Ас қорытылуы. Желінген жемшөп қоректік заттарының қорытылуы ауыз қуысынан басталады. Онда енген азық шайналып, ылғалданып, жұтылғанда сілекейдегі ферменттер (алдымен, амилаза) мен минералды заттар оның құрамына сіңіп, әсер ете алатын қосындыларын (айталық, амилоза түріндегі крахмалды) ыдырата бастайды. Жұтылған азық көмекейден өтіп, өңеш арқылы қарынға (асқазанға) түседі. Қарында бөлінетін тұз қышқылының әсерінен қышқылданып, қарын сөлінің протеолитикалық (протеинді ыдыратушы) ферменттерінің (пепсин, трипсин) әсеріне тап болады. Қарында қышқылданып, борсып-босаған, боркеміктенген азық жыны (химус) онекі елі ішек арқылы аш ішекке өтеді. Оған өтерінде қарын асты безінің панкраттық сөлімен және бауыр өтімен араласады.
Өттің қосындылары азық майының ішек сөлі ферменттерімен (липа- залармен) ыдыратылуына көмектеседі. Аш ішекке өткен химус қоректік заттары ішек сөлі ферменттерінің әсерімен жай қосындыларға дейін (протеиндер — аминқышқылдарына дейін, майлар - май қышқылдары мен глицеринге дейін, көмірсулар — глюкоза, фруктоза түріндегі моноқанттарға дейін) ыдыратылады. Химиялық тұрғыдан қарапайым қосындылар болып келетін амин және май қышқылдары мен қарапайым қанттар аш ішек түгінен өтіп, қан мен лимфа құрамына сіңіріледі. Толық ыдырап үлгермеген қосындылар тоқ ішекке өтіп, тік ішекке жылжу барысында химус суы қайта сіңіріліп, біртіндеп нәжіс (тезек) қалыптасады.
Жасұнықты өсімдік жемшөппен қоректенетін мал түлігінің қарын сыйымдылығы мен ішек ұзындығы жасұнығы аз азықпен қоректенетін жануарлардікінен анағұрлым басым болып келеді. Тіпті күйіс қайыратын (преджелудки) бөлімнен тұрады. Оның алдыңғы месқарын, жалбыршақ және тақия қарыннан тұратын үш бөлімі желінген жемшөпті мейлінше көп сыйғызып, ондағы микроорганизмдер көмегімен қорытылуын жоғарылату үшін жаратылған азық қоймасы ретінде қызмет атқарады. Бір қарынды малдың қарнындағыдай нағыз қорыту көп бөлімді қарынның тек төртінші бөлімі — ұлтабарда өтеді. Бір бөлімді қарынның да ішкі қабаты біркелкі кілегей қабығынан тұратын қарапайымы және кілегей қабығының әр жерінің құрылысы мен бездері әр түрлі болып келетін кардиалдық, фундальдық және пилорикалық бөлімдерге бөлінетін күрделісі болады. Бұл тұрғыдан ит қарыны қарапайым, ал жылқы мен шошқа қарыны күрделі болып келеді.
Ауыз қуысының сілекейімен ылғалданып, сілекейдегі амилаза ферменті мен көмірсуы ыдырай бастаған, шайналған азыққа қарын құрамында тұз қышқылы бар қарын сөлі әсер етеді. Ондағы қышқыл ортада пепсин ферменті әсерленіп, азық протеинін ыдырата бастайды. Онекі елі ішекте құйылатын өт азық майының қорытылуына көмектесіп, негізгі қорыту аш ішекте қарын асты безі мен ішек бездерінің сөліндегі ферменттермен (пепсин, трипсин, амилаза, т. б.) ыдыратылады. Тоқ ішекте химус суы сіңіріліп, тезек қалыптасады.
Бірқарынды малда азық негізінен ішекте қорытылып, сіңіріледі. Мы- салы, шошқа қарнында көмірсулардың 10%-ға жуығы ғана қорытылады. Көпқарынды малдың алдыңғы қарындары тек азықты сыйғызып, жинайтын орны болғанымен, ондағы орнатылған қолайлы жағдайда (месқарындағы жылы, ылғалды, қараңғы, реакциясы сәл сілтілі, қоректік затқа бай ортада) микроорганизмдер тіршілігінің арқасында химуста көптеген физиологиялық және химиялық өзгерістер өрістейді де, солардың барысында малдың өзі қорыта алмайтын өсімдік жасұнығы ыдыратылып, жеңіл қорытылатын көмірсулардың ашытылуынан күйісті малдың негізгі энергия көзі болып табылатын сүт, майлы, пропион, т. б. секілді ұшпалы май қышқылдары (ҮМҚ) пайда болады. Олар қарыннан тікелей қанға сіңіріліп энергетикалық алмасу мен өнім түзуіне пайдаланылады.
Бұл әрине мал организміндегі ас қорыту барысының жалпы жобалық суреттемесі. Іс жүзінде бүл үрдіс өте күрделі, әр мал түлігі мен құс түріне тән өз ерекшеліктері бойынша өтеді. Айталық, месқарын, жұмыршақ (тақия қарын), жалбыршақ (қатпар қарын) күйісті мал қарнының алдыңғы бөлімдерінде (преджелудки) тұз қышқылды ас қорыту сөлі бөлінбейтіндіктен, онда шынайы түрдегі желінген жемшөп қоректік заттарын ыдырататын ас қорыту үрдісі жүрмейді. Оларда желінген жемшөп тек жиналып, біршама мерзім ұсталады да, ондағы түрлі микроорганизмдер тіршілігінің арқасында, бір жағы, микробиологиялық ашытуларға (брожение) тап болса, екінші жағынан, мал (қожайын) демалып, күйістегенде механикалық түрде мыжылып, ұсақталып, қарынға құйылған сілекеймен қосымша ылғалданады.
Сөйтіп қарынның алдыңғы бөлімдерінде ұсақталып, микробиология- лық үрдіс барысында біршама ашытылып, бапталған жемшөп біртіндеп қарын сөлі бөлінетін нағыз қарын болып табылатын ұлтабарға отеді. Ұлтабарда құрамында тұз қышқылы бар қарын сөлінің қышқылдылығымен химус қоректік заттары одан әрі өнделіп, боршаланып, ыдыраушылыққа ұрынады да, химуспен енген микрофлора (бактериялар) мен микрофаунадан (қарапайымдылардан) тұратын микроорганизмдер өлтіріліп, дене қосындылары қожайыны (мал) қорытып пайдаланатын қоректік заттар қатарына қосылады.
Алдыңғы қарын бөлімдеріне күйісті мал жеген азық көмірсуының жар- тысына жуығы осы жолмен ыдыратылып, қорытылады. Соның нәтижесінде қожайын болып келетін мал организмі (макроорганизм) мен қолайлы жағдай туғызылған микроорганизмдер арасында бір-бірінің тіршілігіне көмектесушілік қатынас, яғни симбиоз қалыптасады. Азықтың желіну мөлшері (көлемі) оның құрғақ затының аумағына байланысты өзгереді. Өйткені азықтың әр 1 кг құрғақ затына қарында 10-15 л химусқа, яғни жартылай қорытылған қарын жынына айналып, онекі елі ішекке енеді. Тәулігіне қарыннан сиыр ішегіне — 250 л, шошқа ішегіне - 50 л шамасында химус енеді де, ішекте оның 92% суы, 55% құрғақ заты, 53% органикалық заты (41% көмірсулар мен майлар, 96% протеин), 65% минералды заттары сіңіріледі. Сіңірілген қоректік заттар мал тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім түзіміне жұмсалады.
Шошқаның ас қорытуы. Шошқа бірқарынды көп азық түрлерін жей беретін (всеядный) жануарға жатады. Ас қорыту жолдарының әр бөлімі біркелкі дамыған, аумақтары шамалас.
Қоректік заттардың қорытылуын бақылау.
Мал азығының құрамындағы қоректік заттардың қорытылуын арнайы қойылған физиологиялық алмасу тәжірибелерінде анықтайды. Мұнда тәжірибелік топтардың орташа көрсеткіштері бойынша алынған 3-5 мал басын не 5—7 құс басын, оқшаулап, арнайы бөлмеге не қондырғыға (станокқа, торға) кіргізіп, тәулік бойы жеген азығын, оның қалдығын, шығарған тезегін (алмасу тәжірибесінде - зәрін де, ал респирациялық тәжірибеде - тыныстану газдарын да) дәл өлшеп есепке алады.
Азық қоректік заттарының қорытылу коэффициенттерін екі тәсілмен анықтайды:
біріншісі, тікелей тәсіл де (прямой метод); оны жекелеген азықтың немесе малға жегізілген бүкіл азықтардың қоректік заттарының қорытылуын жалпы анықтағанда қолданады;
екіншісі, жанама тәсіл (косвенный метод); оны малға жегізілген азық- тардың ішіндегі жеке азықтың қоректік заттарының қорытылуын анықтағанда қолданады.
Тәжірибе барысында желінген азық пен шыққан тезектің орташа үлгілерінен сынама алынып, химиялық құрамы зерттеледі де, олардың орташа тәуліктік көлеміне көбейтілуі арқылы есептелінген малдың жеген қоректік заттары (ҚЗ) мен олардың қорытылмай шыққан көлемінің айырмашылығы бойынша қорытылған мөлшерін анықтайды:
Қорытылған ҚЗ = Желінген азықпен енген ҚЗ — Тезекпен шыққан ҚЗ, г.
Қоректік заттардың қорытылу дәрежесін қорыту коэффициентімен (ҚК) белгілейді:
ҚК — (Қорытылган ҚЗ : Азықпен енген ҚЗ) х 100, %
Қорыту коэффициентін есептеу мысалы ретінде ісектермен жүргізілген тәжірибе мәліметтерін келтіруге болады. Пішенмен азықтандырылған ісектер орта есеппен мал басына 7 тәулікте 6770 г пішен жеп, 5050 г тезек шығарған. Олардың орташа үлгісін зерттегенде...
...пішенде ~ 7,0% протеин, 1,1% май, 29,3% жасұнық, 35,0% АЭЗ; ...тезекте — 3,7% протеин, 0,7% май, 18,8% жасұнық, 16,0% АЭЗ болған.
Осы тәжірибе нөтижесі бойынша тәулігіне, орташа, 6770 : 7 = 967,1 г пішен жеп, 5050 : 7 = 721,4 г тезек шығарған ісектің жемшөп қоректік заттарын қорытуы 3-кестедегідей болған.
3-кесте. Пішен қоректік заттарының қорытылуы
Көрсеткіш
|
Протеин
|
Май
|
Жасұнық
|
АЭЗ
|
1.Азықпен енгені, г
2.Тезекпен шыққаны, г
3.Қорытылғаны, г
4.Қорыту коэффициенті, %
|
678,0
266,9
401,1
59,2
|
1063.8
432,8
631,0
57,7
|
2716,4
1356.2
1360,2
49,2
|
3384,8
1154,2
2230,6
65,9
|
Малға берілген жемшөп ішінде жеке бір азықтың қоректік заттарының қорытылуын анықтау қажет болса, тәжірибені жанама төсілмен жүргізеді.
Шаруашылық жағдайында мұндай алмасу тәжірибелерін өткізу қиын. Өйткені оны ұйымдастыру үшін арнайы бөлме не мал қорасының оқшау- ланған жері болып, оны жүргізуге бөлінген адамдар мал азығы мен шы- ғарылатын қалдықтарын жинау техникасымен олардан зерттеуге қажетті орташа үлгі алу тәртібі мен әггдістерін меңгеруге тиіс. Ол адамдар бүкіл тәжірибе кезеңінде тек кезекшілікке тұрып, күндіз-түні қолдары босамайды.
Ондай жағдай туғызуға шаруашылықта жағдай болмаса мал азығы- ның, әсіресе жайылым отының қорытылуын басқа жанама әдістермен анықтауға болады. Ондай өдістерге инертті және индикаторлы заттар (элементтер) қолдану тәсілі жатады. Инертті заттарға малдың ас қорыту барысында қорытылмайтын лигнин, шақпақ қышқылы, темір тотығы, хром тотығы секілді тұрақтылығын мықты сақтап, ас қорыту сөлдерінің әсерінен өзгере қоймайтын қосындыларды қолданады.
Жайылым отының қорытылуын малдың күнделікті жеген көгі мен шығарған тезегін анықтамай-ақ қос индикатор тәсілімен есептеуге болады. Бүл тәсілді қолдану ережелері мал азықтандыру жөніндегі арнайы жинақтарда берілген. Азық қорытылуын малға жегізбей-ақ, ас қорыту сөлдерінің әсерін қолдан туғызған ортаға салып, мал организмінен тыс, яғни іп уііго жағдайында да анықтауға болады. Ол үшін азық үлгісін:пепсин + тұз қышқшы не месқарын. сұйыгы + пепсин + тұз қышқылы құйылған жылылығы 37°С ортаға белгілі мерзімде ұстайды да, ол орталардағы ерігіштігі бойынша...
Көптеген зерттеулер малдың желінген жемшөпті қорытуы мен шы- ғарған тезегіндегі азот мөлшерінің арасында регрессиялық байланыс бар екенін көрсетеді. Бұл қолдануға өте ыңғайлы қарапайым тәсіл. Ол үшін мүйізді ірі қара малдың тік ішегіне қол жүгіртіп, ондағы жиналған тезекті араластырып барып, жарты килограммдай орташа үлгі алады да, ондағы жалпы азоттың пайыздық мөлшері (х) бойынша органикалық заттарының қорытылуын (у) келесі теңдеумен есептейді: у = 46,89 + 8,21 х, %.
Түрлі азықтар қоректік заттарының қорытылуы әртүрлі болуымен қатар, белгілі бір азық қоректік заттарының қорытылуы өзгеріп түрады. Ол алдымен рацион құрамына, ондағы азық топтарының (ірі + шырынды + қунарлы) және де ол азықтардағы қоректік заттардың (негізінен жасу- нық пен протеиннің) арақатынасымен көлеміне, азықтандыру тәртібіне, жемшөптің малға жегізуге алдын ала дайындалуына, мал түріне, жасына, жынысына, физиологиялық ахуалына, күнделікті берілетін жемшөпке дағдыланғандығына және де көптеген басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Ол алдымен ас қорыту жүйесінің құрылысына байланысты. Бұл тұрғыдан мал түлігі күрделі қарынды (полигастричные) күйіс қайыратын және қарапайым қарынды (моногастричные) малға бөлінеді.
Күрделі қарынды күйіс қайыратын мал аумақты жасұнықты жемшөпті көптеп жеп жақсы қорытуға бейім болса, қарапайым қарыңды мал шырынды және құнарлы жемшөпті қорытуға бейім келеді
Зерттелетін қоректік фактордың малдың қаңқа дамуына, жоқ бұлшық етінің жетілуіне немесе май байланымына әсер еткендігін арнайы аналогты, яғни барлық жағынан (тегі, тұқымы, жынысы, жасы, тірілей салмағы мен қоңдылығы, өнімділігі, т.с.с.) біркелкі, іріктелген малдың бақылаудағы бастарын сойып зерттеу (метод убоя контрольных животных) тәсілін қолданады.
Бұл тәсіл мал денесіндегі материалдық өзгерістер зат пен энергияның сақталуы заңына сәйкес жүретіндігіне негізделген. Осы тұрғыдан алғанда, мал денесіне желінген азықпен енген заттармен (энергия) шыққан қалдықтары арасында динамикалық теңдік орын алады. Оны бағалау үшін іріктелген аналогты бастармен арнайы тәжірибе қойылады. Тәжірибені зерттеу мақсатына сөйкес бірнеше топтарға бөліп, олардың азықтандыруын тек зерттелетін фактор бойынша ерекшеленетіндей етіп ұйымдастырады. Белгілі мерзімнен тәжірибедегі мал басын сойып, үшасының көрсеткіштерін тәжірибе алдында сойылған бастар үшасының морфофизиологиялық, физика-химиялық, т. б. көрсеткіштермен салыстыра отырып, оларда орын алған өзгерістерді анықтайды.
Бұл келтірілген тәсілдермен мал азықтандыру көрсеткіштерін соңғы нәтижелері бойынша багалауға болады. Ол көрсеткіштерді тәжірибе бары- сында бақылау үшін таңбаланған атомдар тәсілін (метод меченых атомов) қолдануға болады. Алмасуы зерттелетін элементгің радиоәсерлі (радиоак- тивные) изотоптарын мал азығымен жегізіп, олардың денедегі динамикасын ядросынан шығарылған сәулелері бойынша арнайы қондырғылармен бақылайды. Мысалы, осындай бір тәжірибеде танаға жемі мен кальцийдің Са45 таңбалы атомының 100 г қосып жегізгенде, ас қорыту жолдарында оның 41 г сіңіріліп, 3 г ас қорыту сөлдерімен қайта қүйылғандығы анықталған. Демек, бұзау денесінде қалғаны 41 — 3 = 38 г. Тезекпен 76 г Са шыққан. Сонда оның 59 + 3 = 62 г азықпен бірге берілген таңбалы кальций изотопы да, 76 — 62 = = 14 г — алмасу барысында сүйектен шығарылған кальций екені табылады.
жүмсалған азық мөлшерін, ал соған тікелей байланысты жалпы шығынын мейлінше кеміту үшін мал азықтандыруды ғылыми түрде ұйымдастыру керек. Оны осылай ұйымдастыру алдымен мал азығының қоректілігін дұрыс бағалауға негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |