Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер



бет20/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Энергия тепе – теңдігі


Азық қоректілігін бағалаудағы крахмалдық теңеулердің осы аталған кемшіліктерін жою мақсатымен О.Кельнердің зерттеулерін одан әрі жалғастырып дамытқан кейінгі неміс ғалымдары К. Неринг, Л. Гофман, Р. Шиман өз зерттеулерінде қоректік заттардың май байлау коэффициенттерін жекелеген мал түліктеріне анықтап, азық коректілігінің өлшемі ретінде сақа мал денесінде май байлауға жұмсалған азықтың таза (нетто) энергиясының 1 килокалориясын алуды ұсынды. Олардың зерттеулерінде қоректілік бірлігі ретінде май байламының таза энергиясы (МТЭ), яғни желінген азықтың мал денесіндегі өнім энергиясын 1 килокалорияға (4,187 килоджоульге) өсіруге тең мөлшері алынды.

Түрлі мал түлігі өнімділігінің МТЭ 1 килокалорияға ұлғайту үшін әр түрлі азық мөлшері жүмсалатындықтан, оның көлемін (ккал) азықтағы корытылатын протеин (Х), қорытылатын май (Х2), қорытылатын жасұнық (Х3), қорытылатын азотсыз экстрактивті заттар (Х4) мөлшері (г) бойынша келесі жолмен есептейді:

  • мүйізді ірі қара малға МТЭ = 1,71 X1 + 7,52 Х2 + 2,01 (ХЗ + Х4);

  • шошқаға МТЭ = 2,59X1 + 8,63X2 + 1,5X3 + 3,03X4.

О. Кельнермен қатар азық қоректілігін өнімдік әсерімен бағалау жөніндегі зерттеулерді АҚШ Пенсильвания штатында Генрих Армсби жүргізген. Г. Армсби азық өнімдік әсерінің көрсеткіші ретінде крахмалдық теңеулердегі қоректік заттардың май байлауының орнына олардың таза өнім энергиясына (чистая энергия продукции) айналымын алуды жөн санаған. Бүгінгі күнгі бірқатар азық қоректілігін бағалау өлшемдері мал азығының энергетикалық қуаттылығына негізделгендіктен, оның зерттеулеріне толығырақ тоқталайық.

Энергия алмасу малдың газ алмасуы мен жылуын өлшейтін респираторлық калориметрде 11 жылда өткізілген 76 тәжірибесінде Г. Армсби 10 азықтың энерге- тикалық қуатгылығын зерттеген. Сақа өгізге жегізілген бұл азықтардың мал денесіне енген жалпы (брутто) энергиясының қорытуға, дене жылуына жөне бұлшық ет жұмысына жұмсалуын бөлінген тезегі мен зәрін калориметрлеу арқылы, ал ішек газдарымен жоғалтылуын олардың ішіндегі басым пайда болатын метан көлемімен (қорытылу барысында әр 100 г көмірсулардан 4,5 г метан пайда болады) есептеп тапқан да мал денесінде пайда болған энергия (Э) түрін келесі жолдармен есептеген:

  • қорытылған Э = желінген азық Этезек Э;

  • алмасу Э = қорытылған Э — (зәр Э - ішек газд.-ң Э);

  • өнім Э = алмасу Э — жылу Э.

желінген азық Э.................345 708,3 кДж

нәжіс Э.............................128 886,4 кДж

қорытылған Э……………..216 821,9 кДж

зәр Э………………………..5 869,9 кДж

І ішек газдарының Э……18 308,9 кДж

Физиологиялық пайдалы Э.......192 643,0 кДж

Сүт Э.............................................70 149,8 кДж

жылу Э.........................................115 840,4 кДж

Баланс……………………………..+6 652.8 кДж
Мұндағы ескерілетіні — алмасу энергиясына зат алмасуға жұмсалатын физиологиялық пайдалы энергия жатады. Мысалы, жоңышқа пішенін зерттегендегі энергия бөліну көлемі 1 кг құрғақ затына шаққанда мынадай болған:

-жегізілген бүкіл брутто энергиясы 4408ккал (18,77 МДж);

-қорытылмай тезекпен шыққан энергия 2062 ккал (8,64 МДж);

-зәрмен шығарылған энергия 243 ккал (1,02 МДж);

-ішек газдарымен шыгарылған энергия 266 ккал (1,11 МДж);

-жылуга жұмсалған энергия 1202 ккал (5,04 МДж).

Жалпы энергия шығыны 1373 ккал (15,81 МДж);

Таза энергия өнімі 635 ккал (2,66 МДж).

Г.Армсби жемшөп қоректілігінің өлшемі ретінде мал организміндегі тіршілік қажеттілігін өтеуден артылып, тікелей өнім түзуге жұмсалған, осы «таза» өнім энергиясының «терм» деп аталған 1000 ккал (4,187 МДж) алуды ұсынған. Сонымен есептелінген жоңышқа пішенінің 1 кг құрғақ затының энергетикалық қуаттылығы бойынша қоректілігі 635 : 1000 = 0,635 терм болып шығады. Таза энергия өнімі бойынша жемшөп қоректілігінің өлшемдерін салыстыруға болады:

  • 1 терм = 1000 ккал немесе 4186 кДж;

  • 1 крахмал теңеуі = 2356 ккал немесе 9857 кДж;

  • 1 сұлы азық өлшемі = 1425 ккал немесе 5962 кДж.

Организмдегі зат алмасуы әрқашан да ондағы энергия алмасуымен қатар жүреді, яғни зат пен энергия алмасуы ас қорыту барысының бөлінбес екі жағы болып келеді. Келесі 6-суретте тірілей салмағы — 500 кг, орташа тәуліктік салмақ қосымы - 900 г өгіз денесіндегі азық қорыту барысындағы энергия бөлінуі берілген.





Желінген азық энергиясы – 100


Тезек энергиясы – 25

Ішек газының энергиясы – 7

Қорытылған энергия – 68


Зәр энергиясы – 3

Жылу энергиясы - 12

Алмасу энергиясы - 65


Өнім энергиясы - 17

Тіршілік энергиясы - 36


Таза энергиясы - 53



3-сурет. Өгіз денесіндегі энергия алмасуы (%)
Осылайша іс жүзінде санаулы жемшөптің энергетикалық қуаттылығын зерттеп, оны терммен бағалаған Г. Армсби қалған азықтардың қоректілігін есептеп шығарған және де тәжірибелері бордақылаудағы сақа өгіздермен жүргізілуіне қарамастан, оның деректерін өсіп келе жатқан төлмен сүтті сиырларға да қолдануға болады деп сенген. Бұл, әрине, болашақ зерттеулерде анықтала түсетін жағдай. Өйткені әр мал түрінің жасына, өнімділігіне байланысты азықты қорытып, оның энергиясын пайдалануы да өзгереді. Оны И. Поповтың 1916 жылы шошқамен жүргізген тәжірибесінде крахмалдық теңеулердің шошқа азығының қоректілігін бағалауға жарамайтындығын көрсеткендігімен айғақтасақ болады.

1928 жылы американ ғалымы X. Форбс Кельнердің азық қоректілігін таза өнімдік өсерімен (нетто энергиясымен) бағалауымен келіспегендігін айтты. Өйткені азықтың таза өнімдік әсері бір қатар жағдайларға (негізінен, малға жегізілген жемшөп құрамына) байланысты өзгеретіндігін алға тартты. Азық қоректілігін Армсби термдерімен бағалауда осы кемшіліктер орын алатыны көрсетілді. Бірақ бұл зерттеулер химия мен биологияның, ал Макс Рубнердің физиологиялық ізденістері физика заңдылықтарының тірі организмде орын алатынын көрсетті.

М.Рубнер тәжірибелері қоректік заттар мен мал өнімділігінің, жалпы барлық тіршілік құбылыстарын энергия мөлшерімен өлшеуге болатындығын айғақтады. Әрине бұл қоректену барысын тек физикалық жағынан өлшеуге болады деген ой туғызбауы керек. Ол өте күрделі физика-химиялық, физиология, биохимиялық құбылыс. Бірақ азық қоректілігі организмдегі алмасуда жылулық, механикалық жұмыс пен өнім түрінде айғақталатындықтан, оны тек жұмыс пен энергия мөлшерімен өлшеуге болады.

Қазіргі кезде көптеген елдерде азық қоректілігін оның организм қызметіне не өніміне жұмсалған алмасу энергиясымен есептейді. Алмасу энергиясын (АЭ, ккал не МДж), мал жеген азықтың жалпы энергиясынан (ЖЭ), тезекпен (ТЭ), зәрмен (ЗЭ) және ішек газдарымен (ІЭ) жоғалтылған көлемін алу арқылы есептеп шығарады: АЭ = ЖЭ - (ТЭ + ЗЭ + ІЭ).

Ішек газдары ас қорыту барысында азықты микроорганизмдердің фер- ментациялануынан пайда болатын метан, күкіртті сутегі, көміртегі тотығы, ацетон, этаннан тұрады. Бүл газдармен күйіс қайыратын малдың жеген азық энергиясының 6—12%-ті шығындалады. Желінген азықтың жалпы энергиясын тік және жанама калориметрлеумен табуға болады. Тік калориметрлеуді респирациялық қондырғыда жүргізеді, ал жанама жолмен ол энергияны (ЖЭ, дж) малдың шығарған зәр азотының (ЗА, г) мөлшерін ескере отырып, тыныстану коэффициенті (ТК) мен тыныстауға жұмсалған оттегінің термикалық эквиваленті мен көміртегі екі тотығының көлемімен (л) есептейді:

ЖЭ = 16,177 (02) + 4,92 (С02) - 6,93 (ЗА) - 2,167 (СН4);

Сондай-ақ, желінген азық энергріясын көміртегі мен азот балансымен де есептеуге болады. Барлық жағдайда азық энергиясының организм тіршілігін қамтамасыз ететінін және өнімге жұмсалатынын шығарады. Тіршілікті, яғни негізгі алмасуды қамтамасыз ететін және өнімге жұмса- латынын шығарады. Тіршілікті, яғни негізгі алмасуды қамтамасыз ететін энергияны (жасушалар тіршілігіне, тыныстануға, қан айналымына және ассимиляцияға) малды аш (күйістілерін 72 сағат), тынықтырып ұстағаннан кейін өлшейді. Тыныстану коэффициенті бүл кезде малдың энергиясының ыдырауына, яғни 0,7-ге теңеседі. Тәжірибедегі малды қоршаған ауа термикалық бейтарап температурада болуы шарт.

Организмде сіңірілген қоректік заттар энергиясы толық игерілмеген- діктен (70%-ке), тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергиясы 30%-ға жоғарылатылып жеткізілуі керек. Бұл энергияның біршамасы АҮФ (аде- нозинүшфосфат) энергиясына, ал белок молекуласының био түзуіне жұмсалатын аденозинүшфосфат энергиясы түгелімен пептидтік байла- ныстар энергиясына айналмай тікелей жылулыққа айналуымен тікелей байланысты.

Қазіргі кезде мал шаруашылығында азық қоректілігін О. Кельнердің май байлаушылық коэффициенттеріне негізделген сұлы азық өлшемімен қатар И. Аксельсонның алмасу энергиялық коэффициенттеріне негізделген азық алмасу энергиясымен өлшейді. Бұл қоректілік өлшемдерін бір-біріне келесі жолмен айналдыруға болады: азық өлшемі = алмасу энергиясы х 100

Осы жолмен есептегенде азықтың 1 кг құрғақ затындағы 0,3 азық өлшемі — 5,9 МДж; 0,4 а.ө. — 6,9 МДж; 0,5 а.ө. — 7,7 МДж; 0,6 а.ө. - 8,4 МДж; 0,9 а.ө. - 10,2 МДж алмасу энергиясына теңеседі. Сонымен азық қоректілігінің жалпы сапалық көрсеткішінің бірінші көрсеткіші ретінде оның энергетикалық қуаттылығы анықталады. Малға берілген азықтың зат алмасу барысында тіршілікті қамтамасыз етуі (негізгі алмасу, қимыл, жылулық) мен өнім өндіруді (өсу, салмақ қосу, сүт, жүн, жұмыртқа түзу, жұмыс атқару) ондағы энергияға макро энергетикалық қосындыларды игеруіне байланысты болып келеді. Сайып келгенде мал азығы қоректілігінің ең дәл де соңғы қорытындылаушы көрсеткіші болып оны жегізудің нәтижесі, яғни өнімдік әсері болғандықтан, бүгінгі күнге қолданылып келе жатқан қоректілік өлшемдері осыған негізделген.

Олардың қатарына АҚШ-та төл мен бордақылаудағы мүйізді ірі қара малға Логфрин мен Герретт (1968), қойға Реттрей (1973) негіздеген, азық қоректілігін «калифорниялық өлшем» деп те аталатын таза энергиямен бағалау жүйесін жатқызуға болады. Бүл өлшем бойынша мал денесінде желінген азықтан өндірілген таза энергиясы организм тіршілігін қамтамасыз ететін таза энергия мен өнім энергиясына бөлінеді. Тіршілікті қамтамасыз етуге қажет таза нетто энергия малдың аштық кезеңіндегі жылу бөлуіне теңестіріліп алынады. Ол мүйізді ірі қара мал төлінің 1 кг салмағына - 77 ккал (322 кДж), қой төлінің 1 кг салмағына — 63 ккал (264 кДж) тең болғандықтан, оның мөлшерін осы сандарды мал денесінің тірілей салмағының 0,75 дәрежесіндегі алмасу, немесе метаболикалық, салмағына (М0,75 немесе ХУ0,75) көбейтіп шығарады.

Англияда К. Блэкстердің (1965) азық қоректілігін алмасу энергиясымен бағалау жүйесі қолданылады. Бұл жүйе бойынша мал организмінің мұқтаждығы алмасу энергиясымен белгіленіп, оның пайдаланылуы тірілей салмағы және өнімділігімен қатар желінген жемшөптің 1 кг құрғақ затындағы алмасу энергиясының (АЭ) шоғырлану деңгейімен байланыстырылған. Азық құрғақ затындағы АЭ шоғырлану дәрежесі анағұрлым жоғары болса, соғұрлым оның ас қорыту барысындағы пай- даланымы артады. АЭ организмнің тіршілік мұқтаждығы (Т) мен салмақ қосуына (С) пайдаланылу дәрежесі оның желінген азықтың жалпы брутто энергиясымен қатынасына (қ) байланысты келесі жолмен есептелінеді (%): Т = 54,6 + 0,30 қ ; С=3,0+0,81 қ.

Есептеу күрделілігіне қарамастан физиологиялық негізділігіне байланысты бұл жүйе қазіргі кезде АҚШ пен Ұлыбританияда кеңінен қолданылады. АЭ азықтың жалпы, яғни энергетикалық қуаттылығын бағалауда және малдың энергияға мұқтаждығын анықтауда физиологиялық тұрғыдан ғылыми негізделген корсеткіш болғандықтан, біздің елде құстың жалпы қоректік қажеттігін (азықтандыру нормасын) белгілеп, құрамажемнің (комбикорм) қоректілігін бағалауда пайдаланылады. Соның негізінде 1963 жылы А. Дмитроченко мал азығы қоректілігін 2500 ккал (10 МДж) АЭ тең энергетикалық азық өлшемімен (энергетичессая кормовая единица) бағалауды ұсынды.

Азық қоректілігін таза энергиясымен алынған май байланымы бойынша бағалау алмасу энергиясымен бағалаудан дәлірек болып саналады. Өйткені алмасу энергиясымен есептегенде қорытылған қоректік заттар жұмсалатын энергия шығыны есепке кірмейтіндіктен жасунығы мол ірі жемшөп қоректілігі таза энергиясымен есептегеннен жоғары шығады. Ал қоректік заттар игерілуіне жүмсалатын энергия шығыны жасұнық көлемі өскен сайын ұлғаяды. Мысалы, азық қоректілігін май байланымына негізделген сұлы азық өлшемімен есептегенде 1 кг беде көгінде - 0,15 а.ө., пішенде — 0,47 а.ө., сабанда - 0,31 а.ө., сүрлемде — ).20 а.ө., пішендемеде — 0,29 а.ө., картопта — 0,30 а.ө., арпа дәнінде -1,15 а.ө. шықса, алмасу энергиясына негізделген энергетикалық азық өлшемімен есептегенде бұл азықтардың қоректілігі, тиісінше, 0,18; 0,57; 0,23; 0,34; 0,28; 1,05 болып шығады. Яғни, олардың сұлы азық өлшемімен есептелінген қоректілігімен салыстырғанда энергетикалық азық олшемімен есептелінген қоректілігі... шырынды және ірі жемшөпте - 115—184% деңгейінде жоғары болып, тамыртүйнек жемістілер (картоп) мен құнарлы жемде (дөнде) - 91-93% дейін төмендеген. Сондықтан мал азықтандыруында қоректілікті азық өлшемімен қатар алмасу энергиясымен де көрсеткен жон және де әр малдың ас қорыту ерекшелігіне байланысты, азық энергетикалық қоректілігінің де өзгеретінін ескеріп, анықтамалықтарда азық қоректілігінің өлшемін мал түріне арнап келтіреді.

Қорытылатын 1 г қоректік заттар қосындысының энергетикалық қуат- тылығы - 4,41 ккал (18,43 кДж). Оның АЭ айналуына малдың ас қорыту ерекшеліктері өсер етеді. Ашыту барысы өрістеп, ішек газдарымен көп энергия шығындайтын күйісті мал ас қорытуында қорытылған қоректік заттар энергиясының АЭ айналу коэффициенті - 0,80—0,84 болса, шошқа ас қорытуында - 0,94-0,96 шамасында болады. Ж. Аксельсонның коэффициенттерімен есептелінген жемшөп құрғақ затындағы (ҚЗ) АЭ азық өлшеміне (АӨ) келесі жолмен айналдыруға болады: АӨ : ҚЗ = (АЭ : ҚЗ) х 0,0081.

Осылай есептегенде 1 кг құрғақ заттағы 0,3 а.ө. — 5,9 МДж; 0,4 а.ө. — 6,9 МДж; 0,5 а.ө. - 7,7 МДж; 0,6 а.ө. - 8,4 МДж; 0,9 а.ө. - 10,2 МДж алмасу энергиясына теңеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет