Әдісті оқып білу және оны жетілдіру Жылжу әдісі


Шабуылдаушы соққыларды жетілдіруге арналған жаттығулар



бет16/18
Дата07.02.2022
өлшемі40,18 Kb.
#87401
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
12 Жаксылыков Асылбек Сабитович ВОЛЕЙБОЛ 33333 Word

Шабуылдаушы соққыларды жетілдіруге арналған жаттығулар:
1. өз тастауыңмен орындалатын соққы. Әртүрлі аймақтан, әртүрлі бағытта орындалады.
2. Допты бір-біріне берудің ұзын тізбегімен орындалатын шабуылдаушы соққы: 4-ші аймақтан 2-ші аймаққа берілуі; 2-шіден 4-шіге берілуі.
3. Қысқартылған допты бір-біріне беруден орындалатын шабуылдаушы соққы: 4-шіден 4-шіге, 3-шіден 3-шіге, 2-шіден 2-шіге.
4. Алаңның ең түбінен орындалатын шабуылдаушы соққылар: 4-шіден бір-біріне беру арқылы 6-шыға, 2-шіден бір-біріне беру арқылы 6-шыға т.с.с.
5. Жылдам және өте жылдамдатылған допты бір-біріне беруден шабуылдаушы соққы. ұзын және қысқа.
6. Тордан алыста допты бір-біріне беруден шабуылдаушы соққы: 1, 5, 6-шы аймақтан тордан бір-біріне допты беруден.
7. Дененің ауысуымен солға, оңға қарай орындалатын шабуылдаушы соққылар.
8. Алаңның анықталған аймағына қарай қолды солға, оңға ауыстыра жасалатын шабуылдаушы соққылар.
9. Тастаудан немесе допты алғашқы бір-біріне беруден орындалатын шабуылдаушы соққы.
10. Көршілес аймаққа жылжи орындалатын шабуылдаушы соққылар.
11. Шабуылдаушы соққылардың топпен орындалуы (10-15), бұл барынша жылдамдықпен орналасады.
12. Жалғыз немесе топтасқан тосқауылдарға қарсы орындалатын шабуылдаушы соққылар. Белгілі бір кезеңде шабуылдаушы соққыны міндетті түрде қарсыласымен меңгереді. Бұл ойын шартына жақын.
13. Секіруден, қысқа кесуден, тосқауылдан т.с.с. кейін орындалатын шабуылдаушы соққылар. Мұндай типтегі жаттығулар ойынша шабуылдаушы соққыны пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Шабуылдаушы соққыны оқыту процесі мен оны кемелдендіруде, жаттығушы оның барлық әдіс-тәсілін, нұсқасын меңгеріп, кез-келген қолымен әртүрлі қалыпта, әртүрлі шартта орындауы тиіс.


Тосқауыл қою
Бұл әдістік амалды үйрену жалғыз, қимылдамайтын тосқауылдан бастап, жылжымалы түріне өтеді. Бұл үшін әртүрлі әдісті пайдаланған дұрыс. Ең алдымен тордың жақындағы секіруді үйрену қажет, содан соң қолды тордан шығарып қоюды, ары қарай жылжуды меңгереді. Жаттығушыларға шабуылдаушы ойыншының қимылына мұқият болу дағдысын қалыптастыру қажет. Бұдан басқа, қажетті нәрсе, бұл ойыншылардың қай жерде және қай уақытта тосқауыл қою керек екенін анық білуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет