Синтетикалық азықтық қосындылар. Бұл азықтық қосындылар тобына қоректік заттары өте жоғары шоғырланған химиялық және микробиологиялық түзу өнімдері жатады. Олардың қатарына синтетикалық мочевина, яғни карбамид, аммоний фосфаты, аммоний суы секілді синтетикалық азоттық қосындылар мен азықтық ашытқы (кормовые дрожжи), L - лизиннің, DL - метиониннің азықтық қосындылары кіреді.
Минералдық қосындылар. Бұл табиғи шикізаттан өндірілетін азықтық қосындылар мал азығына қосымша минералды заттар көзі ретінде қол- данылады. Оларға ас тұзы, азықтық бор (кормовой мел), азықтық әк (кормовой известняк), ұлу қабыршығы (ракушечник), сүйек ұны, кальций- фосфорлық және кальций-натрийлік азықтық фосфаттар, қызыл топырақ (красная глина), микроэлементтер тұздары мен көп компонентті минералдық брикеттер, түйіршіктер жатады.
Дәріс №8. Құнарлы азықтар тобы
Достарыңызбен бөлісу: |