Демэкология ол популяциялар экологиясы. Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияларда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. (латын тілінен аударғанада популяция – халық, тұрғындар деген мағынаны береді). Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтау қабілеттілігі тән. Яғни, популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамалары болады. Популяция дегеніміз - белгілі бір аумақта тіршілік ететін және өзара шағылысып ұрпақ беретін бір түр дараларының жиынтығы. Түрлі факторлардың әсерінен популяциядағы даралар саны, құрамы, таралуы өзгеріп тұруы мүмкін. Популяция латынша роpulus - халық, ел дегенді білдіреді.
Табиғатта популяцияның әр алуан түрлерінің өте жоғары жүйесінің дәрежесі - қауымдастыққа бірігеді. Қауымдастық (биотикалық) - бұл белгілі аумақты мекендеуші популяцияның жиынтығы. Қауымдастық организмдері органикалық емес ортамен энергетикалық байланыста. Мысалы, өсімдік, минералды тұздар, оттегі, су, көмір қышқыл газының үнемі беріліп тұру есебінен тіршілік жасай алады. Мұндай жағдайда «қауымдастық» бірлестік терминінің қолданылуы мүмкін ең кіші бірлікті биоценоз деп атайды (1877ж. К. Мебиус енгізген). Өзара байланыстағы организмдерді және бірлесе мекендейтін топтарды - биоценоз дейді. Биоценоздың көлемі әр алуан — індер қауымдастығы, ағаш жапырағы, құмырсқа илеуінен бастап, орман, дала, шөл т.б. - ландшафтарына (жер бедеріне) дейін. «Биоценоз» терминін құрлықта өсіп түрған біртекті өсімдіктерге қолданады. Мысалы, қылқанды орман, дәнді дақыл егістік биоценозы т.б.
Биота (грекше bios - өмір) - өсімдік, жануар мен микроорганизмдер түрлерінің ортақ (жалпы) аймаққа таралуының жиынтығы. Түрлердің арасындағы экологиялық байланыстың жоқтығынан ол биоценоздан ерекшеленеді.