«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет103/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Бапай шал мен кемпірі 
- әжесінің тумаласы, Аянды қолдарына алған, бірақ
дұрыс қарамаған жандар.
Тұржан 
- армия қатарынан жақында ғана қайтқан, сол қолын білегінен оқ
жұлып кеткен, бірақ өзі аса қатыгез, мейірімсіз адам еді. Келген күні-ақ:
«Қан көріп, қаным бұзылып келді…» – деп, үйіне жиналған қатын-қалаш,
кемпір-шалдың зәресін алған. Бригадир боп тағайындалғаннан кейін, жұм-
сағанда тілін қайырған талай әйелдер мен жасөспірім балаларды, әлімжеттік
етіп сабаған, Аянды да ұрып-соғып кетеді. Өржанның баласы.
Асылбек шал
- ауылдағы сынықшы.
«
Маңызды деректер:
Аянның прототипі — Науқан Керімов.
Автордың ойынан кетпейтін бейне:
жарғақ сары тоны қаудырлаған, то-
бығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген ақсақ қара бала бір кет-
пейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын
жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтап жүгіріп келе
жатқан Аян. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей,
тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын», – де-
ген жалынышты үнін естимін.
Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. 
Ол әжесі екеуі
біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал деген-
нен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып,
туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің
жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.
Балалар көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақты-
рып, атысып ойнап жүргенде
 Садық
бір балаға нұсқап қалады, барлығы оған
қараған кезде ол өзінше әлдеқандай боп кейкиіп, екі қолын қалтасына сап
шіреніп, шолақ танауын тыржитып қойды. 
Қоңырқай жүзі тершіп,
маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашын үрлеп тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет