Экономика және басқару институты «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы


Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары



бет27/81
Дата25.08.2017
өлшемі9,18 Mb.
#26012
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81

Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары.
Сандық сипаттамалрының маңыздыларының біріне математикалық күтім M(X), дисперсия D(X) және орта квадраттық ауытқу (Х) жатады.
Дискретті кездейсоқ шаманың мүмкін болатын мәндерінің сәйкес ықтималдықтарына көбейтінділерінің қосындысын оның математикалық күтімі деп атайды.

M(X) белгіленеді:



M(X)=x1p1+x2p2+…+xnpn=
Математикалық күтімнің қасиеттері:

1) Тұрақты шаманың математикалық күтімі тұрақты шаманың өзіне тең:

M(C)=C;

2) Тұрақты көбейткішті математикалық күтім белгісінің сыртына шығаруға болады: M(CX)=CM(X);



3) Тәуелсіз кездейсоқ шамалардың ақырлы санының көбейтіндісінің математикалық күтімі олардың математикалық күтімдерінің көбейтіндісіне тең:

M(X·Y·Z)=M(X)·M(Y)·M(Z);


Кездейсоқ шамалардың ақырлы санының қосындысының математикалық күтімі олардың математикалық күтімдерінің қосындысына тең:
M(X+Y+Z)=M(X)+M(Y)+M(Z);


  1. Егер Х кездейсоқ шамасының барлық мәндерін бірдей С санына кемітсе (арттырса) , онда оның математикалық күтімі де сол С санына кемиді (артады):

  2.  

M(C-X)=M(X)-C
Х дискретті кездейсоқ шамасының дисперсиясы (шашырау) дегеніміз, Х пен математикалық күтімінің квадратының математикалық күтімнен ауытқуын атайды:

 

D(X)=M[X-M(X)]2


Дисперсияны есептеу үшін келесі формуланы қолданған қолайлы:
D(X)=M(X2)- [M(X)]2
Дисперсияның қасиеттері:


  1. Тұрақты шама С-ның дисперсиясы 0-ге тең:

D(C)=0;


 

  1. Тұрақты көбейткішті дисперсия таңбасының алдына квадрат дәрежесін шығаруға болады.

  2.  

D(CX)=C2D(X);

 


  1. Бірнеше өзара тәуелсіз кездейсоқ шамалардың қосындысының дисперсиясы осы шамалардың дисперсияларының қосындысына тең:

D(X+Y+Z)=D(X)+D(Y)+D(Z);




  1. Екі тәуелсіз кездейсоқ шамалардың айырмасының дисперсиясы осы шамалардың дисперсияларының қосындысына тең:

D(X-Y)=D(X)+D(Y);



 

Х кездейсоқ шамасының орта квадраттық ауытқуы деп дисперсиядан алынған квадрат түбірді атайды:


σ(X)=;
 

Дисперсияның өлшемі кездейсоқ шаманың квадратының өлшеміне тең. Себебі, орта квадраттық ауытқуы дисперсиядан алынған квадрат түбірге тең болғандықтан, онда σ(Х) өлшемі Х-тің өлшеміне тең. Сондықтан шашырау бағасы дұрыс болуы үшін орта квадраттық ауытқуды есептейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет