Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Азық дайындау технологиясы азық кұрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері



бет23/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Азық дайындау технологиясы азық кұрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері

Мал азығының құрамы мен қоректілігі дайындау технологиясы мен сақтау жағдайына байланысты да біршама өзгереді. Шабылган өсімдік жасушасында орын алатын биохимиялық үрдіс пен онда жүретін микро- биологиялық өзгерістер өсімдік қоректік заттарын бір жагынан ыдыратса, екінші жағынан, сол өзгерістер барысында біршама жаңа қосындылармен байытады. Өсімдік тыныстайуы мен микробиологиялық ашыту қанттарымен қоса протеиндерін де өзгертіп, сүрлемге салынған дақылдағы көптеген аминқышқылдарының мөлшерін кемітетін көптеген әерттеулер нәтижелері көрсетті (В. Лемеш, 1971; Р. Дмитриев, 1972).

Мал азығына кеңінен пайдаланылатын техникалық өндірістің азықтық қалдықтарының да құрамы өндіру әдісіне байланысты өзгереді. Мысалы, майлы дақыл майын сыгып өндіргендегі күнжара (жмых) түріндегі қалдығында 6—9% май қалатын болса, оны органикалық еріткішпен өңдегендегі шрот түріндегі қалдығында 2—3% ғана май қалалы (А. Дмитроченко, 1975). Сол секілді мал азыгына жұмсалатын азықтық қосындылардың құрамы мен қоректілігі шыгу тегіне, өндіру технологиясына және азықтармен қосылуына байланысты өзгереді.

Мал азықтандыруында қолданылатын азықтар мен азықтық қосындылар жалпы қоректілік, сапа-құнарлылық жэне диеталық-жұғымдылық қасиеттері бойынша жіктеліп, топтастырылады да, жекелеген топтарга бөлінеді, яғни классификацияланады. Мал азығын жіктеуді жоғарыда келтірілген барлық көрсеткіш қасиеттерін нысандап, жан-жақты сяпаттау мәліметтері тұрғысынан қарастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет