Тынымбек Жазира +7 707 032 44 52
Instagraam:@zhazira_tynymbek
Биология 7-сынып
Экожүйелер. Тірі ағзаларды жүйелеу
Тапсырма №1
Трофикалық деңгейлер
Трофикалық деңгейлер. Бір организмдердің органикалық заттарында болатын энергияны басқа организмдер пайдаланады. Бір организмдердің екіншілерін қорек етуі барысында болатын заттар мен оларда жинақталған энергияның автотрофтардан гетеротрофтарға тасымалдануы қоректік тізбек (қоректену тізбегі, трофикалық тізбек) деп аталады.Қоректік тізбектегі буындар саны әртүрлі болады, әдетте, 34 кейде 5 болуы мүмкін. Мәнісі сол, қоректік тізбектің соңғы буынына өте аз энергия түсетіні сондай, ол мөлшер организм саны көбейген жағдайда жетпейтін болады.
1. Үшінші трофикалық деңгейге жатады
A) продуценттер
B) екінші реттік консументтер
C) редуценттер
D) үшінші реттік консументтер
E) фитофагтар
2. Екінші трофикалық деңгейге жатады
A) жасыл өсімдіктер
B) редуценттер
C) паразиттер
D) планктондар
E) шөпқоректі жануарлар
3. Күн энергиясын бірінші тұтынушылар
A) фитофагтар
B) консументтер
C) гетеротрофтар
D) продуценттер
E) бактериялар
4. Тіршілігін жойған органикалық затты бейорганикалық қосылыстарға айналдыратын қоректік тізбектің соңы
A) консументтер
B) редуценттер
C) автотрофтар
D) фитофагтар
E) продуценттер
5. Детриттік тізбектің өкілдері
A) жасыл өсімдіктер
B) жыртқыштар
C) зоопланктондар
D) саңырауқұлақтар
E) фитофагтар
Тапсырма №2
Биологилық диктант:
Тірі ағзалардың бір біріне әсер етуі........... деп аталады.
Өлген жануарлардың қалдықтарымен қоректенетін ағзалар.......... деп аталады.
Ағзалармен қоректенетін бірақ оларды бірден өлтірмейтін жануарларда бар олар-......
Әр түрлі қоректік тізбектен ................... құралады.
Тапсырма №3
Суретті қолданып қоректік тізбек және қоректік тор құрастырыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |