Байланысты: 12 Жаксылыков Асылбек Сабитович ВОЛЕЙБОЛ 33333 Word
үшін арнайы жаттығулар: 1. Шеңбермен жүгіру, тәлімгер белгісінен кейін еңкейе арқамен аунай, не жамбастан – арқаға аунай құлауды орындау.
2. Сол сияқты, бірақ жанынан құлаған соң.
3. Жаттығушылар тізбекке түзеледі (қашықтық, интервал 3-4 м.). Оқытушыға қарап қалыпты жағдай ұстайды.
«Оң қолды жаныңа» деген оқытушының белгісімен солға жылжиды, «Сол қолды жаныңа» деген белгімен оңға жылжиды, «Сол қол төмен»- арқаға аунай құлау не сүріну, «Оң қол төмен»- жамбас – арқаға аунай құлау не сүріну.
Осындай жаттығуларды бірнеше рет қайталаған соң ғана, допты арқаға не жамбас- арқаға аунай құлап қос қолдап жоғарыдан қабылдауға өтуге болады. Типтік жаттығулар:
1. Жаттығушылар жұппен бір-біріне қарсы тұрады. Біреуі төменшіктеп допты қос қолдап жоғарылата біреуге дайындалып тұрады, екіншісі допты лақтырады. Бірінші ойыншы серіктесіне допты құлап не аунай жібереді.
2. Ойыншылардың орналасуы дәл солай. Біреуі орта қалыпты күйде болса, екіншісі төменгі қалыпты күйде болады. Бұл допты біреуге жамбастан – арқаға аунай беру үшін керек.
3. Ойыншылардың тұрысы сол қалыпта. Біреуі допты жеткізбей немесе жанына қарай лақтырады.
Допты лақтыру биіктігін, ұщу жылдамдығын, бағытын өзгерте отырып, жаттығуды орындау шарттарын қиындата түседі. Сонымен бірге допты жоғарыдан құлай қабылдауды жетік меңгереді.
Көкірекке аунай құлауды мүшеленген әдіспен үйрету керек. Ең алдымен жаттығушылар көкірекке аунауды үйренеді, сол үшін мына жаттығулар ұсынылады:
1. Жаттығушылар көкіректеп жатып команда бойынша қолдарын жан-жағына шығарады. Дененің бел жағы мен көкірек тұсы бүгіледі, тізесі бүгілген аяғын артқа жіберіп, тербеліс жасайды.
2. Ойыншы қолдарын тіреп жатып, серіктесі оны балтырынан ұстайды. Жаттығушы жата қолын бүге тіреліп, етпетіне аунайды.
3. Төмендеп құлаудан бір қадамнан ойнаушы бір аяғына тіреле етпетіне аунайды.
Етпетіне аунауды меңгерген соң бір қолымен құлай допты қабылдауды үйренуге көшеді. Типтік жаттығулар:
1. Жаттығушылар бір-біріне қарсы жұппен тұрады. Біреуі төменшектеліп тұрады. Серіктесі допты алдына қарай лақтырады, ол алдыңғысы етбетінен құлай , алақанның сыртымен допты соғады.
2. Орналасу дәл солай. Серіктесі допты алдына қарай лақтырады. Ал екіншісі, қадам жасай еңкейіңкіреп, допты ұрып, артқы аяғымен итеріле, етбетіне аунауды жасайды.
3. Серіктесі бағыттарды өзгерте, допты тастайды, ойыншыны ескертеді. Басқасы допқа етбетіне домалай допқа шығады.
Лақтыру биіктігін, жылдамдықты, бағытты өзгерте отырып, жаттығуды орындау шарттарын күрделендіре түседі. Бұл допты астынан етбетіне аунай қабылдауды жетік меңгеруге көмектеседі.
Допты құлай қағып алуда жиі кездесетін қателіктер:
ойыншы допқа жете алмай қалады;
шалқасынан құлау кезінде денені толық жіктей алмау;