Егемкулов Н. А. Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру Шымкент, 2020 ж Рецензенттер


Азық құрамы мен қоректілігіне әсер ететін факторлар



бет22/58
Дата07.09.2020
өлшемі303,91 Kb.
#77651
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Байланысты:
МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 15 ДӘРІС

Азық құрамы мен қоректілігіне әсер ететін факторлар

Бір түрге жататын өсімдіктердің өзінің химиялық құрамы тұқымына, сортына, топырақ құрамына, ауа райына, агротехнологиясына, т.б. бірқатар факторларға байланысты ерекшеленеді. Мысалы, дәнінің сүттеніп жетілу кезеңінде (молочная спелость) жиналған жүгері сорттарының 1 кг құрғақ затына есептегендегі қоректілігі 0,98—1,33 азық өлшемі 415—512 г қорытылауын протеин аралығында ауытқыған. Өсімдік дақылдың қор жинауы мен қоректілігіне өскен аймақтағы ауа райының ықпалы тиеді. Мысалы, ауа райы қоңыржай тропикалық аймақта өсірілген дакыл дәнінің майында қаныққан олеин қышқылы мол жиналса, ыстық-суығы жиі ауысатын континенталды аймақта өсірілген сол дақыл дәнінде, керісінше, қанықпаған май қышқылдары басым болады. Өсімдік май қорының бұлайша өзгеруін жылдың ыстық мезгілі (шілде-тамызда) мен салқын тартқан мезгілінде (қыркүйекте) байқауга болады.

Көк балауса өсіп дамыған сайын оның ылғалдылығы азайып, құрғақ заты ұлғаяды. Өніп-өсуі мен жетілуі, шабылып дайындалу ерекшеліктеріне байланысты көкшөптегі протеин көлемі - 15-20%, май көлемі - 8-60%, тамыр- түйнек жемістілердегі, тиісінше, 13-25% пен 15-66%, дәндегі, тиісінше, 8- 16% мен 9-58% аралығында өзгереді. Сондықтан тым ерте шабылған балауса құрамында құрғақ зат аз болса, кеш шабылған көк шөп құрамында қиын қорытылатын жасұнық молайып, ол іріленіп, қатаюынан қоректік заттар қорытылымы нашарлап, жалпы қоректілігі төмендейді. Осы тұрғыдан алғанда астық тұқымдастар көгін масақтанған кезеңінде, ал бұршақ тұқымдастардыкін толық бүршіктетіп, гүлдене бастаған кезеңінде дайындаса, жасұнығының онша лигнинделмеуінен өлі қатаймаған, бойына жеткілікті қоректік заттар қорын мол жинаған жемшөп дайындалады.

Өсімдік құрамының өзгергіштігін бойында өте аз мөлшерде жиналатын микроэлементтер деңгейінен байкауға болады. Биогеохимия ілімі бойынша барлық топырақ құрастырушы (почвообразующие) элементтер биосфера қабаттарына шашыранды түрде таралатындықтан, олар өсімдікте, одан жануар (мал) денесінде жергілікті топырак пен судағы көлеміне сэйкес жиналады. Мысалы, өсімдігінде минералды элементтер малдың физиологиялық мұқтаждығына сәйкес деңгейде шоғырланған Орталық қара топырақты аймақпен салыстырғанда, Қазақстан жерінің жартысынан көбін алып жатқан құрғақ далалы, жартылай шөлейт жөне шөлді биогеохимиялық өңірлерінің өсімдіктерінде бордың - 88%, мырыштың - 76%, стронцийдың - 47%, йодтың — 80%, мыстың - 40%, кобальттың 52% аз жиналады (В.В. Ковальский ж.б., 1960). Бұл малды түрлі эндемиялық, яғни жергілікті жерге ғана тән ауруларға шалдықтырады. Биогеохимиялық ізденістер бағытында жүргізген еліміздігі зерггеулер нәтижесінде Іле және Жоңгар Алатауының алқабын қамтитын республиканың оңтүстік-шығыс өңірінде йодпен қоса мыс, мырыш, кобальттың (А. Таңатаров, Н. Омарқожаев, 1966-1975), Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын қамтитын солтүстік өңірінде селеннің жетіспеушілігін анықтаса, Ақтөбе, Қостанай облыстарын қамтитын солтүстік-батыс өңірінде никель мен хромның (А. Егеубаев, 1975), Шығыс Қазақстан облысын қамтитын шығыс өңірінде молибденнің (М. Байтурин т. б., 1960—1971), керісінше, қажеттіліктен тыс артық жиналуы анықталып отыр. Бұл орайда биогенді минералды элементтерінің жетіспеушілігімен қатар мал мұқтаждығының шамадан тыс артуының да зиянды екені анықталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет