Ежелгі Ќытай философиясы



бет5/5
Дата08.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#118110
1   2   3   4   5
Даоның екіұдайылығы
  • Барлығын қамтиды(су сияқты барлығына енеді)
  • Тұрақты, тыныштық күйдегі әрекет
  • Дүниемен бірге өзгереді,әрекеттенеді
  • Сезім таным арқылы қабылданбайды
  • Сенім, ұғым арқылы қабылданады
  • Сөзбен сипаттауға келмейді, атаусыз,есімсіз
  • Тәнсіз
  • Жоғары ақиқатқа ие ұсақ бөлшектер тереңінде жасырылған.
  • Өте ұсақ
  • Шексіз
  • Бос
  • Түпсіз
  • «бейболмысты тудырып Аспан мен жерге бастама береді»
  • Бүкіл болмысты тудырады, «сансыз заттардың» бастауы, арғы тегі.
  • Конфуциандық ілім
  • Негізін қалаушы б.д.д. 551-479ж.ж. өмір сүрген Конфуций(Кун-фу-цзы)
  • « ұстаз-кун».
  • Конфуций шәкірттерінің жазбаларынан құралған «ұстазбен болған сұхбаттары» туралы «Лунь- Юй» біздер үшін Конфуций ілімі туралы мәлімет көзі болып табылады.
  • Конфуций ілімі адамды бірінші әлуметтік өмірдің мүшесі ретінде қарастыратын ежелгі философиялық мектеп.
  • Конфуций(Кун-фу-цзы) « ұстаз-кун»
  • Конфуциондық қарастыратын негізгі сұрақтар:
  • - адамды қалай басқару керек?
  • - қоғамда өзін қалай үстау керек?
  • - Конфуций іліміндегі алтын ереже «жэнь-адамсүйгіштік»
  • - өзіңе тілемейтінді өзгеге жасама».
  • Конфуций ілімінің басты қағидалары:
  • - қоғамда және қоғам үшін өмір сүру;
  • - патшаға бағыну;
  • - жасы мен жағдайы үлкен, атағы жоғарыларды тыңдау;
  • - адамгершілікті сақтау;
  • - ұстамды болу, шектен шықпау, ұштарлыққа салынбау;
  • - бір-біріне жол беру, өзара ізет-ілтипат;
  • Конфуций ілімі басшы, жетекші қандай болу керек деген сұраққа мән береді, көп тоқталады. Басшы, жетекші:
  • патшаға бағынады, конфуциандық қағидаларды сақтайды, қажетті білімдерді игерген, еліне қызмет ететін патриот, биікті көксейтін, жоғарғы мақсаттарға ұмтылатын, ізгілікті, мемлекетке, айналасындағыларға тек жақсылық жасайтын, мәжбүр ету ғана емес, үлгі көрсету, түсіндіру арқылы ықпал ететін, қол астындағылардың және мемлекеттін қамын ойлайтын болу керек.
  • Бағыныштылар: басшыға, жетекшіге құрмет көрсететін, жұмыста тыңғылықты болуға, үздіксіз оқу және өзін-өзі жетілдіруі тиіс.
  • Легистер (заңгерлер), негізгі өкілдері:
  • - Шан Ян (б.д.д. IV ғ),
  • - Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д, III ғ).
  • Легистер конфуцийшылдардың мемлекеттегі әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі, "Мейірімділік пен адамгершілік" - қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның.орнына қорқынышты дәріптейді.
  • Елде тәртіпсіздік болмас үшін, олар келесідей қағидалар ұсынды:
  • 1. мақтаудан жазалау көп болу керек;
  • 2. аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет;
  • 3. ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады;
  • 4. адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек.
  • Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлім
  • Конфуцийшылдардың мемлекет - үлкен отбасы, оның басшысы - халықтың әкесі деген ілімінің орнына легистер: мемлекет - өз аясына бір машина сияқты құбылыс, билеуші, өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот деді.
  • Мемлекеттің негізгі мақсаттары:
  • 1.ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет құру;
  • 2.осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру.
  • Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет