«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі 1 Әкімшілік құқық түсінігі


 Әкімшілік құқық пәні туралы жалпы ұғым



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата15.05.2020
өлшемі478.3 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
2 Әкімшілік құқық пәні туралы жалпы ұғым

           Әкішілік құқық атқарушы билік органдарының (Үкімет, министірлер мен ведомствалар, өзге де орталық атқарушы 

органдар, әкімияттар, сондай-ақ  басқа да жергілікті атқарушы органдар) қызметін ұйымдастырумен байланысты қатнастарды 

реттейді, олардың құрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс – қимылдарын 

анықтайды. Әкімшілік құқықпен сондай – ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтармен және өздерінің құзіреттеріне 

сәйкес мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс – қимыл жасауы барысында туындаған қатнастары, сондай – ақ әкімшілік 

құқық бұзушылықпен байланысты қатнастар реттеледі.

             Әкімшілік құқық жалпы әмбебап жинақталған актінің болмауымен     сипатталады, мұның соңғысы құқықтық осы 

саласымен реттелетін қатнастар құрамының күрделі болуына байланысты. Әкімшілік құқықтық қайнар көздері болып 

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 

әкімшілік – құқықтық қатнастары нормалары бар және осы қатнастарды реттейтін өзге де актілері, сондай – ақ Қазақстан 

Республикасы қатысушысы болатын халықаралық -  құқықтық келісімдер болып табылады.

             Әкімшілік құқық мемлекеттік билік органдарының билік - өкім шығару өкілеттіктерімен сипатталады. Заңның 

негізінде және олардың құзіретіне сәйкес қабылданатын шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады. Ал өзінің ішкі 

мазмұны жағынан олардың еркі беру – шешімдер  жолданытын адамдардың белесінді іс-әрекеттеріне құқық беру; тыйым 

салу – белгілі бір әрекеттер жасаудан тартыну талабы, нұсқаулар, яғни белгілі бір әрекеттер жөнінде адамдарға міндеттер 

жүктеу сипатына болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде, әкімшілік құқық саласының ерекшелігінің дәлелдейді, бұл әкімшілік 

құқықтық қатнастар субъектілері жағдайының бірдей маңызды болмайтынан көрінеді. Алайда, осыған қарамастан, әкімшілік 

– құқықтық қатнастарға қатысушылар, мұның азаматтық –құқықтық қатнастарға қатысушылар үшін сипатта  болатындай тең 

болып табылмайды, бұл ұғым азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалады 

деген сөз емес. Әкімшілік заңнамасында осы қатнастарға барлық қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау 

кепілдіктері айтылады, олар азаматтар мен заңды тұлғалардың, олардың арасындағы қатнас – тарындағы мемлекеттік 

органдар мен уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағым беру мүмкіндігіндей құзіретін айқын реттеуден 

көрінеді.

Сонымен әкімшілік құқық Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің құрамды буыны болып табылады. Әкімшілік 

құқықтық тағы бір маңызы мынада: қаржы, банк, кеден, салық құқығы және басқалары сияқты құқық салаларының жаңа 

институттарын құру процессінде әкімшілік – құқықтық нормалар басқарушы, әдістемелік орталық рольді атқарады, 

және олардың орнығуына, кешенді институттар мен дербес салалар болып бөлініп шығуына көмектеседі.

          Әкімшілік құқық бүзушылық туралы заңнаманың міндеті – адам мен азаматтың құқтарын, бостандықтары мен заңды 

мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитарлық – эпидемиологиялық саулығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, 

меншікті, қоғамдық әртіп пен қауіпсіздікті,белгіленген тіртіпте жүзеге асыратын мемлекеттік билікті, ұйымдардың заңмен 

қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай – ақ олардың жасалуының алдын 

алу.

         Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы мемлекеттік басқарудың негіздерімен байланысты мәселелерді 



қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін ашады, сонымен қатар жеке адамдардың мемлекеттегі басқарудағы рөлін көрсетеді. Ол 

экономиканы мемлекеттік басқарудың құқықтық, әлеуметтік дамуы мен мәдениеттің, әкімшілік – саяси құрылымдардың, 

Қазақстан Республикасы салааралық мемлекеттік басқарудың негіздерін, сонымен қатар басқармалық қызметте заңдылықты 

қамтамасыз ету нысандары (формалары) мен әдістерін оқытуды қарастырады.

          Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы мемлекеттік басқару жұмысы мен бұл саладағы қоғамдық қатнастарды 

құқықтық реттеу механизміне түсінік береді. Басқармалық қатнастарда әкімшілік құқық пәнін оқытуды республика және 

белгілі бір аймақ (облыс немесе аудан) көлемінде қарастыруға болады. Сондықтан министірліктерінің, әкімшіліктердің, басқа 

да мемлекеттік басқару органдарының болашақ қызметкерлеріне тәжірибелік қызметте қажетті білім беру, біліктілік және 

дағдыларды қалыптастыру мен бекітудің маңызы жоғары.



           Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы пәнін оқыту міндеттерін жалпы алғанда былай көрсетуге болады:

-

басқармалық қатнастардың ерекшеліктері мен мағынасын зерттеу;



-

басқармалық қатнастарды реттеудегі әкімшілік – құқықтық нормалардың қызметін анықтау;

-

әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық орнын анықтау;



  

-

әкімшілік құқық қызметінің әдістері мен түрлерін зерттеу;



-

әкімшілік құқық субъектілерінің жұмысында заңдылық тәртібін қамтамасыздандыратын тәсілдерін белгілеу. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет