Ежелгі Араб медицинасы
Араб медицинасы - араб елдері мен ислам дінін қабылдаған халықтар арасында орта ғасырларда жақсы дамыған ғылым салаларының бірі . Шығыста ислам дініне дейін емдеу жұмыстарын ирандықтар, еврейлер , сириялықтар жүргізді. Сол кезеңдегі дәрігерлердің білікті ұстазы Харет ибн Кадалахтың араб тілінде жазылған еңбектері қазіргі кезге дейің сақтаулы . Бұл еңбекте тамақты тарта жеудің, денені таза ұстаудың, ішімдікті көп ішпеудің т.б негізгі ережелер айтылған. Араб халифатында ауруханалар жүйелі түрде жұмыс істеуге көшірілді. Орта ғасырлардағы Араб елдерінде ауруханалардың жанынан медициналық мектептер ашылды. Олардың бай кітапханалары, ғылыми орталықтары болған. Мұндай орталықтар Бағдатта (8ғ), Кордова мен Куфеде(10ғ )Дамаск мен Кирде (13ғ) ашылған. Дәрігерлер даярлау әр сала бойынша (тіс дәрігері, хирург т.б.) жүргізілді. Науқастың түрі мен сипатына қарай жіктеп емдеуді тапқан арабтар болған. Олар үлкен қалаларда тазалық ережелерінің бұзылмауын қадағалап отырған. Ауруды емдеу және одан сақтандыру негізгі мақсатына айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |