15 график. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
Р S
Р2
Е
PЕ
Р1 D
QЕ Q
|
Мұнда, S – ақшаның ұсыныс;
D – ақшаға сұраныс;
Р - проценттің мөлшерлемесі,
Q – ақшаның массасы.
Ақшаға сұраныстың және ақша ұсынысының тепе-теңдігі, басқа кезгелген нарықтағы тепе-теңдік сияқты қалыптасады. Проценттің мөлшерлемесі тепе-теңдік процент мөлшерлемесінен PЕ төмен болса, шаруашылық субъекттер өздерінің ақша көлемін өсіруге тырысады.
|
Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:
Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.
М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп-шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.
М2= М1+мерзімді салымдар.
М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары.
Тауар айналымына қызмет ететін ақша айналымы экономикалық заңмен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті ақша санына (Аа) сай болады:
Мұндағы: С – тауар бағасының соммасы;
А- бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.
Нарық жағдайында айналымдағы ақша саны әрбір кезеңде үш факторға тәуелді:
айналатын тауардың массасымен
олардағы баға қозғалысымен
ақша айналымының жылдамдылығымен анықталады.
Бірақта ақша айналым құралы ретінде ғана емес төлем құралы ретінде қызмет атқарады. Сондықтан айналым үшін қажетті ақша саны төмендегі формалумен анықталады:
Аа= С – Н + Т -Е
А
Мұндағы: Аа - айналымдағы ақша саны;
С - өткізуге жататын тауар бағасының сомасы;
Н- несиеге өткізілетін тауар бағасының сомасы;
Т - мерзімі келген төлемдер;
Е - өзара есеп айырысу сомасы;
А – бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.
Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:
Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.
Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.
Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу.
Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.
Несиенің дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.
Достарыңызбен бөлісу: |