Дәріс жоспары:
6.1 Мал азығының қоректілігін бағалау әдістері
6.2 Малазығының энергетикалық құнарлығы
6.3 Энергия тепе – теңдігі
Мал азығының қоректілігін бағалау әдістері.
Ауылшаруашылығының даму барысында мал азығына дайындалған жемшөптің көлемімен қатар оның қоректілігін, сапасын бағалау қажеттілігі туындады. Сол өндірістік қажеттілікті өтеу үшін әр елде ғылыми ізденістер жүргізілді. Сол ізденістердің алғашқыларына неміс зерттеушісі Албрехт Теердің (1752—1828) 1809 жылы жарияланған «Малды тиімді азықтандыру негіздері» атты еңбегі жатады. А.Теер азық қоректілігін шалғын пішенінің қоректілігімен салыстыруды ұсынды. Ол үшін түрлі жемшөптің ыстық су мен әлсіз қышқыл және сілті ерітіндісінде еритін қоректік заттарының мөлшері сонда ерітілген орта сапалы шалғын пішенінің қоректік заттар қосындысымен салыстырылып, жалпы коректілігі осы пішеннің 100 фунтының қоректік заттарына пара-пар (алмастыра алатын, эквиваленттік) мөлшерімен белгілеу ұсынылды.
Осы әдіспен есептелінген 100 фунт шалғын пішенінің қоректілігіне тең қоректік заттар қосындысы бедене жоңышқа пішенінің — 90 фунтында, картоптың — 200 фунтында, сәбіздің - 266 фунтында, азықтық қызылшаның — 460 фунтында, азықтық орамжапырақтың (капустаның) — 600 фунтында болғандықтан, олардың бұл мөлшері пішендік теңеулері (сенные эквиваленты) деп аталды. Ол теңеулер бойынша 1 кг қызылшаның пішендік теңеуі - 0,2 кг (1 кг шалғын пішеннің өнімдік әсеріне одан 5 есе көп, яғни 5 кг қызылшаның өнімдік әсері теңестірілуінен), 1 кг картоптың пішендік теңеуі — 0,5 кг (1 кг шалғын пішеннің өнімдік әсеріне одан 2 есе көп, яғни 2 кг картоптың өнімдік өсері теңестірілуінен), 1 кг, жоңышқа пішенінің пішендік теңеуі - 1,0 кг (1 кг шалғын пішеннің өнімдік әсеріне оған пара-пар, яғни 1 кг жоңышқа пішенінің өнімдік әсері теңестірілуінен), 1 кг сұлының пішендік теңеуі — 2,0 кг (1 кг шалғын пішеннің өнімдік әсеріне одан 2 есе аз, яғни 0,5 кг сұлының өнімдік әсері теңестірілуінен) деп алынды.
XIX ғасырдың екінші жартысында жылдам дами бастаған химия мен физиология ғылымдарының жетістіктері азық қоректілігінің химиялық құрамынан басқа да қасиеттерімен байланысты екендігін айғақтады. Сол ғасырдың 60-шы жылдарында Либих, сонан қейін неміс ғалымы Эмиль Вольф (1818—1896) азық қоректілігін химиялық құрамымен бағалауды ұсынды. Сол жетістіктерге негіздей отырып сүтті сиырлармен жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде Э.Вольф жемшөп қоректілігін пішендік теңеулер және жалпы химиялық құрамымен бағалаудың жеткіліксіз екенін айқындап, 1874 жылы сиырдың қоректік мұқтаждығын қорытылатын белок, май және көмірсулар қосындысымен бағалауды ұсынды. Көп кешікпей ол жемшөп қоректілігін қорытылатын қоректік заттар қосындысымен бағалау кестелерін (таблицы питательности коромов) жариялады.
1910 жылы Уолл мен Хемфри азық қоректілігін бағалаудағы Э. Вольфтың бұл әдісін қорытылатын қоректік заттар қосындысымен (ҚҚЗҚ) бағалау деп атауды ұсынды. Бұл әдістің басты кемшілігі ретінде азық қоректік заттарының ас қорыту барысындағы тек алғашқы сатысына, яғни қорытылуына негізделгенін келтіруге болады. Ал бүл әдісте қорытылып, сіңірілген қоректік заттардың зат алмасу барысында одан әрі игерілуі қамтылмағандықтан азық өнімдік әсері жан-жақты толық айғақталмайды. Осы кемшіліктеріне қарамастан бүл әдіс АҚШ-та бүгінге дейін қолданылып келеді.
Осындай зерттеу әдістерін жетілдіру арқылы жемшөптің түрлі қосын- дыларының, оның ішінде, қиын қорытылатын жасұнықтың қоректенудегі маңызын айғақтаған В. Геннеберг пен Ф. Штоман жасұнық қорытылуының азықтың жалпы қоректілігіне ықпал ететіні туралы тұжырым жасап, қоректілікті қорытылатын заттармен бағалауды ұсынды. Бірақ олардың да ұсынысының физиологиялық тұрғыдан негізделуі жеткіліксіз болды. Осы кезде Юлиус Кюн қоректілікті азотсыз экстрактивті заттар қоректілігін — 1,0, май қоректілігін — 2,4, белок қоректілігін — 6,0-ге теңестіріп алатын «көмірсулық бірлікпен» (углеводная единица) бағалауға болатынын негіздеді.
Бұл тәсілдерді іс жүзінде қолдануға бейімдеу үшін Данияда Фиорд пен Ванкель, Швецияда Н. Гансон жемшөп қоректілігін мал салмағы мен өнімділігіне тигізген әсері бойынша тең жартысы (0,5 кг) арпа, тең жартысы (0,5 кг) сұлы дәнінен тұратын 1 кг қосындының қоректілігімен салыстырмалы түрде бағалауды ұсынды. Бірақ азық қоректілігін бағалаудың бұл тәсілдері еш физиологиялық негіздеусіз эмпирикалық жолмен анықталды. Түрлі жемшөп қоректілігін мүндай бір азықтың қоректілігімен, яғни азық өлшемін (кормовая единица) салыстырмалы түрде өлшеу, мал азығының қоректілігін бағалауда күрделі респиратордық қондырғыларда зат пен энергия алмасуын зерттемей-ақ жай алмасу тәжірибесімен (обменные опыты) шектелуге мүмкіндік тудырды.
Осы тәжірибелердің нәтижелерін қорыта келе 1915 жылы Копенга- генде өткен съезде азық қоректілігінің өлшемі ретінде скандинавтық азық өлшемі (скандинавская кормовая единица) деп аталған 1 кг арпаның қоректілігін алу жөнінде шешім қабылданды. Әдебиетте оны арпалық азық өлшемі (ячменная кормовая единица) деп те атайды. Бұл жемшөп қоректіліктілігін эмпирикалық жолмен бағалайтын қолайлы тәсіл Швеция, Норвегия, Дания, Финляндия кіретін Скандинав елдерінде қазіргі езге дейін қолданылып келеді.
XX ғасырдың басында дүниежүзілік ғылым мен өндірістің дамуы азық қоректілігін жан-жақты дәл бағалауға мүмкіндік туғызады.
Л.Лавуазьенің энергия алмасуы жөніндегі деректеріне негіздей отырып жүргізілген М. Рубнер, содан кейін Атуотер мен Бенедик эертгеулері энергияның сақталу заңының жануар организмінде де орын алатындығын дәлелдеді. Соған негізделген мал организміндегі зат пен энергия алмасуын зерттеп, теңеуін (балансын) анықтау өдістері дамуының арқасында 1905 жылы неміс ғалымы Оскар Кельнер (1851-1911) азық қоректілігін организмдегі азот, көміртегі мен энергия теңеулері бойынша өнімдік әсерімен бағалауды ұсынды.
Малдың зат пен энергия алмасуын зерттейтін тәжірибелер жүргізілетін респирациялық қондырғыларда (камераларда) қалыпты атмосфералық қысым жағдайында малдың тыныстанған оттегі газ сағаты арқылы енгізіліп, шығарған көмірқышқыл газымен (С02), негізінен метан (СН4), содан кейін күкіртті сутегі, көміртегі тотығы, ацетон, этан, т. б. (Н28, СО. С2Н5, т. б.) тұратын ішек газдары сорылып шығарылады. Олардың шығарылған көлемі газ сағатымен (есептегішімен) өлшеніп, 10% су буын байлайтын күкірт қышқылы құйылған ыдыстан, содан кейін көмірқышқыл газын байлайтын сілті қүйылған ыдыстан өткізіледі. Онда байланған көмірқышқыл газын қондырғыдан өткізілген ауа көлеміне көбейте отырып, жалпы көлемін есептейді де, оның тынысталынған оттегіне қатынасымен (СО/О) мал организмінің энергетикалық алмасуын сипаттайтын респирациялық коэффициентін (RQ) шығарады.
RQ арқылы малдың тіршілігін қамтамасыз ету деңгейіндегі дене жылу өндіруін (теплопродукция поддержания) анықтайды. Өйткені бұл деңгейде организмде физиологиялық пайдалы (алмасу) энергиясын бөлумен өтетін қоректік заттар ыдырауы, биохимиялық тұрғыдан тотығу түрінде өтеді. Оның тотығуына жұмсалған оттегінің көлемін шығарылған көмірқышқыл газының көлемімен бақылауға болады. Мысалы, глюкоза тотығуы келесі жолмен жүреді:
С6Н206 602 —> 6С02 + 6Н20 + 2,822 МДж
Демек, глюкозаның 1 молі тотыққанда тыныстану арқылы 6 моль оттегі еніп, 6 моль көмірқышқыл газы шығарылады. Мольярлық көлемі 22,39 л оттегінің 22,39 х 6 = 134,4 л жұтылып, 2822,04 кДж энергия босайды. Оның мольярлық көлемі көмірқышқыл газынікімен шамалас (22,26 л) болған- дықтан, глюкоза (қант) тотығу Кф = 1-ге жуық болып, 1 л оттегіне 2822,04 : 134,4 = 20,98 (21,13) кДж энергия босатылады.
Қанттікіне қарағанда май молекуласындағы оттегінің аздығынан оның тотығуына оттегі көбірек жұмсалып, RQ = 0,7-ге дейін төмендеп, 1 молі (үшпальмитиннің) тотыққанда — 32 030 кДж немесе жұтылған 1 л оттегіне 18,76 кДж энергия босатылады. Белок тотығып «жанғанда» орташа КХ} = = 0,83 болып, оның макроэргтік, яғни энергиялық пайдаланымы тек 28—30% (көмірсулар мен майлардан У3-не кем) болатындықтан, белокты организмнің энергетикалық мұқтаждығына шығындау тиімсіздігі айқын көрінеді.
Тыныстануда жұтылған 02 мен шығарылған С02 көлемі бойынша RQ есептеп, оттегінің абсолютті жұмсалған көлемі мен 1 л калориялық теңеуі бойынша дене тіршілігін қамтамасыз етуге, яғни организмдегі негізгі алма- суды өтеуге жұмсалатын жылу өндірілуін анықтауға болады. Тыныстану, жасуша тіршілігі мен қан айналымы ассимиляциялық үрдістен құралатын негізгі алмасуды, аш (күйісті малды 72 сағат аш ұстағаннан кейін) демалып жатқан малдың жоғарыда келтірілген сыртқы орта жағдайларында, респирациялық (тыныстану) коэффициенті 0,7-ге теңескен кезде анықтайды. Бұл кезде желінген жемшөптің жалпы энергиясын (ЖЭ, дж) зәрмен шығарылған азотты (ЗА, г), 02, С02, СН4 көлемін (л) есепке ала отырып, жұтылған оттегінің RQ және калориялық (термикалық) теңеуімен есептеуге болады: ЖЭ = 16,177 02 + 4,920 С02 - 6,93 ЗА - 2,167 СН4
Желінген жемшөптің энергиясы түгелімен негізгі алмасуға жұмсал- май, оның аденозинүшфосфатының (АҮФ) макроэргтік байланысымен байланған бөлігінің өзі белок түзілуіндегі пептидтік байланыстар энергиясына өтпей, біршамасы тікелей жылулыққа айналып, сонымен қатар азық желінуімен қорытылуына шығындалатындықтан ол тіршілік қажеттілігінен 30%-дай жоғары жеткізілуі керек. Биологиялық тотығу барысында қорытылып, сіңірілген қоректік заттар оттегімен біртіндеп тотығып, соңғы денеден шығарылатын С02 мен Н20 қосындыларына дейін бірнеше аралық қосындылар пайда болады және де ауа оттегімен қатар ірі молекулалар бөлінгенде босайтын оттегі де пайдаланылады.
Азық қоректілігін өнімдік әсерімен, атап айтқанда мал денесіндегі май байланымымен (жироотложение) бағалау үшін О. Кельнер сақа өгіздермен тікелей респирациялық тәжірибелер жүргізсе, американдық ғалым Генрих Армсби малдың энергетикалық алмасуын зерттеуде жанама көрсеткіштерін де пайдаланды. Оның есебі бойынша қорытылған әр 100 г көмірсулардан 4,5 г метан пайда болып, соған пара-пар энергия (күйісті малдың жеген жемшөп энергиясының 6-12%) жоғалтылады. Ішек газдарына қоса желінген жемшөп пен мал денесіне енген бүкіл, яғни брутто энергиясынан ас қорыту барысында пайдасыз шығындалатын тезек пен зәр энергиясын алғанда таза өнім өндіруге жүмсалатын, яғни нетто энергиясы шығады.
1928 жылы американ ғалымы X. Форбс азықтың өнімдік өсерінің әрдайым түрақты болмайтынына, оның бірқатар жағдайларға, алдымен малға жегізілген жемшоп түрінің қатынасына тәуелді өзгеретінін дәлелдеп, О.Кельнердің мал азығының жалпы қоректілігін нетто энергиямен бағалауына келіспейтіндігін жария етті. Мұның Г.Армсбидің азық қоректілігін таза энергия термдерімен бағалауына да қатысы болды.
Бүгінгі күнге бізде мал азығының қоректілігін бағалау бірлігі ретінде сұлы азық өлшемі (овсяная кормовая единица) деп аталатын орта сапалы 1 кг сұлы дәнінің сақа огіз денесіндегі май байлау түріндегі өнімдік өсері алынған. Азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалау О.Кельнердің респирациялық тәжірибелерінде анықтаған қоректік заттардың май байлау коэффиценттеріне (коэффициенты жироотложения) негізделген. Азық қоректілігін есептеуде тұрақты түрде қолданатындықтан, оларды константалар, яғни өзгермейтін көрсеткіштер деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |