Өсімдік тектес жемшөп. Өсімдік тектес жемшөпке табиғи және екпе
(мәдени) өсімдіктердің мал азығына тікелей жегізіліп (жайылып) немесе
шауып туралып берілетін бөліктері (жапырағы, сабағы, тамыры, түйнегі,
сылқаны, бұтағы, т. б.) жатады. Физикалық жағдайы мен қоректік заттардың
шоғырлану дәрежесіне сәйкес өсімдік тектес жемшөп аумақты (объемистые) жэне құнарлы (концентрированные) топқа бөлінеді.
Аумақты жемшөпке 1 кг құрғақ затындағы қорытылатын қоректік заттары 0,5 кг-нан төмен, сондықтан да қуаттылыгы 0,65 азық өлшемінен (З МДж-ден) аспайтын ылғалды (шырынды) немесе жасұнықты азықтар жатады. Аумақты азыққа барлық көк шөп (зеленый корм), ірі шөп (грубый корм) пен шырынды (сочный корм) кіретіндіктен, бұл азық тобы шаруашылық азық қорының (кормовая база) негізін құрайды. Бойында өсімдік шырыны сақталатындықтан көк шөп пен шырынды азықты ылғалды, ал кептіріліп, іріленген ірі шөпті (грубые корма) жасұнықты аумақты жемшөп тобына жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |