«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Бірде Аян өрістен мал қайырып келе жатып үйретемін деп, өзінің қасқа



Pdf көрінісі
бет105/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

Бірде Аян өрістен мал қайырып келе жатып үйретемін деп, өзінің қасқа
бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті. Сол
жолы Аянның тобығы тайып бір айдай үйінде ауырып жатыып, осыдан
кейін-ақ Аянның тобығы тайғыш болып алды.
Бұл кезде қыс түсіп қар жауған. Біз болсақ сырғанақтың қызығына кіріскен-
біз.
Ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді.
Кенет бүкіл ауылды шулыға шыққан ащы дауыстар селт еткізді. Төбе құйқа-
ны шымырлатып жоқтау айтқан дауыстар Аянның үйінен шығып жатыр,
әжесі қайтыс болған екен. Бірақ Аян жыламады. «Ертегі тыңдайсыңдар ма
деді?» – деді.
Барлық ертегісі «Ертеде бір жетім бала бопты…» деп басталады.
«Е, жұлдыздың нуы жиі екен, ертең күн ашық болады,» – деп қойды үлкен
кісіше Аян.
 Ертеңіне Аянның әжесі жерленді. Жұрт ат қойып зираттан қайтқанда,
Аян әжесінің қабірінің басында елдің ең соңынан шошайып жалғыз қал-
ды. Ол бұл күні де жылаған жоқ. 
Қарлы топырақ араласқан жас қабірге
жаутаңдап біраз қарап тұрды да, бір уыс топырақты іліп ап: «Топырағың
жеңіл болсын, әже!» деп шашып жіберді.


Сол күні Аян әжесінің тумаласы Бапай деген шалдың үйіне көшті. 
Дәл
осы кезде, азын-аулақ көрпе-жастық тиелген шананы Бапай айдап, Аян өзі
қоңыр сиырын бұйдасынан жетелеп көшенің басындағы шалдың үйіне көшіп
бара жатты. Қоңыр сиыр Аянды сүзіп жіберердей боп алға қарай оқтана жүр-
ді. Бірақ сүзген жоқ, жүріп келе жатқан бойда Аянның қаудырлаған сары то-
нының етегіне иіскеді де, тұмсығын созып, ыңырана мөңіреді. Аянның ша-
насы жоқ, сондықтан елдің шана тепкенін қызықтап қарап тұрды,Аян
бәріміздің шанамызды бір-бір реттен теуіп шықты. Ол қып-қызыл боп қара
терге түсе ентігіп, алабұртып, елден ерекше даурыға сөйлеп, сақылдап күлу-
мен болды.
Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет