Әмірші ұзақ уақыт жорықта жүргенде, жұбайын сағынған Кіші ханым
оған арнап жұртта жоқ керемет ескерткіш салдырмақ болады. Алмас хан
білмейді. Жорықтан қайтып келе жатқанда оның көзіне алыстан бір
сырық шалынады.
Қақ төрде әлгі бір аспан мен бой таласқан көк сырық – мұнара.
«Көк
масаты көйлек киген әлдебір арудың алыстан арып-ашып келе жатқан жарына
сағына қол бұлғап, көкке көтерген білегіндей жұп-жұмыр, сымбатты мұнара
жақындаған сайын жалт-жұлт ойнап, жарқырай түсті».
Осы мұнараны салдыру оңайға түспейді. Кіші ханымды сыртынан көрген
сәулетші жас жігіт оған өлердей ғашық болып қалады. Сөйтіп, мұнараның
соңғы кетігін бітірмей жүріп алады.
Кіші ханым өзінің киімін кигізіп, бір
қызметші қызды жібереді. Шебер оған (Кіші ханым деп ойлап) ғашық екенін
айтады. Әмірші айналасы да Кіші ханым мен шебердің арасында бірдеңе бар
деп есептейді, бірақ ешқайсысының қаһарлы ханға айтуға жүрегі дауаламайды.
Тек бәйбішесі – Ұлы ханым өзегін құрт жеген қызыл алманы Әміршіге
жіберткізу арқылы оның ең сүйікті әйелі Кіші ханымның «сырын»
әшкерелемек болады.
Қызметші әйел құрты бар алманы алтын табаққа салып әкеліп жүреді.
Әмірші арасын ашып қараса, бұлаңдап құрт шығады. Қызметшілерінің
Достарыңызбен бөлісу: