Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Малазығының энергетикалық құнарлығы



бет19/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС
Мал асылдандыру, Мал азығының түрлері

Малазығының энергетикалық құнарлығы


Жүргізген респираторлық тәжірибелерінде О. Кельнер бордақылау- дағы сақа, яғни азоттық балансы нөлдік болғандықтан денесінде азот (белок) байламайтын, өгіздің тіршілігін қамтамасыз етуден тыс берілген азық қоректік заттарының май байлауын (жироотложение) анықтап, оны 248 грамға тең 1 кг крахмалдың май байлауымен салыстыруды ұсынған. Қолданылуын ыңғайландыру үшін өзінің қоректілік кестелерінде О. Кельнер азықтардың май байлау мөлшерінің орнына сол көрсеткіші бойынша оларды ауыстыруға пара-пар келетін крахмал көлемін (100 г/кг) келтіріп, бұл сандарды азықтың крахмалдық теңеулері (крахмальные эквиваленты) деп атаған.

Азық қоректілігін крахмалдық теңеулермен бағалау мал денесіндегі азот пен көміртегінің балансы арқылы есептелінген оның өнімдік әсеріне (продуктивное действие) негізделген. Азот балансы бойынша мал денесіндегі белок (белокта орташа 16,67% азот болатынын ескеріп) байланымын, сол арқылы бұлшық ет қосылуын (бұлшық етте 23,2% белок болатынын ескеріп) есептесе, көміртегінің балансы бойынша оның белок түзілуіне (түзілген белок қурамына 52,54% көміртегі енетінін ескеріп) жұмсалған мөлшерін алып тастап, денедегі май байланымын (май құрамында 76,5% көміртегі болатынын ескеріп) есептейді. Мысалы, О. Кельнер төжірибелерінің бірінде өгіз денесіне желінген жем- шөппен енген...

  • 186,46 г азоттан 179,24 г тезек және зәрмен шығарылған;

  • 5574,5 г көміртегіден 4891,9 г тезек, зәр және ішек газымен шығарылған.

Демек, денеде қалып қойған...

  • 7,22 г азоттан (7,22 х 100) : 16,67 = 43,4 г белок түзіліп,

  • 682,9 г көміртегінің (43,4 х 52,54): 100 = 22,75 г белок түзілуіне жұмсалып, қалған (682,6 — 22,75) = 659,85 грамынан (659,85 х 100) : 76,5 = 862,55 г май байланғаны есептелінген.

О. Кельнер 18 жыл жүргізген 100 төжірибесінде тікелей 16 азықтың өнімдік әсерін зерттеп, қалған 248 азықтың өнімдік әсерін азот пен көміртегі балансы бойынша есептеп шығарған. Қоректік заттардың энергетикалық қуаттылығы бойынша (1 г белокта — 5,7 кал, 1 г майда — 9,5 кал) ол жемшөптердің таза қоректік заттарының майға теңестірілген (май байлауы бойынша) өнімдік қуаттылығын есептегенде азот балансы тең (нолдік) сақа өгіз денесінде көміртегінің оң (+) балансы бойынша есептелген май байлау мөлшері мынадай болған:

  • 100 г қорытылатын белоктікі - 23,5 г;

  • 100 г қорытылатын майдікі - 47,4-59,8 г;

  • 100 г қорытылатын көмірсулардікі - 24,8 г.

Мұнда... өгіздің ас қорыту барысында қорытылуына сәйкес 100 г ірі жемшөп майының май байлауы — 47,4 г болса, астық дәнінің майынікі — 52,6 г, майлы дақылдар мен күнжаралар майынікі59,8 г болган; көмірсулардан крахмал мен жасұнықтың майбайлауы — 24,8 г болса, құрақ (тростник) қантыкі (науаттікі) — 18,8 г болғанын... ескеру қажет.

Бұл сандар қорытылатын таза қоректік заттардың, яғни белоктың, майдың жөне көмірсулардың, май байлау константалары, яғни тұрақты көрсеткіштері (константы жироотложения) деп аталып, мал азығының өнімдік өсерін (қуаттылығын) май байлауммен есептеуге пайдаланылады.

Ол үшін жемшөп химиялық құрамы мен қоректік заттарының қорытылуы бойынша қорытатын қоректік заттарын есептеп, тиісті май байлау константаларына көбейтеді.

Бірақ та осы константалар мен есептелінген жекелеген азықтың май байлау мөлшерімен тәжірибе жүзінде анықталған нақтылы май байлау мөлшері арасында біршама алшақтық орын алған. Мысалы, әр 100 г құрғақ затынан 34 г белок, 8,4 г май, 26,1 г крахмал мен жасұнық қорытылған зығыр шротының май байлауын есептегенде 34 г белоктан (23,5 х 34): 100 = 7,99 г май; 8,4 г майдан (59,8 х 8,4): 100 = 5,02 г май; 26,1 г көмірсулардан (14,8 х 26,1): 100 = 6,47 г май, яғни барлығы - 19,48 г май байлануы керек деп күтілген. Енді осы шроттың өнімдік әсерін өгіз денесіндегі азот пен көміртегі балансы бойынша есептегенде - 19,20 г май байлануы шыққан да, азық қуаттылығын есептеудің екі жолының арасындағы айырмашылық өте аз — 2 пайыздан аспаған.

Ал енді тәжірибедегі өгіздерге басқа, әсіресе жасұнықты аумақты жемшөп жегізгенде, бүл айырмашылық едәуір ұлғая түскен. Мысалы, шалғын пішенінің 100 г құрғақ затындағы қорытылатын қоректік заттарынан май байлау константаларымен есептегенде: 3,3 г белоктан 3,3 х 0,235 = 0,78 г май; 1,2 г майдан 1,2 х 0,470 = 0,55 г май; 46 г көмірсулардан 46 х 0,248 = 11,41 г май, яғни барлығы 12,75 г май байлануы күтілсе (есептік — расчетное, ожидаемое жироотложение), азот пен көміртегі балансы бойынша — 8,1 г май байланымы шыққан (нақтылыфактическое жироотложение). Демек, бүл екі жолмен есептелінген пішеннің өнімдік әсерінің айырмашылығы 37 пайызға жеткен. Сол секілді бидай кебегінің 100 г құрғақ затындағы қорытылатын 0,1 г белок, 0,2 г май мен 41,6 г көмірсулардан май байлау константалары бойынша - 10,42 г май байланымы шықса, азот пен көміртегі балансы бойынша — 2,1 г шыққан, яғни айырмашылығы тіпті 80 пайыз болған.

Осындай есептеулі (күтулі) май байлауы мен нақтылы май байлауы арасындағы айырмашылық жегізілген жемшөп құрамында жасұнық молайған сайын ұлғая түскендіктен О.Кельнер мұны малдың жасұнықты қорытуға жұмсалатын энергия шығынының ұлғаюымен түсіндірген және де тәжірибе жүзінде жегізілген ірі жемшөптің (пішен, сабан) «шикі» жасұнығының әр 100 г есептеулі май байлауымен салыстырғанда нақтылы май байлауының 14,3 г кемітетіні анықталған. Осыған байланысты ірі жемшөптің нақтылы май байлауын есептегенде есептеулі май байлауынан жасұнық көлеміне сәйкес осы деңгейдегі май көлемін алып тастауды, яғни «жасұнықты шығаруды» («скидка на клетчатку») ұсынған.

Бұл түзетуді ірі жемшөппен қатар көк шөптің май байлауын есептегенде де қолданады. 100 г «шикі» жасұныққа шаққандағы көк шөптің «жасұныққа шығару» көлемі... шөп қүрамында 6-8% «шикі» жасұнық болса - 8,2 г; 8-10% «шикі» жасұнық болса - 10,7 г; 10-14% «шикі» жасұнық болса - 13,1 г. Топанның (мякина) «жасұныққа шығару» көлемі - 7,2 г/100 г.

Құрамындағы жасұнығы аз, қорытылуға онша ықпал етпейтін көлемдегі шырынды және құнарлы жемшөптің есептеулі және нақтылы май байлауында айырмашылық болмағандарын О.Кельнер толық бағалы (полноценные) деп, ал айырмашылығы барларын жартылай бағалы (полуполноценные) деп атап, соңғыларына осы айырмашылықты жоятын арнайы бағалылық коэффициенттерін (коэффициенты полноценности) қолдануды ұсынған. Жоғарыда келтірілген мысалдағы 100 г шалғын пішеннің есептеулі майбайлауы — 12,75 г да, нақтылы майбайлауы — 8,1 г, демек оның бағалылық коэффициенті 8,1 : 12,75 = 0,63-ке тең деп есептеуге болады.

Тамыртүйнек жемістілер мен қүнарлы жемнің нақтылы май байлауын есептегенде келесі бағалылық коэффициенттерін қолданады (%):


  • сүт, ет ұны, картоп, жүгеріге.....100 - сәбізге................................87

  • арпаға.............................................99 - бидай кебегіне.................79

  • сояға...............................................98 - қара бидай кебегіне........76

  • бұршақ, зығыр күнжарасына.....97 - қант қызылшасына...........76

  • қара бидай, бидай, сұлыға..........95 - азық қызылшасына..........72


Осы түзетулерді қолдана отырып түрлі жемшөптің нақтылы май байлауын крахмалдың 248 г/кг-ға тең май байлауымен салыстыру арқылы олардың май байлауы бойынша 1 кг крахмалға пара-пар келетін крахмалдық теңеуін (крахмальные эквиваленты) шығарады. Оны есептеу үшін мал денесінде байланған белок пен көмірсуды да (мысалы, гликогенді) изо энергетикалық жолмен майға айналдырып, азықтың май байлаушылық әсерін 1 кг крахмалдың өнімдік әсерімен салыстыру арқылы белгілейді. Солай есептегенде қорытылатын белоктың 235 : 248 = 0,94- ке, қорытылатын майдың 474-598 : 248 = 1,95-2,45-ке, қорытылатын азотсыз экстрактивті заттар мен жасұнықтың 248 : 248 = 1,0-ге тең коэффиценттерін қолданады. О. Кельнер крахмалдың теңдеулерін есептеуді келесі жолмен жүргізеді: тіршілігін қамтамасыз етуден тыс желінген азық бірлігінің май байлау мөлшері 1 кг крахмалдың май байлау мтшері (г, кг)

Бұл азық қоректілігін оның құрамы мен жалпы, яғни энергетикалық қуаттылығымен қоса (біріктіре) анықтауға жасалған алғашқы қадам болды. Мысалы, 100 кг пішенде 2,8 кг қорытылатын белок, 1,6 кг қорытылатын май, 23,9 кг қорытылатын азотсыз экстрактивті заттар, 13,5 кг қорытылатын жасұнық болса, оның есептеулі крахмалдық теңеуі — 43,09 болмақ. Өйткені оның... 2,8 кг қорытылатын белогы 2,8 х 0,94 = 2,63 кг; 1,6 кг қорытылатын майы 1,6 х 1,91 = 2,06 кг; 23,9 кг қорытылатын АЭЗ-ы 23,9 х 1,00 = 23,9 кг; 13,5 кг қорытылатын жасунығы 13,5 х 1,00 = = 13,5 кг май байлауы тиіс, бірақ та оның құрамындағы 25,60 кг жасұнықтың қорытылуына қосымша энергия жүмсалып, күтулі май байлауын әр 1 кг «шикі» жасұныққа 143 грамға немесе 143 : 248 = 0,58 крахмалдық теңеуге төмендетеді. Сондықтан пішеннің нақтылы май байлауымен бағаланатын өнімдік әсері, яғни қоректілігі 0,58 х 25,5 = 14,79 крахмалдық теңеуге кемітіліп... 43,09 - 14,71 — 28,3 крахмалдық теңеуге теңестіріледі.

Жемшөп қоректілігін сұлы азық өлшемімен (с.а.ө.) есептегенде де О. Кельнердің қорытылатын қоцектік заттарға анықтаған май байлау коэффициенттері мен (константаларымен) нақтылы май байлауын шыға- рады да, с.а.ө. ретінде алынған орта сапалы 1 кг сұлы дәнінің сақа өгіз денесіндегі 148,8 грамға (150 г) тең май байлауына бөледі. Май байлауы бойынша 1 с.а.ө. қоректілік қуаттылығы - 0,6 крахмалдық теңеуге немесе 1414 ккал май байлау энергиясына тең. Демек, крахмалдық теңеуді сұлы азық өлшеміне айналдыру үшін 100 : 60 = 1,67 коэффициентіне көбейтеді.

Толығымен О. Кельнердің тәжірибелік мәліметтеріне негізделгендіктен, азық қоректілігін сұлы азық өлшемімен бағалауда крахмалдық теңеулеріне тән кемшіліктер орын алады. Олардың бастыларына нақтылы тәжірибелік деректер санаулы жемшөп түрімен ғана жүргізіліп, қалғандарына элементтер балансы бойынша жанама көрсеткішімен және азық қоректілігінің бір ғана қыры болып табылатын май байлауымен есептелінуін жатқызуға болады.

Бұл тәсіл бордақылаудағы малға қолдануға бейімді болғанымен, сүт, жүн, төл секілді басқа өнім алуға өсірілетін мал өнімділігінің негізгі көрсеткіші бола алмайды. Май байлау коэффициенттері сақа өгіз тіршілігін камтамасыз ететін белгілі жемшөп құрамы мен көлемінің үстіне үстемелеп берілген таза қоректік затгарға (белок, өсімдік майы, қант) анықталғандықтан, малға жегізілетін жемшөп құрамы өзгертілгендегі және бүл коректік заттардың жемшөп қүрамында берілгендегі өнімдік әсері жан-жақты қамтылмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет