Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі


-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу



бет26/48
Дата24.05.2017
өлшемі10,66 Mb.
#16931
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48

451-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату -

бұқаралық ақпарат құралының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



2. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабар таратудың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе) тарату -

бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады.

 

452-бап. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу



1. Теле-, радиокомпаниялардың Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын:

1) отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радиобағдарламаларды белгіленген пайыздық нормадан кем таратуы;

2) телеарнада жаңалық сипатындағы телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе субтитр түріндегі аудармамен қамтамасыз етпей тарату;

3) телеарнада кадр алаңының он бес пайызынан асатын қосымша ақпаратты тарату;

4) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес теле,- радиоарналардың теле, - радио бағдарламаларын беру сапасын қамтамасыз етпеу түрінде жасаған бұзушылығы -

лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -



лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралықтарында телерадио хабарларын тарату арналары бойынша қазақ тіліндегі хабарларды басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем тарату -



бұқаралық ақпарат құралының баспасөз өнiмi немесе өзге де өнiмі тәркiлене отырып және үш айға дейiнгi мерзiмге шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -



телевизиялық хабарларды және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым сала отырып, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінен жиырма пайыз асатын шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау -



лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -



бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын:

1) телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды таратпауы;

2) телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарналарды ретрансляциялау шарттарын бұзуы түрінде жасалған бұзушылығы -



лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -



лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Теле-, радиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын:

1) ғимараттың және (немесе) ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатты көздемейтін ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру;

2) балалар мен жасөспірімдердің дене, психикалық, имандылық, моральдық және рухани дамуына зардабын тигізуі мүмкін телебағдарламаларды тарату;

3) телерадио хабарларын тарату операторларының және теле-, радиокомпаниялардың адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету сигналын, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде сигналды уақтылы таратпауы;

4) телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану;

5) радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына жерүсті спутниктік жеке қабылдау құрылғылары арқылы бөгеуіл жасау;

6) телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке, қайта есепке қойылмаған теле-, радиоарналарды таратуы түрінде жасаған бұзушылығы -



лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -



лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

453-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату



1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау -

бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -



бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, телевизиялық бағдарламаларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -



өнім тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -



телевизиялық хабарларды және (немесе) радиохабарларының таратылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензиядан айыра отырып және заңды тұлғаның қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

454-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеудiң, сақтаудың мiндеттi тегiн даналарын беру тәртiбiн бұзу



1. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың мiндеттi тегiн даналарын бермеу -

ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.

 

455-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу



1. Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану -

жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнаманы тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу -



жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -



жеке тұлғаларға - жетпіс, лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -



бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға - бір жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

456-бап. Шығарылым деректерiн хабарлау тәртiбiн бұзу



2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен теле-, радиоарналардың эфирге шығуы -

ескерту жасауға немесе бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiнiң таралымы тәркiлене отырып не онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн дайындау және тарату үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.

 

 



2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен 456-1-баппен толықтырылды

456-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу

1. Жауаптылығы осы Кодекстің басқа баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпарат пайдаланушының сұрау салуы бойынша берілуге жататын жағдайларда мұндай ақпаратты беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту не көрінеу жалған ақпарат беру -



лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көрінеу жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен орналастыру -



лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы Кодекстің 504-бабының үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, қол жеткізу шектелген ақпарат болып табылмайтын ақпаратты қол жеткізу шектелген ақпаратқа құқыққа сыйымсыз жатқызу -



лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -



лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 



27-тарау. Басқарудың белгiленген тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар

 

457-бап. Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

1. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тiркеуге ұсынбауы -

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лауазымды адамның белгіленген тәртіппен күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған, белгіленген тәртіппен ресми жарияланбаған, қолданысқа енгізілмеген не қолданысын уәкілетті орган тоқтата тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiнi қолдануы -



жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -



отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

458-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу



1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және орындау -

екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау -



лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -



төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

459-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу



Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн:

1) олар жариялайтын мәтіндердің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестігіне сараптамадан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау;

2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне дәлме-дәл сәйкестікте жарияламау;

3) қолданысқа енгізу күнін көрсетпеу;

4) жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспасөз басылымының түсініктемелерімен нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау түрінде жасалған бұзушылық -

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

460-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу



Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы -

жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу



Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу -

ескерту жасауға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

 

462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау



1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық ресурстардың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден бас тарту, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптамалар және заңнамада көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту түріндегі кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не анық емес ақпарат беру -

жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



жеке тұлғаларға - жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы Кодекстің 162, 227-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау -



белгілі бір қызмет түріне рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау органдары анықтаған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпаратты бермеуі не уақтылы бермеуі -



жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы Кодекстiң 625-бабының екiншi бөлiгiнде, 626-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау -



жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен ескертпе жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Ескертпе.

1. Қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, жеке тұлға қажеттi құжаттарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердiң материалдарын, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

2. Қаржы мониторингі субъектілерін, мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қажеттi құжаттарды, статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердiң материалдарын, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы, энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемдері туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін, егер мұндай тұлға энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз тоннасынан аз көлемге барабар көлемде тұтынатын болса, осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

 

463-бап. Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру



1. Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -

әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



әкімшілік құқық бұзушылық жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.

Ескертпе. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға және валюталық операцияларды тіркеуге, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.

 

464-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу



2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу -

белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан, лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жоймау -



белгiлi бiр қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

465-бап. Рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзу



1. Рұқсат беру мерзiмiн бұзу -

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiптi бұза отырып рұқсат беру, сол сияқты рұқсат беруден негізсіз бас тарту -



лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

466-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктерді есептік тiркеу туралы заңнамасын бұзу



1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкiлдiктерін қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру -

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы уақтылы хабарламау -



шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

467-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайтармау



Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтармауы -

жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

468-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасын бұзу



1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған мәлiметтердi жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:

уәкілетті орган:

1) тіркеуші органдар өтініш берген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастырмау;

2) тіркеуші мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер өтініш берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларға ақпарат бермеу түрінде жасаған;

тіркеуші орган:

1) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уақтылы ұсынбау;

2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;

3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау түрінде жасаған;



мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер:

1) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;

2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу, рұқсат беру және өзге де сипаттағы құжаттарды беру кезінде сәйкестендіру нөмірін ескермеу түрінде жасаған;

банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:

сәйкестендіру нөмірін ескермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру алгоритміне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақыламау түрінде жасаған орындамау не тиісінше орындамау -

лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -



лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

469-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу



1. Жеке немесе заңды тұлғалардың күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарды бұзуы -

жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау -



қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

470-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу



1. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау және (немесе) тиісінше орындамау;

2) шетелдік заңды тұлғаларға, шетел қатысатын заңды тұлғаларға, шетелдіктерге, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға күзет қызметінің барлық түрін жүзеге асыру; жеке күзет ұйымдарын құру немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болу; сенімгерлік басқаруында жеке күзет ұйымы болу құқықтарын беру;

3) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымына «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 6-тармағының талаптарына сай келмейтін адамдарды қабылдау;

4) күзетшіні өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оның жеке басын және жеке күзет ұйымына тиесілі екенін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжатпен және арнаулы киіммен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау;

5) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабында көзделген шектеулерді сақтамау;

6) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымын атқаратын жұмыскерлердi даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық -

лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау -



қызметке тыйым сала отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

471-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы



1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бюджетке аударуына жататын салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің сомаларын осы бөлiкте көрсетiлген органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салықтық бақылау нәтижелері бойынша анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды орындамауы -



лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -



лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

472-бап. Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану қағидаларын бұзу



1. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi, атап айтқанда:

1) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;

2) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді;

3) тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттар бар көмбелерді;

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға немесе оған теңестірілген тұлғаға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне келіп түскен және арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды;

5) заңнамалық актілерде көзделген өзге де жағдайларда республикалық меншікке өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын;

6) белгіленген тәртіппен қараусыз қалған деп танылған мүлікті;

7) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, оның ішінде иесіз мұраны;

8) олжаларды;

9) қараусыз қалған жануарларды уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -



жеке тұлғаларға - сегiз, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртiбiн:

1) мемлекеттің меншік құқығының туындағанын куәландыратын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етпеу;

2) аукционды ұйымдастырушыны аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу арқылы таңдамау;

3) ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті жоймау;

4) осындай мүлікті өткізуден түскен сомаларды мемлекеттік бюджетке уақтылы аудармау түрінде жасалған сақтамау -



лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету



Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен өздеріне мұндай мәліметтер туралы белгілі болған тұлғалардың кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі -

қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

474-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, сол сияқты мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып, белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асыруы



1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы -

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы -



лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



лауазымды адамдарға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

475-бап. Салық есебiне қоюдан бас тарту немесе салық есебiне қою мерзiмдерiн бұзу



1. Салық төлеушiнi тiркеу есебiне немесе салық төлеушiнi қосылған құн салығына салық төлеушi ретiнде есепке қоюдан бас тарту, сол сияқты мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының салық заңнамасында белгiленген мұндай тiркеу (есепке алу) мерзiмдерiн бұзуы -

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

476-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу



Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін:

1) келу мен кетудiң ерекше режимi;

2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу;

3) жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салу;

4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;

5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу;

6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу;

7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, аудио- және бейнежазу техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқамалар; бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;

8) байланысты пайдаланудың ерекше қағидалары;

9) көлiк құралдарының жүруін шектеу және оларды жете тексеруден өткiзу;

10) коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу бөліктерінде орындамау, егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -

ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

 

477-бап. Терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу



Терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген құқықтық режимді бұзу немесе талаптарды:

1) келу мен кетудің ерекше режимі;

2) жеке тұлғалардың жергілікті жердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жүруіне тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі келтіру;

2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды



2-1) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жедел штаб басшысының рұқсатынсыз терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында болуы және олардың дыбысжазуды, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруы;

3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке басын жете тексеруді және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді жүргізуге кедергі келтіру;

4) байланысты пайдаланудың ерекше қағидаларын;

5) егер кешеуілдеу адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстап алу үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі келтіру;

6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;

7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі келтіру;

8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын және өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі келтіру;

10) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнім айналымының ерекше режимін орнату бөлігінде орындамау -

қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

478-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер



Құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн немесе ұлттық және дiни алауыздықты қоздыратын әрекеттер, жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi келтіру, сол сияқты қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызметтiк мiндеттерiн немесе қоғамдық борышын орындайтын iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерiнiң, әскери қызметшінiң, билiк немесе жұртшылық өкiлдерiнiң заңды өкiмдерiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау не қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнаманы бұзу -

қырық айлық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

 

479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламау



Істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының және басқа да адамдардың қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабарламауы -

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

480-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу



1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы -

ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiккке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

 

481-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру



1. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да нәрселердi жете тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттену -

ескерту жасауға немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

 

482-бап. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы



1. Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау -

қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -



қару тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Заңсыз сақталған қаруды өз еркiмен тапсырған тұлға, егер оның әрекеттерiнде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.

 

483-бап. Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу



1. Азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы -

азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды олардың сақталу орындарынан тыс жерлерде және (немесе) қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға лицензиясы жоқ тұлғаларға өткiзу -



азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -



азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

484-бап. Азаматтық, қызметтiк қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу



1. Қаруды сақтауға, алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар жеке тұлғалардың азаматтық қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзуы -

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қызметтiк қарудың, оның патрондарының сақталуына жауапты ұйым қызметкерлерiнiң оларды сатып алу, сақтау немесе тасымалдау қағидаларын бұзуы, сол сияқты олардың қызметтiк қаруды және оның патрондарын өз мақсатында пайдаланбауы -



он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

485-бап. Газды қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану



1. Газды қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану -

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -



қару тәркiлене отырып немесе онсыз, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

486-бап. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу



1. Азаматтық және қызметтiк қаруды тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбiн не оны есепке қою қағидаларын:

1) жеке тұлғаның қаруды сатып алғаннан кейiн тiркеу және оны сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсат алу;

2) жеке тұлғаның азаматтық қаруды сақтауға және (немесе) алып жүруге рұқсатты ұзарту туралы iшкi iстер органына өтiнiш жасау;

3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету;

4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш жасау;

5) заңды тұлғаның қызметтiк және (немесе) азаматтық қаруды сатып алғаннан кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу мерзiмдерiн бұзудан көрінген бұзу -



жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -



жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

487-бап. Азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн тапсырудан жалтару



Азаматтық қаруды, оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылған жеке тұлғалардың оларды өткізу үшiн тапсырудан жалтаруы -

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

488-бап. Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу



1. Қазақстан Республикасының жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды не өзге де көпшiлiк iс-шараны ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткiзуге кедергi келтіру, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiк iс-шараға қатысу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -

жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға әкеп соғады.

2. Ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының санкцияланбаған жиналысқа, митингіге, пикет қоюға, демонстрацияға немесе өзге де көпшiлiк iс-шараға қатысушыларға үй-жай не өзге де мүлiк (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдық, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де жағдайлар жасауы -



жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не жиналысты, митингiнi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған әрекеттер -



елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

 

2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 488-1-баппен толықтырылды



Каталог: upload
upload -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
upload -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет