Байланысты: 12 Жаксылыков Асылбек Сабитович ВОЛЕЙБОЛ 33333 Word
Мысал жаттығулар: 1. Жаулаушы соққыға еліктеу. Міндетті түрде дене мүшелерінің жұмыстарының дұрыс бірізділігіне және оның үйлесімділігіне назар бөлу қажет.
2. Сол сияқты, тордың қасында 4, 2, 2 аймақта. Бұл жерде қадағалайтын нәрсе серпілу мен жерге түсу.
3. Ойыншылар бір-біреуден 4, 3, 2 аймаққа сапқа тұрады. Тәлімгердің белгісімен ойыншы жүгіріп келіп секіреді, теннис добын тордың арғы жағына шабуылдаушы соққымен лақтырады.
4. Тордың астына ілінген доп пен шабуылдаушы соққы жасайды. Мұнда дененің бірізді және үйлесімді жұмыс жасауына оңайлатылған шарттар жасалады.
5. Ойыншылар жұппен орналасады. Біреуі, ойыншының ұратын қолының жағына қарай орналасып, допты жоғары лақтырады, серіктесі одан 2-3 м. Қашықтықта орналасады, жүгіре жаулаушы соққы береді.
Бұл жаттығуды қабырғаға да жасауға болады.
6. Тура сол тұрыс, 1-ші ойыншы допты лақтыратын тордың жанында тұрады. 2-ші ойыншы жүгіріп кеп, шабуылдаушы соққы береді.
7. Ойыншылар 5-ші жаттығудағыдай орналасқан. Лақтырудың орнына допты қос қолмен жоғарылата береді, ал серіктесі осы беруден шабуылдауышы соққы береді.
8. Ойыншылар доптарымен 4-ші аймаққа біреуден сапқа тұрады, біреуі 3-ші аймақта тұрады. 4-ші аймақтан допты 3-ші аймаққа береді, 3-ші зонадағы ойыншы 4-ші аймаққа допты соғуға допты береді, 4-ші аймақтағы ойыншы жүгіріп шабуылдаушы соққы жасайды.
4-ші аймақтағы соққыны меңгергеннен соң, 2-ші аймақтан жіберілген 3-ші аймақтағы шабуылдаушы соққыны үйренуге болады. Содан соң 2-ші аймақтағы шабуылдаушы соққыны меңгереді. Соққы кезеңнен байқайтын нәрсе, допты беруді ең әлсіз қол жасайды. Сондықтан соққыны орындау сәл спецификалы болады.
Шабуылдаушы соққыны орындауда кететін қарапайым қателіктер (алғашқы оқытуларда):
Қозғалыс құрылымымен танысқаннан кейін, оны кемелдендіруге өтуге болады. Бұл үшін шабуылдаушы соққылардың ең қиын түрлерін меңгеріп, жаттығудың күрделі түрлеріне өтіп, оларды орындау керек.