Егемен Қазақстан



бет5/23
Дата08.02.2022
өлшемі79,43 Kb.
#123200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Бiлiм туралы

6-бап. Бiлiм беру саласындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы жергiлiктi атқарушы органдар ұсынған бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын бекiтедi, олардың орындалуы туралы есептердi тыңдайды;
2) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы шешiм қабылдайды.
2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;
2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
3) балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етедi;
4) мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етедi;
5) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi және негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
6) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
7) бiлiм беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастырады;
8) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
9) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
10) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
11) әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушыларға және күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың бiр процентiнен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;
12) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз етедi;
13) облыс ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзудi қамтамасыз етедi;
14) спорт бойынша балаларға қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
15) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
16) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
18) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
20) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi;
21) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
22) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша облыстық бiлiм департаментiнiң бiрiншi басшысын тағайындайды.
3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы:
1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;
2) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
3) кешкi (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, мiндеттi жалпы орта бiлiм берудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
4) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды қамтамасыз етедi;
5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң, балаларға қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6) бiлiм беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң, балаларға қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастырады;
7) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
8) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
9) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
10) балаларға арналған қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
11) әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушыларға және күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың бiр процентiнен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;
12) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
13) арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;
14) дарынды балаларды мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етедi;
15) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзудi қамтамасыз етедi;
16) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
19) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
20) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
22) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
23) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
24) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
25) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бiлiм департаменттерiнiң бiрiншi басшыларын тағайындайды.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын iске асырады;
2) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
3) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
4) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
5) арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
6) бiлiм беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң (арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын қоспағанда) iске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастырады;
7) бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
8) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
9) балаларға қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
10) аудан (қала) ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзудiұйымдастырады;
11) әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушыларға және күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың бiр процентiнен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;
12) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
13) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
15) бiлiм беру ұйымдарында оқу бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
16) ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
17) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
18) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
19) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерiнiң бiрiншi басшыларын тағайындайды.
5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi:
1) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етедi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады.
Кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi елдi мекенде мектеп болмаған жағдайда бiлiм алушыларды таяудағы мектепке дейiн және керi қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет