Бүкіл тіршілік екі қарама қарсылықтан тұрады:тірі табиғатта адамдар, жануарлар, ер - әйелге бөлінсе, өлі табиғатта инь және янь бар. Қытайлық дүниетаным бойынша тірі және өлі табиғат, бүкіл дүние тіршілігі негізінде Тай-цзи-ян мен иньнің бірін – бірі өзара толықтыруы, алмастырылуы, бірлігімен күресі жатыр.
Инь мен Яньның өзара әсері бүкіл әлемдік құбылыстардың мәнін анықтайды. Мұндай қызметті олар адамның өмірі мен парасаты іс- әрекетінде де, таным процесінде де байланысты атқарады. Инь және Янь бүкіл әлемдік хаосты реттеуші бастау болып табылады. Инь Янь бір – бірінсіз өмір сүрмейді.
Б.д.д. VIII-V ғасырларда ежелгі Қытай философиясының «инь», янь теориясы «ци» концепциясымен толықтырылды.
У- син ілімінің қалыптасуы Цзоу Янь есімімен байланысты. Бұл ілім заттар мен құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін бақылау нәтижесінде қалыптасқан. Кез –келген зат немесе құбылыс мынадай даму кезеңдерден өтеді:
Жаралу, пайда болу.........символы ағаш;
Ең жоғарғы белсенділік .......символы от;
Торығу........символы металл;
Ең төменгі енжар......... символы су;
У-син ілімі Инь мен Яньды зерттеу барысында пайда болғандықтан бес элементтер арасындағы байланыстар қарма-қарсы түрде болады. Конструктивті (бір біріне оң әсер ететін) байланыс. Су – отты өшіріп жояды.От металлды балқытып, оның күшін жояды. Металл ағашты жояды. Ағаш тамырлары мен жерді бұзады. Жер суды сіңіріп жояды.
Ежелгі Қытай философиясында әлемнің әр затын немесе құбылысын осы бес элементтермен байланыстырылады. Мысалы адамды алатын болсақ,, онда оның ішкі органдарын мынадай түрге жіктеуге негіз бар: бүйрек су элементіне жатады, бауыр ағашқа, жүрек отқа, өт жерге, өкпе металға. Бір қызығы қазіргі заманда медициналық зерттеуге жүгінсек,аталған органдар арасындағы оң және теріс байланыстардың жиынтығы екендігін дәлелдегеніне көз жеткізуде. Сөйтіп, Инь мен Янь, У-син ілімдері ежелгі Қытайлықтардың дүниетанымының негізін құрайды.