алалар Аянның бастауымен Бапай шалдың үйінің іргесіне келгенде,
Бапайдың кемпірі қуып жібереді. Садықтың ойына ауыл шетіндегі ат
қора түсіп, ертегі тыңдау үшін сол күннен бастап күнде кешкісін ат қо-
раның төбесіне жиналуды әдетке айналдырдық.
«Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те,
ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиет-
тің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді.»
Садық, Есікбай сынды балалар батырлардың ссілтеген семсерлеріне қы-
зығып, фашистерді бауша қияр едім деп армандайды.
Өзі жетім болған соң ба, кім білсін, Аянның ертегілері көбіне жетім бала
туралы болушы еді.
Біз ертегілердің бәрін Аянның өзі күнделікті ойлап шығаратынын білсек те,
оған пәлендей мән бермеуші едік. Бар білетініміз: Аян күнде неше түрлі ер-
тегілерді ойлап кеп, кешкілік бізге айтып беруі керек, ал біз ұйып оты?рып
тыңдағанды ғана білеміз. Ертегі ойлап шығару оңай ма, қиын ба, ол жағында
еш шаруамыз жоқ. Тіпті ол жағын сөз ете қалғанның өзінде де, «Аян ғой күн
сайын бір ертегі ойлап шығарады, ендеше ертегі шығару қиын да емес
шығар, тек басқамыз ертегіні қалай құрастырудың әдісін білмейтін болар-
мыз», – деп түйетінбіз. Таң атқаннан күн батқанша салп-сұлп етіп, көшенің
аяғынан басына дейін шана сүйретіп сырғанақ ойнауды ғана білетінбіз. Кеш-
кісін тесік пималарымыз бен сырма шарықтарымыз зілдей боп, шылқылдап
су өткеніне қарама?стан, ат қораның төбесіне тартатынбыз…
Аянның тапқан қулығы: енді ол күнде кешкісін бізге сол күні ойлап
шығарған жаңа ертегісін тездетіп айтып бітіреді де, біреуіміздің шана-
мызды сұрап ап, түннің бір уағына дейін сырғанақта жападан-жалғыз
ойнайды.
Бір күні Аян әкесін түсінде көреді,
әжесінің ылғи айтатыны: «ағаңды
анау Жусантөбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде, айдалада та-
пқанмын».
Аянның айтуынша әкесінде жусанның иісі содан екен. Бұл күні
Аян жалғыз көзді дәу туралы ертегісін бастады. Бұл оның бұрынғы ер-
тегілерінен де әлдеқайда қызықты еді. Түнерген аспан, ат қораның іргесінен
әрі қарай үңірейіп жатқан қорқынышты терең құз, бәрбәрі күннің ерекше бір
нұры құйылып жарқырағандай боп, басқа бір дүниеге – ертедегі күлкіге толы
қызық дүниеге айналды. Қотыр тай мен жетім бала туралы айтатын, ал асқар
тау жалғыз көзді дәудің мекені дейтін.
|