал-мәтелдері. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші,тәржімелеушіЕуропа және орыс ғалымдары.Қорқыт ата мұрасын зерттеу,қазақ тіліне аудару ісінеқазақ ғалымдарының қосқан үлесі.

4.

Оғыз-наме(«Оғыз-қаған» эпосы)

«Оғыз-наме» эпосының қаһармандары-Оғыз қаған,оның балалары,Ұлы Түрік,Алтын Қаған,Урум қаған,Урус бек,Сақлаб,Ұлы Орда бек,Қағарлық ер,Темір Қағұл Жосун ер,Көк Бөрі,т.б. «Оғыз-наме»эпосының нұсқалары.Ұйғыр әрпімен және араб әрпімен жазылған нұсқалары. «Оғыз қаған» еңбегін қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ:Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері. «Оғыз-наме» эпосы мен және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер. Эпостың тілі, көркемдеу әдістері.


5.

Әбу-Насыр әл-Фараби(870-950)

Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану,музыка,т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.Философиялық трактаттары ; «Данышпандықтың інжу маржаны» «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек.», «Ааристотель еңбектеріне түсіндірме»,т.б.

6.

М.Қашғари «Диуани лұғат ат- түрк(Түркі сөздерінің жинағы»)

«Диуани лұғат ат-түрік»-түрікше-арабша түсіндірме сөздік.Қазіргі түркі тілді халықтардың барлығына ортақ мұра. «Диуани лұғат ат-түрік» -тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне,т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ.


7.

Ж:Баласағұн «Құтадғу біліг(Құтты білік»)

«Құтты білік» дастанының негізгі идеясының мемлекетті дұрыс басқару мәселесі екендігі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылғаны: әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат.

«Құтты білік»-дидактикалық дастан.Төрт принциптің символы ретінде көрінетін төрт қаһарманы: Күнтуды патша, уәзірі Айтолды, уәзірдің баласы Ұғділміш, дәруіш Одгурміш.



8.

А:Иүгінеки. «Хибатул –Хақайық»

(«Ақиқат сыйы»)



«Ақиқат сыйы»- дидактикалық сарында жазылған шығарма.Компазициялық құрылысы, идеялық мазмұны. Қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез- құлық,әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы.Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен оның қажеттілігі»,

«білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тию әдептілік пен

тәртіптіліктің шарты екендігі туралы.


9.

А.Яссауи «Диуани хикмат»(«Да-

Налық кітабы»)



Дәуітұлы, М.Шафиғи,Б.Сағындықов,т.б.

«Диуани хикмат» -исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. «Даналық кітабы» адамзатты туыстыққа,бауырмалдыққа,ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің

қағида, шарттарын,Алланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикматтың» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу,ақиқатты іздеп табу,адамның рухани өмірінің таза болуы.


10.

Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы»

«Бақырғани кітабының» негізгі идеясы- сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке, адалдыққа,бауымалдыққа үндеу. Гуманистік ой-пікірді ислам діні қағидалары тұрғысынан баяндау. «Бақырғани кітабының» қазақша аударылуы (Б.Сағындықов).


11.

Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары»

Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы,халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар,өлең-жырлар жинағы.


12.

«Кодекс Куманикус

«Кодекс Куманикус –кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі,қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ. «Кодекс Куманикустің» (1303ж) екі бөлімнен тұратындығы.1-бөлім- латынша, парсыша, куманша сөздік.

«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі,Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.



13.

Хорезми «Мұхаббат –наме»

«Мұхаббат-наме» дастаны (1353ж)-Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі. «Махаббат-наменің» қолжазба нұсқалары. Көне ұйғыр жазуындағы және араб жазуындағы екі нұсқаның табылуы. «Махаббат-намені» зерттеуші, аударушы, бастырып шығарушы ғалымдар: Э.Н.Нәжіп, А:М:Щербак,С.Қасымов, В.Валиходжаев, Н.Маллаев,А.Қыраубаева туралы.

Дастан негізінен жігіттің 11 хатынан (намеден) тұратыны, қыздың жігітке жауап хаты берілмейтіні, жігіттің хаты арқылы-ақ қыздың махаббаты айқын бейнеленгені.




14.

Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны

Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастаны- азербайжанның ұлы ақыны Низамидың осы аттас поэмасының еркін аудармасы.Құтыбтың Низами поэмасын парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударғандығы.

Құтб аудармасының көркмдік ерекшеліктері. Низами поэмасында қала өмірінің,патша сарайындағы сән-салтанаттың, ал Құтб-тың дастанында мал бағумен тіршілік еткен көк майсалы дала көріністерінің көбірек бейнеленетіні.

«Хұсырау-Шырын» дастанының негізгі тақырыбы.


15.

Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки»

(«Түрік тіліндегі Гүлстан»)



«Түркі тіліндегі Гүлістанның»парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди-Ширазидың «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі

Гүлстанның» парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі

Гулистан» қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жариялануы. Э.Н.Нәжіп- «Гүлістан бит-түрки» қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы тюрколог-ғалым..Дастанның компазициялық құрылысы,тілі.


5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.. –А. 1986.

  2. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. – А. 1989

  3. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1993.

  4. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. – А., 199б.

  5. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. –А. 1986.

  6. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия.- А., 199 б.

  7. Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. –А., 1972.

  8. Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А., 1991

  9. Қоңыратбаев Т. Қазақ эпосы және түркология. –А., 1987.


Қосымша:

10. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.

11. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л, 1979.

12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.



13. Сүйіншіәлиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –А., 1989.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет