Эфир майлы дақылдарға жалпы сипаттама



бет12/15
Дата03.09.2023
өлшемі252,55 Kb.
#180094
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дәріс 10

Өсіру технологиясы.Ауыспалы егістегі орны. Егістік дақылдардан жоғары және тұрақты өнім жинауды тек қана ғылыми негіздегі ауыспалы егісті дұрыс пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Д.С. Васильев, Н.Г. Потеха (1986) пікірлерінше, жаздық және күздік астық дақылдары, дәндік және сүрлемдік жүгері мақсарыға жақсы алғы дақыл болып табылады. Я.Н. Момот (1956) тәжірибе деректеріне сүйене отыра, мақсары оңтүстіктің ыстығына және қуаңшылығына төзімді дақыл болғандықтан алғы егіс таңдамайды деп есептейді, сондықтан оны әртүрлі алғы дақылдардан кейін орналасыра беруге болады. Алайда, ауыспалы егісте астық дақылдарынан кейін өсіру тиімді, кейбір жағдайда монодақыл есебінде бір орында бірнеше жыл өсірілуі мүмкін. Ван Жау Му (1993) ұйғарымынша, мақсарыға жақсы алғы дақылдар – бұршақ, картоп, жүгері және бидай. Мақсарының өзі де астық дақылдарына жақсы алғы егіс болып саналады.
Тыңайтқыш.Мақсары танаптарына қолданылатын тыңайтқыштар жүйесі сүдігерге сіңірілетін негізгі тыңайтқыштардан, тұқыммен бірге берілетін және үстеп қоректендіруден тұрады.
Мақсары танаптарына органо- минералды тыңайтқыштар беру өнімділікті және тұқымша сапасын жақсартады. Ван Жау Му (1993) ҚХР жағдайында мақсары танаптарына 30 т/га көң шашуды ұсынған, көптеген зерттеушілер мақсары егісіне 40-60 кг мөлшерінде азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын беруді ұсынады. Кейбір ізденушілер пікірінше, минералды тыңайтқыштарды негізгі тыңайтқыш ретінде беруден гөрі, үстеп қоректендіру пайдалы деген тұжырымға келеді.
Республиканың ылғалмен қамтамасыз етілген аудандарында мақсары танаптарына азот 40-60 кг, фосфор – 60кг және 30кг мөлшерінде калий тыңайтқышын беру өнімділікті және дән майлылығын көтеруге әсерін тигізеді. Фосфордың жарты мөлшері мен калий толықтай сүдігер жыртар алдында азот пен фосфор тұқыммен бірге, қалған мөлшерді бірінші культивациямен бірге енгізеді.
Топырақ өңдеу жүйесі. Мақсары танаптарында жүргізілетін негізгі топырақ өңдеу жүйесіне аңызды сыдыра жырту және күздік сүдігер тарту жатады. Республиканың оңтүстінде масақты астық дақылдарын жинап алғаннан кейін күзде танап 6-8 см тереңдікке сыдыра жыртылып, содан кейін 1-2 аптадан соң 20-22 см тереңдікке соқамен аударылып жыртылады.
Қытай Халық Республикасының Қазақстанмен шектес аймақтарында мақсары танаптары күзде 25-27 см тереңдікке жыртылады, себебі өсімдіктің тамыр жүйесі тереңге бойлайды. (Ван Жау Му, 1993).
Ерте көктемде сүдігер тырмаланып, қажетінше 1-2 рет культивацияланады. Себер алдындағы культивацияға дейін арамшөптерге тқарсы топырақ гербициді бүріккіш құралмен бүркіліп (ПОУ) іле тырмамен жабылады. Көпжылдық және біржылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы торфи (2,0-2,5 л/га), трефлан (4-10 л/га), астық тұқымдас арамшөптермен күресу үшін фюзилад супер (1-2 кг/га біржылдық және 2-4 кг/га көпжылдық арамшөптерге қарсы) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет