Мемлекеттің фискалды саясаты. Мемлекеттің фискалды саясаты болып экономиканың тірілуі мен тұрақтануы мақсатында мемлекеттік бюджет пен салықсалуды реттеу табылады. осы рычагтардың көмегімен кәсіпкерлік қызмет пен ел экономикасына мемлекеттің әсер ету механизмі келесімен аяқталады. өндірістің құлдырауы кезінде жалпы сұраныстың жоғарылауы үшін мемлекет қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға өз шығындарын жоғарылатады. Мемлекет экономикасының жоғарылауына өз табыстарын азайту жолымен де әсер етуі мүмкін, яғни халықтан және кәсіпорындардан алынатын салықты азайту. Бұл жағдайда халықтың тұтынушылық тауарларына сұранысы жоғарылайды, ал нәтижесінде экономиканың тірілуіне әкелетін кәсіпорынның инвестициялауға мүмкіндігі жоғарылайды. Қаржылы-несиелі саясат деп мемлекеттің банктік проценттер мен ақша массасын және несиелерді мемлекеттік басқару түсіндіріледі. Бюджеттік саясаттан несиелі-ақша саясаты жақсы қару болып саналады , оның көмегімен өндірістің құлдырауы мен инфляцияға сәйкестігін жеңе білуге болады. Бұл саясаттың мәні мемлекет ақша массасына және пайыздық ставкаларға әсер етеді, ал олар тұтынушылық және инвестициялық сұранысқа әсер етеді. Несиелі-ақша саясатында басты рольге Қазақстанның Ұлттық банкі ие болады. Экономикалық жағдайларға байланысты пайыздық ставкаларды реттей отырып, ол коммерциялық банктерге несие беруді шешеді.