Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Дәріс №7. Мал азықтары және олардың классификациясы



бет21/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Дәріс №7. Мал азықтары және олардың классификациясы
Дәріс жоспары:

7.1 Азық туралы түсінік, азықтарды жіктеу. Азық құрамы мен қоректілігіне әсер ететін факторлар

7.2 Азық дайындау технологиясы азық кұрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері. Негізгі азық топтары, оларды топтастыру. Азық сапасын шаруашылық және зоотехникалық түрғыда бағалау


Азық туралы түсінік, азықтарды жіктеу.

Мал азығына малазықтары мен малазықтық қосындылар жатады. Малазығы (корма) деп физиологиялық тұрғыдан мал қорегіне жарамды, денсаулығы мен өнімділігіне зиянсыз, тіршілігіне қажетті қоректік және биологиялық әсерлі заттарды жеткізетін өнімдерді айтады. Азықтық қосындылар (кормовые добавки) азықтармен қоса мал азығына қолданылатын табиғи және синтетикалық (жасанды), микробиологиялық, минералды, т. б. қосындыларды қамтиды. Азықтар мен азықтық қосындылардың мал азығына жұмсалуы олардың қоректілігі және диеталық, яғни жұғымдылық қасиеттерімен айгақталады. Мал азығына қорытылымы жоғары, мал түлігіне тән, олар сүйсініп жейтін жұғымды (удобоваримые) жемшөп пен азықтық қосындыларды жұмсайды.

Мал азығының қоректілігі мен жұғымдылығына, химиялық құрамы, дайындалу мерзімі мен технологиясы, сақталу жағдайы, малға жегізу ал- дында өңдеуден өткізілу әдісі мен тәсілі, малға берілу көлемі мен тәртібі секілді коптеген факторлар ықпал етеді. Жемшөп деп аталып, төрт түлік малдың негізгі қоректік көзі болып табылатын өсімдік азықтар құрамы мен қоректілігіне өскен (өсірілген) аймағының топырақ күрамы мен құнарлылығы, ауа райының ерекшеліктері, малға жегізу түрі (жайып немесе шауып, дайындап) мен жегізілген немесе мал азығына дайындалған кездегі өсімдіктердің ботаникалық құрамы мен жетілу фазасы, дайындату әдісі, сақталу мерзімі мен режимі, азықтандыруға жұмсау тәртібі секілді көптеген жағдайлар әсер етеді. Екпе (мәдени) жемшөп қоректілігіне оған қоса өсіру агротехникасы, қолданылған тыңайтқыштар түрі мен мөлшерінің ықпалы қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет