Байланысты: 12 Жаксылыков Асылбек Сабитович ВОЛЕЙБОЛ 33333 Word
Допты қабылдау мен бір-біріне беру тәсілдерін жетілдіруге арналған жаттығулар: 1. Ойыншы еденге допты ұрып, екі қолмен астынан қабылдай, үстінен екі қолмен береді. Бұл жаттығудың қиын жері дәлдеп, екі қолмен жоғарылата бұру тәсілі.
2. Ойыншылар жұппен әртүрлі қашықтықта бір-біріне қарсы орналасады. Допты төменнен қабылдағаннан кейінгі бір-біріне беру тәсілі беткі сызықтан бағытталуы үшін, торға перпендикуляр орналасқан жөн. Бұл ойын кезеңдеріне көп сәйкес келеді.
3. Екі ойыншы беткі сызыққа орналасады. 1-ші ойыншы допты қолға ұрып, өз үстінен жылжи отырып немесе екі қолмен астынан беріп орындайды. 2-ші ойыншы жылжығаннан кейін 4-ші немесе 2-ші аймаққа екі қолмен жоғарылата допты береді.
4. Ойыншылар жұппен тордың қасына сызыққа қарсы қарай орналасады. 1-ші ойыншы допты еденге соғады, сондай-ақ доп ұшқанда тордан 7-8 м.-ге дейін бару керек. 2-ші ойыншы доптың астына қарай жылжиды және екі қолдап астынан допты үстіне беруді орындайды, бір айналып екі қолдап допты жоғарылата тордағы 1-ші ойыншыға қайтарады. 1-ші ойыншы 2-ші ойыншыға бағытталған шабуылдаушы соққыны жүзеге асырады. Ал 2-ші ойыншы допты астынан не үстінен екі қолмен қабылдайды.
5. Ойыншылар үштен орналасады. 1-ші, 2-ші ойыншылар тордың қасында тұрады, 3-ші сызық бойында. 1-ші ойыншы 3-ші ойыншыға қарай бағытталған шабуылдаушы соққы жібереді, ал ол екі қолмен астынан қабылдап, 2-ші ойыншыға қарай бағыттайды. 2-ші ойыншы жоғарылата қос қолдап соққы беріп, 3-ші ойыншыға бағыттайды. 3-ші ойыншы екі қолдап жоғарылата 1-ші ойыншыға бағыттайды т.с.с. Бұл жаттығуда әрбір ойыншының атқаратын қызметі бар: 1 – шабуылдаушы, 2 – допты беруші, 3 – қорғаушы. Жаттығуды үздіксіз жасап, орындарын тек қана оқытушының әмірімен ғана ауыстырады.
Допты қағып алуға және бір-біріне беруге бағытталған жаттығуларды орындау барысында сол немесе басқа әдіске зейін қоя білу керек.