1. Құқықтық негізді құру. Құқықтық негізсіз экономика, жалпы қоғам дұрыс дамымайтыны белгілі. Мемлекет меншіктік құқықты анықтайтын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін, өнім сапасын қамтамасыз ететін және т.б. заңдарды құрастырады және қабылдайды. Құқықтық негіз көмегімен мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ара қатынасын реттейтін “ойын ережесін” қамтамасыз етеді.
2. Елдегі құқық ережелерін және оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мемлекет әрбір азаматтың, жалпы қоғамның және нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Егер мемлекет міндетті қызметін атқамайтын болса, онда криминалды жағдайдың дамуына шектеулер қойылады: кәсіпорын қызметі мен жалпы экономикаға әсер ететін коррупция, мафия, пара алу және т.б. қылмыстарға