«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет43/57
Дата19.10.2022
өлшемі0,6 Mb.
#153961
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Байланысты:
ЭК-лекция

Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік субъектісі кім бола алады?

  2. Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз не ?

  3. Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны?

  4. Серіктестік дегеніміз не ?

  5. Біріккен кәсіпорындар дегеніміз не?


Дәріс 12. Пресс-конференция дәрісі
Тақырып 12. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлау

  1. Кәсіпорындағы жоспарлардың жіктелуі

  2. Бизнес жоспарды жасау мен әзірлеу әдістемесі.

  3. Бизнес-жоспардың негізгі тарауларының мазмұны.

Кәсіпорындағы жоспарлаудың жіктелуі.
Дәрістің мақсаты: экономикалық циклдың мәнің ашу, инфляция,жұмыссыздық ұғымымен танысу, нфляцияның,жұмыссыздықтың түрлерін анықтау. Олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау.


Негізгі ұғымдар: экономикалық цикл, дағдарыс, инфляция,жұмыссыздық,сұраныс инфляциясы, шығын инфляциясы, құрылымдық жұмыссыздық, фрикциондық жұмыссыздық,маусымдық жұмыссыздық, Оукен заңы, Филлипс қисығы.

Жоспарлау – қоғамның әр-түрлі салаларында болашақ қызметтердің жобасын жасау барысы. Жоспарлау кез-келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтері мен қатар) басқару қызметі.


Жоспарлау - алдағы уақытта белгілі бір жағдайға қол жеткізуді мақсат етіп қою болып табылады.
Болжам - алдағы уақытта обьектінің мүмкін жағдайын және оны жүзеге асырудың альтернативті жолдары мен мерзімдерінің ғылыми негізделген ойластырылуы.
Жоспарлау келесі белгілер бойынша жіктеледі:

  • масштабына байланысты (көлеміне);

  • уақыты бойынша;

  • мақсаты бойынша.

1) Масштабына байланысты:

  • микроболжам;

  • макроболжам.

2) Уақыты бойынша:

  • ұзақ мерзімді (5 жылдан 15 жылға дейін);

  • орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін);

  • қысқа мерзіммді (1 айдан 1жылға дейін);

  • шұғыл (1 айға дейін).

3) Мақсаты бойынша:

  • нормативтік;

  • ізденіс.

Сонымен жоспарлау – алға қойған жұмыстарды негіздеугге, міндеттеуге, тиімді реттеуге, ақпаратты өндеуге, бағытталған ақыл-ой процессі.
Тәжірибеде жоспарлаудың негізгі 5 әдістерін ажыратады:

    • баланстық;

    • есептік-конструктивті;

    • бағдарламалық, мақсаттық;

    • экономикалық-математикалық;

    • нормативті-ресурстық.

Жоспарлау жүйесі – бір-бірімен тығыз байланыстағы және бір-біріне ықпал етуші жоспарлау процесстерінің жиынтығы.
Жоспарлаудың келесі түрлерін қарастырады:

  1. стратегиялық жоспарлау;

  2. тактикалық жоспарлау;

  3. оперативтік (шұғыл) жоспарлау.

Стратегиялық жоспарлау – фирманың барлық даму концепциясын анықтайды, басқарудың ең жоғарғы звеносымен дайындалады және орта мерзімді мен ұзақ мерзімді жоспарлаудан тұратын негізгі құжат болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – фирманың аз шығын жұмсай отырып, көп мөлшерде пайда табуға, неғұрлым тиімді қызмет ету бағытын таңдау болып табылады.
Тактикалық жоспарлау – бұл шаруашылық операциялардың жағдайларын жоспарлау (өндіріс қуаттылығы, капиталы, инвестиция, мамандарды және т.б), қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларға жатады және стратегиялық жоспар тактикасына жету болып табылады.
Оперативті (шұғыл) жоспарлау – бұл арнайы бағдарламалар мен жұмыстарды жоспарлау. Оперативтік жоспарлаудың ұзақтығы операциялардың масштабына байланысты болады.
Оперативті жоспарлау – кәсіпкерліктің пайдалы даму үшін ең керекті бөлігі, яғни ұйымдастыру, іс-әрекетін анық тауып, мәселелерді шешу, міндеттер мен шешімдерді араластыру, операция көлемін, нарықтағы өмір сүру жағдайын, сату көлемі мен пайдасын, сонымен қатар керекті мәселелерді алдын ала анықтап, болдырмау жолын қарастыруда үлкен роль атқарады.
Бизнес-жоспар жоспарлау жүйесіндегі әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе-жол. Бизнес-нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның пайда табуға бағытталған әкономикалық қызмет. Бизнес-жоспар - субъект ұйымдастырып отырған өндірістің, қызмет көрсету т.б. мақсаттарымен оған жету жолдарын анықтау.Әдетте ол 1-5 жылға жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет