Егемен Қазақстан



бет2/23
Дата08.02.2022
өлшемі79,43 Kb.
#123200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Бiлiм туралы

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнктура - әскери оқу орындарында жоғары бiлiктi ғылыми-педагогтiк кадрлар даярлау нысаны;
2) академия - мамандықтардың бiр-екi топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын, ғылыми-зерттеу қызметiн және педагогтiк қызметтi, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;
3) атаулы стипендия - тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өмiрiне белсене қатысатын неғұрлым қабiлеттi бiлiм алушыларды көтермелеу үшiн жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
4) бакалавр - жоғары бiлiм берудiң тиiстi бiлiм беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже;
5) бейiн алды даярлық - бiлiм алушының жеке бiлiм беру траекториясының негiзгi орта бiлiм берудi таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;
6) бейiндi оқыту - бiлiм алушылардың мүдделерiн, бейiмдiлiгi мен қабiлеттерiн ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесi, бiлiм беру процесiн ұйымдастыру;
7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк оқу орындарында күндiзгi оқыту нысанында оқуы және мемлекеттiк ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындары ғылыми қызметкерлерiнiң әлемнiң жетекшi жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында тағылымдамадан өтуi үшiн тағайындайтын стипендиясы;
8) бiлiм алушыларды аралық аттестаттау - бiлiм алушылардың бiр оқу пәнiн оны зерделеп бiтiргеннен кейiнгi бiр бөлiгiнiң немесе бүкiл көлемiнiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
9) бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау - тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартында көзделген оқу пәндерiнiң көлемiн олардың меңгеру дәрежесiн айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
10) бiлiм беру гранты - кәсiптiк бiлiм алуға төлеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген шарттармен бiлiм алушыға берiлетiн ақшаның нысаналы сомасы;
11) бiлiм беру қызметi - бiлiм беру субъектiлерiнiң мақсатты, педагогтiк негiзделген, дәйектi өзара iс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мiндеттерi шешiлетiн процесс;
12) бiлiм беру мониторингi - бiлiм беру процестерiн жүзеге асырудың жай-күйiн және нәтижелерi мен шарттары өзгеруiнiң серпiнiн, бiлiм алушылар контингентiн, бiлiм беру ұйымдары желiсiн жүйелi түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
13) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган - бiлiм беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
14) бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi - бiлiм беру
сапасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн белгiлеудiң институционалдық құрылымдары, рәсiмдерi, нысандары мен әдiстерiнiң жиынтығы;
15) бiлiм беру туралы құжаттарды нострификациялау – басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған адамдарға берiлген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
16) бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу - бiлiм беру қызметтерiнiң сапасы туралы объективтi ақпарат беру және оны жетiлдiрудiң тиiмдi тетiктерiнiң бар екенiн растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкестiгiн тану рәсiмi;
17) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттау - бiлiм беру ұйымдары көрсететiн бiлiм беру қызметтерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптарына сәйкестiгiн бақылау мақсатымен жүргiзiлетiн рәсiм;
18) гимназия - бiлiм алушылардың бейiмдiлiгi мен қабiлетiне сәйкес бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң гуманитарлық бейiндерi бойынша жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
19) докторантура - жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда
бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлау нысаны;
20) доцент, профессор: тиiстi жоғары оқу орны беретiн академиялық атақтар;
жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымының өтiнiшi бойынша бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн ғылыми атақтар;
21) жалпы бiлiм беретiн мектеп - бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
22) инновациялық - бiлiм беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндiрiс саласында жұмыс iстейтiн басқа да заңды тұлғалар iргелi, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негiзiнде жоғары бiлiктi мамандар даярлау үшiн зияткерлiк, қаржылық және өзге де ресурстарды бiрiктiретiн, бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiндегi ерiктi тең құқықты бiрлестiк;
23) инновациялық университет - инновациялық қызметтiң толық
циклiн, iргелi және iздестiру зерттеулерiн, қолданбалы зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердi жүргiзудi және өндiрiске ғылыми зерттеулер нәтижелерiн енгiзудi iске асыруға қабiлеттi ғылыми-бiлiм беру кешенi;
24) интеграцияланған бiлiм беретiн оқу бағдарламалары - бiлiм беру деңгейi мен мазмұнының үздiксiздiгiн және сабақтастығын ескере отырып әзiрленген бiлiм беретiн оқу бағдарламалары;
25) институт - мамандықтардың бiр-екi топтары бойынша жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын, ғылыми және педагогтiк қызметтi, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын оқу орны;
26) институционалдық аккредиттеу - бiлiм беру ұйымының бiлiм беру бағдарламаларын мәлiмделген мәртебесiне сәйкес сапалы ұсынуы жөнiндегi қызметiн бағалау;
27) интернатура - медициналық жоғары оқу орындарының бiлiм алушыларын базалық медициналық бiлiм беру шеңберiнде бiр немесе екi жылдық даярлау нысаны;
28) интернаттық ұйымдар - жатын орны берiле отырып, белгiлi бiр санаттағы адамдардың бiлiм алу құқығына мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ететiн бiлiм беру ұйымдары;
29) кәсiптiк бағдар - бiлiм алушының кәсiптiк қызығушылықтарына, жеке қабiлеттерi мен психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне сәйкес бiлiм беру және кәсiптiк мүмкiндiктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркiн және саналы таңдау құқықтарын iске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;
30) кәсiптiк даярлықты бағалау - техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушыларының кәсiптiк даярлығы деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарымен белгiленген талаптарға сәйкес келу дәрежесiн айқындау;
31) кәсiптiк лицей - жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi кадрларын даярлау жөнiнде техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
32) кәсiптiк оқыту - техникалық, қызмет көрсетушi және басқарушы еңбек мамандарын кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң бiр бөлiгi;
33) кешендi тестiлеу - ақпараттық технологиялар қолданылып, бiрнеше оқу пәндерi бойынша бiр мезгiлде өткiзiлетiн емтихан нысаны;
34) клиникалық база - жоғары оқу орнының немесе денсаулық сақтау ұйымының жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жұмыс iстейтiн, материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейi болатын, ұйымдық-әдiстемелiк, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысының қазiргi заманғы әдiстерi негiзiнде дәрiгерлердi, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және медициналық көмектiң барлық түрлерiн көрсететiн клиникасы;
35) колледж - жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары мен техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
36) кредиттiк оқыту технологиясы - бiлiм алушының және
оқытушының оқу жұмысының көлемiн өлшеудiң сәйкестендiрiлген бiрлiгi ретiнде кредиттi пайдалана отырып, бiлiм алушылардың пәндердi оқып зерделеу дәйектiлiгiн таңдауы және дербес жоспарлауы негiзiндегi оқыту;
37) қабылдау квотасы - I, II топтағы мүгедектер, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына қабылдау үшiн бөлiнетiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының, оның iшiнде бiлiм беру гранттары көлемiнiң шектi саны;
38) қашықтықтан бiлiм беру технологиясы - бiлiм алушы мен педагог қызметкердiң жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара iс-қимылы кезiнде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
39) қосымша бiлiм беру - бiлiм алушылардың бiлiм алу қажеттерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесi;
40) лицей - негiзгi орта бiлiм берудiң және жалпы орта бiлiм берудiң жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейiндерi бойынша жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын бiлiм алушылардың бейiмдiлiгi мен қабiлетiне сәйкес iске асыратын оқу орны;
41) магистр - жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн академиялық дәреже;
42) мамандандырылған аккредиттеу - бiлiм беру ұйымы iске асыратын жекелеген бiлiм беру бағдарламаларының сапасын бағалау;
43) мемлекеттiк аралық бақылау - оқыту сапасын бiлiм беру
ұйымдарына тәуелсiз бақылаудың бiр түрi;
44) мемлекеттiк атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президентi және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын стипендия;
45) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы - мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жөнiнде, экономиканың қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, бiлiктi жұмыс күшi мен қоғамның зияткерлiк әлеуетiн молықтыру үшiн бiлiктi қызметкерлер мен мамандарды даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөнiнде, сондай-ақ бiлiм беру жүйесiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiнде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемi;
46) оқу бағдарламасы - әрбiр оқу пәнi бойынша меңгерiлуге тиiстi бiлiмнiң, шеберлiк пен дағдылардың мазмұны мен көлемiн айқындайтын бағдарлама;
47) оқу жоспары - бiлiм берудiң тиiстi деңгейiндегi оқу пәндерiнiң (предметтерiнiң) тiзбесi мен көлемiн, оларды зерделеу тәртiбi мен бақылау нысандарын регламенттейтiн құжат;
48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының
қазiргi заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және бiлiм алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерiнiң практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруiне және оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлiмшесi;
49) орта бiлiм - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген, бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкес бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеруi нәтижесiнде алатын бiлiмi;
50) педагог қызметкерлердi аттестаттау - педагог қызметкердiң бiлiктiлiк деңгейiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi тереңдетiлген медициналық бiлiм алу нысаны;
52) рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдары - дiн қызметшiлерiн даярлаудың кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орындары;
53) стипендия - бiлiм алушыларға олардың тамағына, күнелтуiне және оқу әдебиетiн сатыға алуына жұмсалатын шығындарды iшiнара жабу үшiн берiлетiн ақша сомасы;
54) университет - мамандықтың үш және одан да асатын тобы бойынша (медициналық университет - екi және одан да көп) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын, ғылыми және педагогтiк қызметтi, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыратын және өз қызметi саласында жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылатын оқу орны;
55) училище - негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және мәдениет пен өнер саласындағы техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны;
56) ұлттық бiрыңғай тестiлеу - орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына түсу емтихандарымен бiрiктiрiлетiн, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бiрi;
57) философия докторы (РhD), бейiнi бойынша доктор - тиiстi мамандықтар бойынша докторантураның кәсiптiк оқу бағдарламаларын меңгерген адамдарға берiлетiн жоғары академиялық дәрежелер;
58) шағын жинақты мектеп - бiлiм алушылар контингентi шағын, сынып-жинақтары бiрiктiрiлген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзiндiк нысаны бар жалпы бiлiм беретiн мектеп;
59) экстернат - бiлiм алушы сабаққа үнемi қатыспай-ақ тиiстi бiлiм беру бағдарламасының оқу пәндерiн өз бетiмен оқитын оқыту нысандарының бiрi;
60) эксперименттiк алаң - жаңа педагогтiк технологиялар мен бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткiзуге арналған эксперимент режимiнде бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымы;
61) элиталық бiлiм - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын арнайы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша алынатын бiлiм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет