Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы
"Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 15 тамыз N 254-256
Ескерту. Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 68-баптан қараңыз.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.