«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет57/77
Дата06.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#80159
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
Байланысты:
умк хто-17-1
ВМС каз
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Өндірістік инфрақұрылым мазмұны.
2. Өндірістік инфрақұрылым міндеттері.
Әдебиеттер:
1.Шепеленко,Г.И. Организация и планирование производства на предприятии: 110 экзаменационных ответов: учеб. пособие / Г.И. Шепеленко.- 2- изд., перераб. и доп.- М.; Ростов н/Д: МарТ, 2016ж
2.Бесков В.С. Основы общей химической технологии. М:, Химия-2015-478с
3.Кожекин Т..Я., Синица Л.М. Организация производства. Минск. 2014ж.
7 лекция
Тақырыбы: Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру
Мақсаты: Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру жолдарын меңгеру.
Түйіндік сөздер:
Негізгі мәселелер мен қысқаша мазмұны:
Лекцияның жоспары
1. Кәсіпорындағы жөндеу шаруашылығы.
2. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәсіпорында рациональды ұйымдастырушылық жөндеу жұмыстары шаруашылығының басты міндеті құрал-жабдықтарды нақты сипаттамаларымен және жоспарлы тапсырмаларды орындау кезіндегі эксплуатациялық көрсеткіштерімен тоқтаусыз пайдалануға беруді қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның жөндеу жұмыстары құрамына мына цехтер кіреді: жөндеу-құрылыс, электржөндеу, жөндеу-механикалық.
Кәсіпорынның жөндеу жұмыстары қызметіне келесі жұмыстарды атқару жатады:

  1. Құрал-жабдықтарды паспорттандыру және аттестациялау.

  2. Жөндеу жұмыстарының технологиялық процестерін жасау және оларды жарақтандыру.

  3. Техникалық қызмет көрсету және құрал-жабдықтарды жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлау және орындау.

  4. Құрал-жабдықтарды модернизациялау.

  5. Жөндеу жұмыстары шаруашылығын және осы қызметте жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру.

Жөндеу жұмыстары шаруашылығын және құрал-жабдықтарға технологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, күту, қадағалу және жөндеу жұмыстары бойынша жоспарланған ұйымдастыруышлық және техникалық шаралардың жиынтығы ретіндегі жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстары жүйесіне негізделеді. Аталмыш жүйе құрамына жұмыстың келесі түрлері кіреді: техникалық қызмет көрсету, жоспарлы жұмыстар - ағымдық, орташа және күрделі.
Жөндеу жұмыстары мен құрал-жабдықтарға қызмет көрсету жүйесі құрал-жабдықтардың сипаты мен пайдалануға беру жағдайына байланысты әртүрлі ұйымдастырушылық формаларында былай функцияланады: бақылаудан кейінгі жүйелер, стандарттық жөндеу жұмыстары жүйелері және периодтық жөндеу жұмыстары жүйелері.
Жөндеу жұмыстарын және құрал-жабдықтарға қызмет көрсетуді рационалды ұйымдастыру мұқият конструкторлық, технологиялық және материалдық дайындықты талап етеді.
Кәсіпорындарда жөндеу жұмыстары шаруашылығын ұйымдастырудың келесі формалары кеңінен тараған: орталықтандырылған, орталықсыздандырылған және аралас.
Жөндеу жұмыстарында уақытты қысқартуды қарапайым құрал-жабдықтар жұмысты ұйымдастырудың прогрессивті технологиялары мен формаларын, жөндеу жұмыстарының кешенді механикаландырылуы мен автоматтандырылуын; жұмысшылардың жұмыс орындарын мамандандыруын; жөндеу жұмыстарының ретті-торапты әдістерін; жөндеу жұмыстарын орындауды кәсіпорынның жұмыс істемейтін ауысымдары мен күндерінде ұйымдастыруын енгізу арқылы жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығын қысқартуға қол жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет