Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.
Мұндай қажеттіліктер тікелей адамдар арасындағы әрекетке байланысты қанағаттандырады. Пайдалану мақсатына қарай заттай игіліктер мен тауарлар екі түрге бөлінеді.
Тұтыну заттары (киім – кешек, тамақ баспана).
Өндірістік құрал – жабдықтар немесе инвестициялық (машина, станоктар, зауыт құралдары).
Тауарды тұтынуға ма, әлде өндірісте ме қайсысына жататынын екі жағдайға байланысты анықтауға болады.
Тауарды кім сатып алады – жеке адам немесе фирма.
Тауар не үшін қажет: тұтыну тауарлары қажеттіліктерді қанағаттандырады, ал өндірістік тауарлар басқа тауарларды өндіру үшін пайдаланылады сондықтан олар қажеттіліктерді аралық түрде қанағаттандырады.
Тауардың екі түрі де ұзақ мерзім және қысқа мерзім аралығында пайдаланады. Кейде көп мерзім қолданылатын игіліктерді ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық экономикалық игіліктерге бөлуге болады.
Игіліктерді өзара орын ауыстырушы және өзара толықтырушы тауарлар деп бөлуге болады. Орын ауыстырушы тауарларға тек тұтыну тауарлары мен өндірістік ресурстарды (Мысалы: май мен маргарин балмұздақ пен сусындар, плащпен пальто) ғана емес сондай ақ жол қызметтің жатқызуға болады және мәдени қызмет саласы т.б жатқызуға болады. Экономикалық игіліктерді қазіргі және болашақтағы деп бөлуге олады.
Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.