«Әкімшілік құқық» пәнінен қысқаша курс дәрісі 1 Әкімшілік құқық түсінігі



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата15.05.2020
өлшемі478.3 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
1.Әкімшілік құқықтық қайнар көздер ұғымы.

2.Заң әдебиетіндегі құқықтың қайнар көздері.

3.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.

3.Әкімшілік құқық қайнар көздерінің түрлері.

  Әкімшілік құқық қайнар көздері дегеніміз –құқықтың әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушылық-билік қызметі 

өрісінде қалыптасқан қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларының құқықтық формалары.Әкімшілік құқық 

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің бір саласы болып табылады ,оның өзінің құқықтық реттеу өрісі,және 

өзіне тән ерекшеліктері бар.Әкімшілік құқық көздері де , тиісінше , құқықтың басқа салаларының көздеріне қарағанда 

өзгеше болып келеді.Олар әкімшілік құқық реттейтін қатынастардың ерекше мазмұнымен ,құқықтық реттеудің әдісімен 

және әкімшілік құқық субъектілерінің ерекшеліктерімен анықталады.

    Нормативтік акт әкімшілік құқық көзі ретінде атқарушы билік органдарының ресми құқық шығармашылық актысы 

болып табылады,онда құқық нормалары және заң күші болады.Бүгінгі күндері ол басқару саласында қатынастарды 

құқықтық реттеудің негізгі құралы болып табылады.

   Атқарушылық қызметпен байланысты болғандықтан әкімшілік құқық қатынастарында "жоғарыдан төмен" қарай қатаң 

бағыттылық бар. Оның тиімділігін қамтамассыз ету үшін құқықтық нормалардың неғұрлым көп субъектілерге таралуы 

қажет .Басқа жағынан алып қарасақ,мысалы азаматтардың құқықтарын қорғау үшін ,атқарушы билік органдарының 

барлық әрекеттері өте нақты болуы тиіс.

    Нормативтік актілер барлық жағынан осы екі талапты қанағаттандырады.Оны пайдалану басқарушы органдардың 

қызметі таралатын өндірістің шекарасын айқын анықтауға мүмкіндік береді.

   Әкімшілік құқық көздері болып табылатын нормативтік актілерге мына қасиеттер тән:

   -қабылдаудың ресми тәртібі;

  -құқықтық нормалардың болуы;

  -қысқаша баяндалуы;




  -күшінің неғұрлым көп субъектіге таралуы;

  -басқаратын да,басқаралатын да субъектілердің мүддесін білдіруі.

   Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық көздері болып табылатын көптеген нормативтік актілер бар.

   1.Қазақстан Республикасының Конституциясы,1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда 

қабылданған ,құқықтың барлық көздерінің арасындағы оның алатын орны ерекше .Конституция дегеніміз басқару 

орталығының рөлін атқаратын құқықтық негіз ,оған әкімшілік заңнаманың барлық элементтері бағынуға міндетті.   

   2.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі,нормативтік қорыту жасаудың 

құралы және құқықтың өз құрылымының функционалды факторы болғандықтан ,әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

әкімшілік заңнама жүйесіндегі біріктіруші бастау болып табылады.Қалыптасқан ережеге сәйкес Кодекс-біртекті 

қоғамдық қатынастарды реттейтін ,құқықтық нормалар біріктірілген және жүйеге келтірілген заң болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет