Әдістемесі кафедрасы қазіргі қазақ Әдеби тілі пәніненашы қ саба қ



бет2/5
Дата29.01.2018
өлшемі0,99 Mb.
#36135
түріСабақ
1   2   3   4   5

Келген - Жақып, көргенол.Турайтынмен де, жейтін - сен.Екі аразды табыстыратын да, айыратын да, - арадағы кісі (Ю.Майлин)

ә) Баяндауышы сын есімнен болған сөйлемде есімше бастауыш басқа заттың мағынасында жұмсалады (сұрағы – н е?, н е қ ы л ғ а н?, н е е т к е н?)



Қарауытқан қыста қызара бөртіп жылқыв баққан өызық та, қиын да (С.Бегалин). Берген ұят емес, алған ұят.

б) Көптік жалғаудағы есімшелер бастауыш болғанда, олар әр уақытта қимыл иесі – кісі - мағынасында жұмсалады



Егін ортындар әрі кетті де, астық таситындар қырман басында қалды.

в)Тәуелдік жалғауларда тұрып бастауыш болған есімшелер әр уақытта зат есім мағынасында жұмсалады (сұрағы – н е м?, н е ң?, н е с і?, н е қ ы л ғ а н?, н е е т к е н?)



Жазғаның маған ұнады.Айтқаным түсінікті ме?Оның келер-келмесі белгісіз

Басқа айтарым жоқ

Субстантивтеніп бастауыш болатын сөз табының бірі – с а н е с і м.Есептік сандар бастауыш қызметінде заттық мағынада, жас мағынада жұмсалады



25 үшке тең бөлінбейді.Онан төрті алсаң, алты қалады.25 маған тағы қайтып келді.Сәлемін алтын күннің айтып келді (Жамбыл).

Жинақтау, рттік сандар ол қызметте көюінесе кісі туралы айтылған есім болады:



Төр бөлмеден шыққан үшеу де ұзын столға ұзақ отырып, қалды.Үшеуіміз етекті белге қыстырып алып жүріп кеттік (Ә.Әбішев).

Жинақтау, есептік сан есімдер ІІІ жақтық тәуелдік жалғауда көбінесебөлшектеу, кейде жинақау мағынада бастауыш болады:



Үш көрпенің екеуі қонақ астында, үш жастыітың екеуі қонақ шынтағында.Ерлі бойлы екі адам бірі оны, бірі мұны істеп, екеуі де қонақ жабдығында жүр (Ғ.Мұстафин).Механиз бөлшектерінің тоқсан тоғызы дұрыс, бірі теріс болса, сол бір тоқсан тоғызды бөгейді (Ғ.Мұстафин).

Жалпы алғанда субстантивтенген бастауыштар мақалды-мәтелді сөйлемдерде көбірек кездеседі де, сөйлем арқылы айтылатын ойды ықшамды етуде үлкен қызмет атқарады.


Күрделі және үйірлі бастауыштар
Бастауыштар да жеке сөзді – д а р а (жалаң), көп сөзден құралған күрделі не үйірлі жіне басқа сөйлем мүшелері сияқты біріңғай болады:

Жаз келер қысты күнгі қысым өтіп,

Қар, суық, аяз, боран – бәрі кетіп (Шәкәрім).

Әлденеше сөз күрделі бастауыш болу үшін, олар өзара синтаксистік байланыста болулары керек те, сөйлемнің баяндауышы сол сөз тіркесіндегі сөздерен байланысқан болуы керек.



1.Самат екеуіміз қырманға бардық.2.Ертең канал қазу жұмысы басталады (С.Мұқанов).3.Бұл өзеннің басы өмрі малдан арррылған емес.

Жұл мысалдарда күрделі бастауыштардың түрлері берілген.

1- мысалдағы сөйлемнің бастауышы – Самат екеуіміз – екі сөзден құралған.Бөлек алғанда, ол сөздердің жеке-жеке лексикалық мағыналары болғанмен, олар – сол тіркесте сөйлемнің бір-ақ күрделі бастауыштары, оларды баянауыштармен байланыса қарап та аңғаруға болады.Тіркескен екі есім (бастауыш) І жақтық көптік мағынада болғандықтан, баяндауыш та сол грамматик мағынада, І жақтық ұлғада (бардық) айтылған.

2 –сөйлемдегі канал қазу жұмысы деген сөздер – белгілі мағыналық, ұлғалықтұастығы бар күрделі бастауыш мағыналық.Сондай тұастық 3- сөйлемнің екі сөзден құралған бастауышында да бар.өзеннің басы дегнен күрделі бастауыш ілік септіктегі за есім мен көмекші есімнің тіркесінен жасалған.

Жоғарыдағыдайц күрделі бастауышболатын сөз тіркестерінің құрылысы, негізінде былай болады.

1) Ілік септіктің жасырын түріндегі сөз бен үшінші жақтың тәуелдәк жалғаулы сөздер тіркесіп, күрделі бастауыш жасалады.



Милисия бастығы үйге кірді.Кедейлер тобы Есім айналасында.Жапон елі жер жүзінде ең еңбекқор мемлекет. Колхоз маңы - толған халық.(Мақал).

Қазақ тілінде ілік жалғаудың ашық түрі мен «жасырын»түрінің сөщге қосатын мағынасы, сондай-ақ өзімен байланысып тұрған тіуелдік жалғауындағы сөздерге қатысы бірдей емес:ілік жалғауы жалғанбай «тасаланып» тұрған сөздің меншіктілігін мағынасы күңгіртенеді де, сөз тіркесі тұасып, бір к.рделі мүше ретінде жұмсалады, сол себептен кейде солай тіркескен екі сөз бір заттың аты болып та айтылады( мысалы, Арал теңізі, Үкімет үйі; Абай көшесі,т.б.)Ілік септігіндегі есімдер тағы мынадай сөздермен тіркескенде, күрделі бастауыш болады:

а) Тәуелді көмекші есімдермен (қасы, жаны, алды, арты, маңы, іші, бойы,т.б.) Колхоз маңы ығы-жығы.Үйдің іші су сепкендей болды.Ауылдың жаны – терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп (Абай).

ә) Тәуелдеулі өздік есімдікпен менің өзім, сенің өзің, оның өзі, олардың өздері мұндай тіркестің ілік септіктегі есімдіктері атау күйінде де айтылады.



Мен өзім кінәлімін (З.Шашкин). – сен өзің ұрысқақ бала екенсің! Сен өзің ектің бе, Оразжан?..Дәмештің өзі де тап Ораздай құрыш құя алмайды(З.Шашкин).

2)Бастауыш құрамында екеуіміз, үшеуіміз, дегеніміз, деген сөздері айтылып күрделі бастауыш жасалады.



Сен екеуіміз өлмейтін әке тауып алғанымыз жоқ па?(С.Ерубаев).Дүйсен екеуіміз жүріп келкміз.Идея дегеніміз – шығармадағы негізгі ой(«Оқу кітабы»).

Негізгі жіне көмекші етістіктер(субстантивтенген), есімдер тобы күрделі бастауыш болады.



Менің айтып отырғаным – ақыл.Күле беру ұят болады.

3)Субсантивтенген күрделі сын есім, сан есім тобы күрделі бастауыш болады.

Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты.Жүйрік торы ойнақшып тұр екен.Бір жүз қырық алты үшке тең бөлінбейді.

4)Көп сөзденболған к ү р д е л і ж а л қ ы е с і м д е р күрделі бастауыш болады.



Аудандық оқу бөлімі жұмысқа қызу кірісті. Сауда министрлігі ауыл мен селодан жүздеген магазиндер ашты.Біріккен Ұлттар Ұйымы – дүние жүзі елдерінің бас қосып кеңес құратын жері.

К і с і а т ы, ф а м и л и я с ы , жолдас, азамат дегендей қосалқы айқындауыштар мен тіркесіп, күрделі бастауыш болады.



Жамалбек Тұрғынбаев жолдас баяндама жаса.Жұматаев азамат үлгілі іске қол ұрып отыр.

Ү й і р л і бастауыштар да көп сөзден құралады.Оның күрделіден айырмашылығы мынау.

Егер күрделінің құрамы түйдекті тіркес болса, үйірлі бастауыштардың құрамында бастауыш-баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы болады, мысалы.

Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар (мақал).Мен көрген бұл кісі емес.Баласы мерген өайсың?Баласы мерген – мен.
Баяндауыш

С ө з д е р д і ң т ү б і р к ү й і н д е б а я н д а у ы ш б о л у ы .Қай сөздің болса да сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субьектілік, предикаттық қатынастан көрінеді.Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе бастауышпен, қатар қойып айтқанда айқын болады.қара, керек сөздері сен малға қара, мысыққа ойын керек дегендей тіркесте айтқанда болмаса, олардың баяндауыш екендігі белгілі болмайды.Рас, бірқатар сөздердің атау, түбір күйінде маңындабасқа сөздер болмаса дабачндауыш қызметіндк екені айқын болатыны бар.Көтерінкі дауыспен Шық! Мақұл! Дұрыс!Масқара! дегенде, олар жеке тұрып-ақ баяндауыш қызметінде жұмсалуы мүкін.Бірақ ондайда олар сөйлемдік әуенмен айтылуға тиіс не маңында басқа сөздер болуы керек.

Сондай дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөздер – етістіктер.Олардың түбір күйінде баяндауыш бола кетуінің себебі олардың ІІ жақтық грамматикалық мағынаны да білдіруімен байланысты боллуы керек.Сондай сөздердің баяндауыш қызметінде жұсалуы олардың айтылу жағдайымен де байланысты.Жападан-жалғыз жайбарақаттанып отырған кісі қоңыр дауыспен өзіне-өзі шық, түс десе, сырттан кісі не айтып отырғанын түсінбес еді, айтып отырғаны қай шық, қай түс, - етстік мағынасындағы шық, түс пе не зат есім мағынасындағы шық, түс пе?Ал бір кісі екіншісіне есік жаққа бас изеп шық десе, не атты кісіге қарап жерде тұрған кісі түс десе, онда жоғарғы сөздердің баяндауыштық мағынасы айқын болады.Мен, рас деген сөздер жеке айтылса, баяндауыш болмас еді. Ал Мен шығарған кім? дегенде – Мен десе, осы айтып отырғаның рас па? Дегенде – Рас десе, олар толық мағыналы бастауыш болар еді.

Сөйтіп, жоғарғыдай жеке сөздердің өз алдына баяндауыштық қызметте тұруы олардың басқа сөздермен мағыналық байланыста айтылуынан болып отыр.

Есім сөздер де түбір күйінде, ешқандай баяндауыштықжалғау жалғанбай-ақ баяндауыш бола береді.Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыштар қатар айтылу керек.Сонда олардың сол қызмете жасалуына себеп болатын жағдай олардың сөйлемде белгіліорында тұруы болады.Жамал отызда.ол тәртіпті. Сапар – доктор, т.б.

Оның үсіне баяндауышбастауыштан дауыс ырғағы арқылы бөлініп, онымен қарсыласа қабаттасып келеді.Ондай амалмен баяндауыш болған сөздің де бастауышпен байланысы әрі мағыналық, әрі грамматикалық болады.Оларды бастауышсыз айтуға болмайды, бұл – бір,екіншіден, бастауыш көптік мағынада, көптік жалғауында айтылғанмен, оның есім бастауышы, П.М.Милиоранский айтқанындай еиес, көптік жалғауында тұрса да, тұрмаса да бастауышпен грамматикалық байланыста бола береді.Олар – оқушы.Олар – оқушылар.

Еістіктің кел, бер, ал, отыр сияқты түбір күйі де сол қалпында, жіктік жалғауынсыз-ақ, сөйлемдер тұрған орнына қарай бандауыш бола береді дедік.Бірақ олар ІІ жақтық мағынада айтылып қалыптасқандықтан, кейде бастауышсыз да жұмсалады, бастауышпен орын ауысып та айтылады.Кел балалар оқылық (Ы.Алтынсарин).Тыңда, дала Жамбылды(Жамбыл).

Түбір етістіктердің ішінде жақтық мағынасы екі түрлі болып келетіндері.тұр, отыр, жатыр, жүр.Бұлар осы қалпында дара тұрып ІІ жақтық та, ІІІ жақтық та баяндауыш болуы мүмкін.

Бірақ бұл етістіктер ондайда екі түрлі шақтық мағынада, екі түрлі синтаксистік байланыстажұмсалады.Олардың жақтық мағынасын сол өзгешеліктеріне қарап айтуға болады.

Сен орындыққа отыр (келер шақ).Ол орындықта отыр (осы шақ).Сен өз орныңда тұр (келер шақ).Ол орнында тұр (осы шақ).Сен өз орныңда жат (келер шақ).Ол өз орнында жатыр (осы шақ).

С ө з д е р д і ң г р а м м а т и к а л ы қ т ұ л ғ а л а р а р қ ы л ы б а я н д а у ы ш б о л у ы.Баяндауыштардың морфология – синтаксистік тұлғасы – ж і к т і к жалғаулары.Жіктік жалғаулар - әрі баяндауыштық тұлға, әрі бастауыш пен баяндауышты өзара байланыстыратын синтаксистік тұлға.Олар тек етістікке ғана емес, баяндауыш қызметіндегі І,ІІ жақтық есімдерге де жалғанады.Егер жіктік жалғаулар етістіктердің отыр, тұр, жүр, жатыр деген тқрт етістікпен басқаларіның түбіріне тікелей жалғанбай, көсемше, тұйық рай қосымшаларынан кейін ғана жалғанатын болса, есімдердің негізгі, уынды түбірлеріне де, тіпті, жатыс, шығыс септіктеріндегі сөздерге де жалғана береді.Мен қырықтамын.Біз бәріміз колхозданбыз.

Бұдан жіктік жалғаудың сөздерге жалғану мүмкіншілігі үлкен, синтаксистік қызметі әрі орнықты екенін әрі бастауыштық тұлғасын бастауыштан көруге мүмкіндік беретін грамматикалық форма екеін аңғарамыз.

Баяндауыш қызметі жіктік жалғаулардан болмағанмен, көбінесе баяндауыш болған сөзге жалғанатын қосымшаның бірі – дікі, -нікі, (ның-кі).Ол тұлғадағы есімдердің қазақ тіліндегі предикаттықмағынасы басқа түркі тлдеріндегідей болады.

ОЛ қосымша жалғанған баяндауыштар, жоғарыда айтылғандай, басқа затқа меншіктелмейді, басқа затты өзіне тәуелді етіп, өзі меншік иесі болады.Мысалы



Киіз кімдікі болса, білек соныкі (Мақал).

Айтқаныңыз келсе, Кертөбел сіздікі.

- Осынау үй кімдікі? – Кәрібайдікі.Әне біреу үй Құтжан дегендікі.(Ғ.Мұстафин).

- Нікі, -дікі қосымшасы жалғанған сөздердің баяндауыш болу амалы да оның сөйлемдегі орнымен байланысты.Солай болғандықтан ондай тұлғадағы баяндауыштар бастауыштардан соң тұрады, бастауышсыз айтылмайды.Өйткені ондай баяндауыштардың меншіктеп тұратын заттары сол сөйлемдердегі бастауыштар болады.

Сенің ұлың менікі,

Бақытты біздің жердікі,

Ер өмірі күнде той,

Ойқай, қызыұ заман ғой!

(Жамбыл).

Б а я н д а у ы ш т а р д ы ң н е г і з г і т ү р л е р і.Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады.Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты-басты негізгі екі салаға бөлінеді.

1.Етістік баяндауыштар. 2.Есім баяндауыштар. Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштар да дара күрделі және ол екі түрі аралас айтылған құрама болуы мүмкін.
Етістік баяндауыштар

Етістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі- баяндауыш болу. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдері баяндауыштарының дені – етістікті баяндауыштар. Айттым, болды. Кестім, үзілді!.. Тараңдар!.. Жүр (Ғ. Мүсірепов) дегендегідей олар дара күйінде – ақ баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді немесе Тереңге мені сал, биікке мені жұмса (Ғ. Мүсірепов) дегендегідей, өзіне басқа сөйлем мүшелерін ілестіре көп құрамды сөйлемнің жетекшісі болып та кездесе береді. Бұл жағынан етістік баяндауыштарға қарағанда тиянақты предикат қана емес, сөйлемдегі басқа мүшелердің діңгекі орталығы да болып, субъектінің қимылын, күйін, іс процесін білдіреді.

Етістіктердің сөйлемдегі басқа қызметінен гөріііііі баяндауыш қызметінде жұмсалуынан олардың өздеріне ән мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері айқын көрінеді. Мысалы, салт, сабақты етістіктердің баяндауыш болу амалы біірдей, бірақ олар қатысқан сөйлемнің құрамы бірдей емес. Мысалы:

Кәрі Каспий қара көзін ашты, жылы жүзбен Терекке амандасты (Абай). Амантайдың жүрегі аттай туладды... Ол түтііннің исі жерге жоламайды (С. Мұқанов).

Осы мысалдардағыдай, салт етістік баяндауыш болған сөйлемде тура толықтауыш болмайды (мысалы: ...амандасты,... тулады), ал сабақы етістікті онымен байланысты тура толықтауыш болуға тиіс (мысалы: көзін ашты).

Етістіктің сабақты және салт болуы да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде жұмсалуында дда ерекшелігі жоқ. Дегенмен солар арқылы болымды, болымсыз сөйлемдер жасалатындықтан, олардың баяндауыш болуын ерекше атау керек болады. Оның үстіне айпаймын, жазбаймын деген сияқты, ашық райлы болымсыз етістікті баяндауыштың кейде айтпан, жазбан болып айтылуында стильдік айырмашылық болады. Мысалы: бір істі істеуден үзілді – кесілді бас тартқанда, айтылған хабарға өкемдік сипат беру керек болғанда, соңғы формалар қолданылады. Бұл көбінесе ауыз әдебиетінде жиі ұшырасады:

Тәуекелге келгенде, алдымда тау тұрса да, тайынбан (Ғ. Мұстафин).Өлеңім – оқ, ол алдымда. Мен де жаудан шегінбен (Жамбыл).

Етістістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да баяндауыш бола береді.

Мен көрдім ұзын қайың құлағынан (Абай). Бізді ешкім таныстырмады, өзіміз танысайық (Ғ. Мұстафин). Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық (Ы. Алтынсарин)

Етістіктер етіс тұлғаларында да баяндауыш қызметінде жұмсалады:



Өнер – білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды (Ы. Алтынсарин). Қаптады қол, салынды жол, бұзылды тау, кесілді шөл (А. Тоқмағанбетов).Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып (Абай).

Көсемше тұлғалы етісіктер дара күйінде құрмалас сөйлемдердің бастауыштары болып келе береді. (Жаңбыр жауып, жер көгерді),бірақ кейбір өлеңде болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышы бола алмайды.

Есімшелердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: І,ІІ жақта баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, ІІІ жақта жіктік жалғау жалғанбайды.
Етісіктерден болған күрделі баяндауыштар

Күрделі етістікті баяндауыштың құрамы.Қазақ тілінде де әлденеше етістіктер түйдекті топ құрып, баяндауыш қызметінде жиі кездесетіні белгілі.Олардың көп құрамды болудағы баяндауыштық нгізгі қызметі – қимыл процесінің құбылмалы нәзік реңктрін білдіру.Әлденеше етістік бір күрделі бастауыш болғанда, оның біреуі ең негізгі болады да, қалғандары оған не біріне-бірі көмекші болады.

Қазақ тілінде көмекші еістіктер көп, олар аса жиі қолданылады: арнаулы көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктердің де бірталайы көмекші болып жұмсала береді.Олардың өзара көсемше, есімше тұлғалар арқылы байланысқан түйдекті тобының құрамы екі я үш, кейде төрт я бесетістікті болып та келеді.

Кітап оқып кетіп бара жатыр едім, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздадымдеген бір құрмалас сөйлемнің ішіндегі он бір сөздің кітап дегеннен басқалары – түгелімен етістіктер.Олардың алдынғы сөйлемдегі оқып кеіп бара жаыр едім деген бесеуі біріне-бірі ұласқан бір істіңжайын хабарлайтын бір мүше (баяндауыш)болып тұр.Екінші сөйлемде бес етістік бар.Оның алдынғы екеуі (сүрініп кетіп) пысықтауыш қызметінде де, соңғылары(жығылып қала жаздадым) баяндауыш қызметінде жмсалып тұр.Соңғы үш еістік аяқталмаған қимыл процесін білдіреді.Өйткені, оны жығылып қалдым, жығылдым дегенендерменсалыстырғанда, бұл мағына анық көрінеді: жығылдым – болған оқиғаны сол қалпында өткен факт ретінде ғана білдірсе, жығылып қалдым – қимылдың күйдің бұлай болуы ыңғылықты екенін, оның субъектінің еркінен тыс болған факт екенін білдіреді.Осыдан негізгі баяндауыштық мағына бірінші етістік жығылып екенін, қала етістігі оған көмекші екенін аңғаруға болады.Сол сияқты, аяғым тайып кете берді дегенде, тайып – негізгі, кете – оған көмекші ал екеуі қосып, тайып кетті десек, қимылдың аяқталғаны білінеді, ал тайып кете берді дегенде, олардың бұрынғы мағынасы құбылып, қимылдың бірнеше рет қайталанғаны білінеді.

Сөйтіп, қимыл процесінің құбылмалы болуы – көмекші еістіктерге байланысты.Кқмекші етістіктер тиянақсыз тұлғадағы негізгі етістіктермен тіркесіп, оның мағынасын я толықтырып, я тиянақтандырып тұрады.Ондай синтаксистік тіркесте баяндауыштық тұлғалар көбінесе ең соңғы көмекші етістіктерге жалғанады, көсемше, кейде есімше тұлғалы негізігі етістіктер сол көмекші етістіктер арқылы тиянақты қалыпқа түседі.Олай болуы түркі тілдерінің бәріне тән.

Күрделі баяндауыш құрамындағы етістіктердің қызмеі.Көмекші етісіктер жоғарғыдай синтаксистік тіркеске түсіп, баяндауыштың шақтық, тұпаттық (видтік), модальдық, т.б.мағынасын түрлендіріп, кейде бір қалыптан екінші қалыпқа түседі.Ондайда кез келген етістік қатар қойылып, оның алдынғысы негізгі, соңғысы көмекші қызметте жұмсала берілмейді, олардың біріне-бірі үйлес келетін, бірін-бірі толықтыратын, кейде біріне екіншісінің мағынасына қарсы келетін етістіктерден құралып, синтаксистік бірлік жасалады.Проф.В.Насилов су ағып тұр деген сияқты тіркестегі етістіктерге талдау жасай келіп,ағып етістігінің динамиканы білдіретіннін, тұр етістігінің статиканы білдіреінін, сөйтіп ол екеуі тұтасып үздіксіз болып жатқан қимыл әрекетін білдіретінін көрсетеді.

Басқа түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ ілінде де күрделі етістіктердің құрамы алуан-алуан болады: кейде жоғарғындай бір динамикалық мағынадағы етістіктер немесе екеуі де статикалықне динамикалықмағынадағы етістіктер болады: кейде оданда басқа қимылды, күйді білдіретін етістіктер тіркесіп, күрделі баяндауыш болады.Соған лайық, олардың екінші компонентерінің негізгі етістіктерге қосатын мағыналары да әр түрлі болады.Оны аңғару үшін бір тұлғадағы негізг етістіктерге түрлі-түлі көмекші етісіктерді іркестіріп, салыстырып байқайық:



бере баста, бере түс, бере сал;

тұра тұр, тұра бер, тұра қал;

шыға тұр, шыға баста(ды), шыға қойма(ды), шыға келді;

кіріп келді, кіріп алды, кіріп жатыр, кіріп болды, кіріп қойды;

жазып бер, жазып ал, жазып таста(ды), жазып көр.

Негізгі етістікр мен көмекші етістіктер түйдекті топ құрып күрделі баяндауыш болғанда, субъектінің қимыл процесінің әр түрлі құбылыстарын, мысалы: істің, қимылдың біткенін, бітпегенін, олардың қарқынын, тыңғылықтығын, тыңғылықсыздығын, бастау, аяқталу кезеңдерін білдіреді.Мысалы, Оқушылар клубқа кіріп жатыр дегенде, бастауыш жаңа ғана басталған қимыл процесінің ұласпалы қалпын білдіреді.Ол жүріп келді дегенде, баяндауыш бастауыштың аяқталмаған әрекетін білдіреді.Ондайдың әлі де көпке созылғандығын білдіру үшін қазақ тілінде баяндауыш қайталанып айтылады:



Жапан далада жан-жағына алаңдап жалғыз әйел жортып барады, жортып барады.Кең далада жалғыз адам жүріп келеді, жүріп келеді.Өзгеше бір күй кең даланы күңірене шайқай береді, шайқай береді.(Ғ.Мұстафин) Зытып келеді екем, зытып келеді екем.Нанды жалмаған тарақандардай-ақ жалмай береді, жалмай береді(М.Горький).

Баяндауыштардың осылайша қайталанып айтылуы арқылы да қимылдың созылыңқылығын білдіруі – күрделі етістік баяндауыштардың жұмсалуындағы стильдік ерекшеліктің бірі.Бұлай айтудың тағы бір қызметі бар.Ол – бастауыш арқылы айтылған ойды бекеидей, нығыздай түсу;



Ол қыз – Ботакөз десе – бота көз(С.Мұқанов). Ешкімнің ақылының керегі жоқ.Барамын деген соң – барамын (Б.Майлин).Барса барсын!Барсаң бар! – деді Павел (М.Горький).

Дәл осы сияқты болғанымен ,істің, қимылдың созылыңқы не дем арасында орындалғанын білдіру үшін, кейде негізгі етістіктер тиянақты тұлғада айтылып, одан кейін тұратын көмекші етістіктерден бұрын да/де демеулігі айтылады: Ол сөйлейді де отырады. Сен күні бойы үйде отырасың да қоясың; үйге кірдім де шықтым; жұдырықпен қойды да жіберді. Тұнжыраған қарақаттай екі көзі жаутаңдап мөлдірейді де тұрады. Әп – сәтте Амантай тобы солдаттарға араласты да кетті (С. Мұқанов)

Негізгі етістіктерді қос сөз ретінде қосарлап айту арқылы да қимылға созыңқылық өң береді.

Екеуі бізді көріп қалды да , атып – атып жіберді ( Ә.Әбішов). Майбасар Байсүгірді қамшымен тартып – тартып жіберді. Есігі дамыл таппай ашылып – жабылып жатыр екен (М. Әуезов).
Есім баяндауыштар

Есім баяндауышты сөйлемдер Европа тілдерінде көмекші етістік (связка) арқылы жасалады.Мысалы, Бұл кітап дегенді неміс тіліндe Das ist ein Buchgen ist дәнекерін қосып айтады.Орыс тілінде де ондай есімді сөйлемдер көбінесе есть связкасы арқылы айтылады.Сол тілдердің грамматикаларының есть связкасы арқылы айтылады.Сол ілдердің грамматикаларының ізімен еңбек жазған түркологтардың бір қатары «баяндауыш» деген ұғымды «етістік» деген ұғыммен байланыста қарайды да, жалаң есімдердің баяндауыш болуын онша ескермейді.

Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болсада баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес.Сонымен қатар есімді сөйлемдердің қазақ ілінің өзіне тән ерекшкліктері де бар.Оларды басқа тілдердің, мысалы, орыс тілінің фактілерімен салыстырғанда дұрыс түсінуге болады.

Мен студентпін – Я есть студент.Бұл сөйлемдердің сыртқы тұлғалық белгілеріне қарасақ та, сөйлемге бас мүшелердің өзара байланысу амалдарына қарасақ та, елеулі айырмашылығы барлығы байқалады.Егер мен студентпін дегенді Я студент деп аударсақ, ондағы айырмашылық баяндауышқа қазақшада жіктік жалғаудың жалғауында ғана емес, сол арқылы баяндауыштың баяндауыштық мүшелі дербесігі сақталып, сөйлемдік құрылысының берік болуында.Сондықтан қазақша Ол- оқушы дегендегі баяндауышты бастауышсыз айтуға болмайды, ал оқушымын, студентпін деп сөйлемді бір құрамды етіп айта бере аламыз.Сонда сөйлем құрылыс жағынан ықшамдылық қасиетке ие болады.Бұл – қазақ тілінің артықшалығы емес, өзгешелігі.

Осы мысалдағы , «Наверняка буду учеником» деген ұғымды «Оқушы болатын болдым» деп айтқанымыз мұнымен бір емес.Соңғыдағы негізгі предикаттық мағынаны білдіретін сөз – оққушы, одан кейін тұрған көмекшіетістіктер предикатық ұғымға келер шақтық мағына қосудың аналитикалық амалы ретінде жұмсалған.Оны «Оқушы болдым» дегенмен салыстырсақ, екеуінің арасында елеулі шақтық айырмашылық байқалады.

Ал есім баяндауыштардан кейін тұратын көмекші етістктер баяндауышқа ондай тек шақтық мағына қосып қана қоймайды, сөйлемнің тұлғасын түрлендіретін де қызметте жұмсалады.

Сондықтан Мен оқушымын, Сен оқушысың, Ол – оқушы дегендерді таза есімді сөйлем деп қарасақ, Мен оқушы едім, Мен оқушы болатын болдым.Сен оқушы болатын болдың дегендерді есімді және етістікті сөйлемдердің екі арасынан орын алатын, бірақ есімді сөйлем болу қасиеті басым, жай сөйлемнің ерекше бір есім-етістікті құрама баяндауышты түрі деп қараймыз.



Мен де осы мектептің оқушысымын деген сөйлемді де есімді деп танып жүреміз.Бірақ оның жоғарғы сөйлемдерге қарағанда тұлғалық та, мағыналық та ерекшелігі бар.Оны орысшаласақ, Я тоже ученик этой школы дер едік.Соңғыда баяндауыш – ученик.Қазақшада баяндауыш – мектептің оқушысымын.Бұл екі сөз – басқа жағдайда юір-бірінен айыруға болатын, бірінсіз-бірі айтыла беретін изафеттік құрылыстағы сөздер.Бірақ бұл арада олар предикаттық бір ізбек болып, бірі екіншісіне меншіктеліп баяндауыш қызметінде айылған.Мұндай есімдер тіркесінен болған баяндауыштарды күрделі есім баяндауыштар дейміз.

Қазақ тілінде зат есімді, сол сияқты басқа есімдерді, түбір күйінде баяндауыш қызметінде қолдану үшін, бастауыш пен баяндауыш белгілі орында тұрады:баяндауыш бастауыштан кейін тұруы керек:Ол – студент, Рабиға – инжинер, Абай – ақын, т.б.Бірақ ондайда қатар айтылған тұрлаулы мүшелерді өзара байланыстырып, олардың мүшелік қызметін айқындауға себеп болатын – дауыс ырғағы.

Бұл айтылғандар – есімдердің ІІІ жақта тұрып баяндауыш болуының шарттары.Ал, І,ІІ жақта (баяндауыштық) жалғаулар жалғанады.Ондайда есімдерден болған баяндауыштарға тиісті жіктік есімдерді баяндауыш етуге дауыс ырғағының көмекшілік қатысы болмайды және бастауыш пен баяндауыштың әр уақытта қатар тұруы да шарт емес.


Каталог: shaxsiyreja


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет