«Экономиканы мемлекеттік реттеу»



бет2/9
Дата27.05.2018
өлшемі2,11 Mb.
#40978
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Төртінші кезеңде бір-бірімен байланыссыз күйзеліске қарсы құрылымдарға бағытталған шаралар жүргізіліп, жұмыспен қамту, бағаға әсер етуге талпынады. Мемлекет каржы жинақтап, орталықтандыруды қолдайды. Тікелей байланыс, кәсіпкерлер одағы, ғысқандар жиыны арқылы біріккендер үкімет іиііндегі саясатқа күшті ықпал жасайды. Олар мемлекеттік тапсырмалдар мен құрылыстар арқылы байып, бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңындағы күйге келтірген.

Бесінші кезең Еуропадағы төңкеріс, Ресейдегі төңкерістің жеңісі соғыстан кейінгі тоқырау, 1929-1931 жылдардағы ұлы күйзеліспен сипатталады. Бүл жағдай жогары деңгейдегі жалпы экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілінімен ойландырады. Дж. М. Кейнс ЭМС белсенді араласу бағытын жасайды. Нарықтық қатынастың тарауына шектеу қою туралы қадамдар жасалады.

Алтыншы кезеңдегі МЭС негізгі табыстық жаңарып, молайып, жинақталуын ынталандыруга бағытталған, сыртқа шығаруды қолдайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ЭМР шаралары жасалады. Мемлекет негізгі қорларды кысқа мерзімде жарамсызға жатқызу арқылы қор салудағы өзін-өзі қаржыландыру саясатын жүргізеді. МЭС шаралары әрқилы, жиі, бірақ бәтуасыз. ЭМР ілімдері мен тәжірибелерінде Кейнс, босаңшылық (либерализм) ағымдарына қарсы күрес жүргізіледі.

Әскери - өндірістік кешендер қүрылады. Шаруашылык басқарудағы мемелекеттік орындар , әскери басшылық, қару-жарак өндірушілер, екі жақты пайдаланылатын өнімдер, ғылыми-қүрастыру орталықтары біріктіріледі.

Социалистік қүрылым мемлекетаралық қатынастағы қосылымдар жасайды, мысалы, экономикалық өзара көмек кеңесі (СЭВ). Онда еңбекті бөлу орталықтандырылған нүсқау, жоспарлау негізінде жүргізіледі.



Батыс Еуропаның экономикалық ынтымақтастығыны алғашқы қадамдары жасалады.

Жетінші кезеңде соғыстан кейінгі үзақ мерзімде экономиканың көтерілуі дамыған елдердің экономикасында жаңа келелі мәселелер туғызады. ЭМР ойлаушылары мен іске асырушылары оның шешімін сала, аймақтық орта мерзімді бағдарлар жасаудан таппақшы болады. Дамыған елдердің кейбіреулерінде улершде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жеңілдікпен сату, халыққа тарату сияқты түрлері жүргізіледі. Сегізінші кезеңде ЭМР ілімдері мен тәжірибесінде ақша айналымын қадағалау (монетаризм) ағымы әйгілі болады.

Тоғызыншы кезеңде Батыс Еуропа , Солтүстік Америка, Шығыс Азияда халықаралық экономикалық қатынастардың нәтижелі дамуына байланысты ЭМР міндеттері Үлттық орындарга беріледі. Дүниежүзілік қатынастарда Дүниежүзілік каржы орны, ССБК (салым, сауда басты келісімі) (ГАТТ - генеральное соглашениение по тарифам и торговле), тағы басқа халықаралық ұйымдар шешуші маңыз атқарады.

3. Шаруа-қ жүргізудің нарықтық жүйесі бар елдерде мемлекеттік басқару 2 бағытқа бөлінеді:

- экономикалық



- әкімшілік

Әкімшілік басқару мемлекет меншігіндегі объектілер мен мемлекеттік ұйымдарға жүргізіледі. Мемлекет объектілерге қатысты мынадай құқықтарға ие:

• олардың қызмет етуі мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүргізілуін талап ете алады

• басшыларын жалдап, тағайындап және ауыстыра алады.

• Объектілерді құру және жою, сатып алу және сату, оның табысын бөлуге, үйлесіне үміткер бола алады

• өзінің объект басқаруда өкілдікті мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдар мен құрылымдарға табыстай алады.

• басты басқару құқығын өзіне қабылдай отырып, мемлекет тиімді жағдайда белгілі бір кезең аралығында сенімгерлік басқаруды енгізу.

• тікелей мемлекеттік басқаруындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тексеру және бақылау.

1) Тікелей мемлекеттік басқару объектілеріне мыналар жатады:

А) мемлекеттік бағдарламалар

В) мемлекеттік ұйымдар

С) мемлекеттік бюджет қаржылары

Д) мемлекеттік акция пакеттері

Е) аса маңызды объектілер мен ресурстар ( қарулы күштер, пайда қазбалары, ұлттық қорлар, тарихи ескерткіштер және т.б.)

2) Әкімшілік мемлекеттік басқару субъектілері

А) мемлекеттің, биліктің атқарушы органдары

В) заң шығарушы және сот органдары

Экономикалық әдістер. Экономикалық басқару субъектілерге кәсіпорынға, компанияларға, кәсіпкерлерге, ұйымдарға, мемлекеттің бекітілген ережелер, нормалар, шектеулер арқылы ықпал етуі және ол бұл ережелердің мүлтіксіз орындалуы мемлекет тарапынан талап етіледі.

Экономикалық немесе жанама мемлекеттік реттеу ретінде ақшалай-несиелік инструменттер. Ақшалай-несиелік құралдар 2 түрге бөлінеді:

1) Ақшалай эммисиясы, ірі қаржылық мөлшерлемесін орнату, Орталық банкте қаржылық құралының, резервті қорының минималды көлемін орнату және де бағалы бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік мекемелердің операцияларын жүргізу. (бағалы қағаздар нарығында)

2) Экспортты, импортты квоталар, лицензиялар, кедендік баж салықтар, салықтық тағайындамалар, салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер.

Мемлекеттің экономикаға араласуы мүмкін бағаның тең жайылған болып:

1) нарық экономикасы субъект (ойыншықтарын) жасап шығару

2) мемлекеттік секторды жасау және оны басқару

3) табыстарды қайта бөлу

4) экономикалық дамуын қарастыру

5) табиғи монополияны басқару, монополиялармен күресу

6) бағалар мен еңбекақыны қадағалау

7) есеп мөлшерлемесін қадағалау

8) эммисиялық қызметті жүргізу

9) салықтарды қадағалау

10) фирмалар мен компаниялардың сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру

ЭМР-ң негізгі формаларын қатастырсақ оның мұндай әсер етуінің бір аспектісінде баға қалыптастыруын біле аламыз.


Тура әдістер

Жанама әдістер

1) Бағалық субсидиялар

2) Акциздер

3) Қосылған құнға салық салу

4) Салықтан босату

5) Экспорттық субсидиялар


1) Сыртқы саудадағы үлесі

2) Кедендік баж салығы

3) Эмиссия

4) қайта қаржыландыру

5) Кейбір салықтар



3.Дәріс. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі

Дәріс мазмұны
1. Мемлекет нарықтық субъектісі ретіндегі ерекшеліктері

2. Мемлекеттің экономикалық іс-әрекетінің негізгі бағыттары

1.Мемлекет ерекше нарықтық субъектісі ретінде 3 белгісімен сипатталады:

- реттеуші-экономикада болатын өзгерістер әрқашан экономиканың реттеу құралдарының өзгерістерін тең болуын көздейді.

- мемлекет кірістерінің нарықтық емес шығу тегі. Мемлекет экономикалық емес іс-әрекет жүргізу арқылы табысты табу және бұны мемлекеттің пайдалануына бөледі. (мемлекеттік бюджет және салық).

- мемлекеттің императивтік статусы-барлық мемлекеттік емес субъектілерге қойылатын талаптар міндетті түрде жүзеге асырылуы қажет.

Экономиканы негізгі реттеудің негізгі белгілері:

1) Мемлекет әлеуметтік қажетті салаларды қаржыландыруы қажет, себебі бұл жеке бизнесті қызықтырмайды және пайда әкелмейді.

2) Мемлекеттік кәсіпкерлік жеке бизнес пен бәсекелеспей оның дамуына ықпал жасау керек.

3) Қаржы-несие және салық саясаты экономикалық өсумен әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етуі керек.

4) Мемлекет жалпы шаруашылық дағдарысты шешуду халықаралық экономикалық қатынастар процесінде салыстыру қажет.

Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсатттары:

1) Нарық процесінде кездесетін әртүрлі жағымсыз жақтарды минилизациялау;

2) Құқықтық, қаржылық, әлеуметтік, алғышарттарды жасау;

3) Нарықтық қоғамда жағдайы нашар әлеуметтік топтарды қарау.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру мемлекет әртүрлі құралдармен пайдаланылады. Бұлар мемлекеттің экономикаға араласуының максималды және минималды шекаралары. Максималды шекарасысы ақша айналысын ұйымдастыру, қоғамдық тауарды ұсыну және сыртқы эффекті зардаптарын азайту. Минималды шекарасына жататын табысты қайта бөлу, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, монополия және инфляция, аймақтық саясатты жүргізу. Басты зерттеулері дамыту, дүниежүзілік экономикадағы ұлттық мүддесін қорғау.



Экономистердің назарын аудартуға тиісті ең маңызды проблемалардьң бірі - бұл Қазақстан Республикасында нарық дамуының кейбір стратегиялық ерекшеліктерін қайта қарауды талап ететін шаруашылық жүргізудің нарық жағдайына көшу арқылы ел экономикасын дағдарыстан шығару. Атап айтқанда, экономиканың дамуындағы қателіктер мен күрделенген шиеленіс-тердің болуы жаңа жағдайлардағы нарықгы басқару істерінің жолға қойылмауынан деп түсінуге болады.

Қазір уақыт экономистерге жаңа, ең жоғары талаптарды қояды. Нарықты дұрыс

2. Мемлекеттік реттеу нарықтық экономиканы басқарудың жанама түрі ретінде белгіленеді. Әр мемлекетте оның саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық жүйесінен белгілі бір дәрежеде мемлекеттік органдар түрінде экономикасы мемлекетпен реттеледі.

Экономикасы орталықтандырылған экономиканы реттеуге мемлекеттің қатысуы жиірек көрінеді. Олар басқарушынық жоспарлар, қатар заңдар, табиғи, еңбек, қаржылық, материалды ресурстарға қожалық ету.

Мемлекетті бюджетті бөлуге табылады. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде мемлекеттің экономпаиканы реттеуі жанама мінезде және кәсіпорындыр мен кәсіпкерлер қызметіне қатысуы азырақ болады.

Олар заңдылық реттеу, салықтық жүйе, міндетті төлемдер және аударымдар, мемлекеттік инвестициялар, субсидиялар, жеңілдіктер, мемлекеттік әлеуметтік және экономикалық бағдарламалар іске асыру арқылы мемлекет экологияға әсер етеді.

Мемлекеттік реттеудің басты мақсаты, мемлекеттің қоғамның мүддесін сақтау. Мемлекет экономикалық бостандық жағдайынды әлеуметтік топтау, саналар, монополиялар, кәсіпкерлер және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бұзылмауын қадағалайды. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу, келер ұрпаққа жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғау, табиғаттың жойылуына жол бермеуге бағытталған.

Тікелей мемлекеттік реттеу мемлекет үшін маңызы зор. Қоғамдық қауіптілік, экономика және қоғам үшін маңызы зор объектілер, кәсіпорындар және ұйымдарға бағытталады. Олар әскери, қорғаныс, энергия, ұлттық мұражайлар, денсаулықты сақтау, қоршаған ортаны ластау және қорғау т.б.

1) Салықтық реттеу бірінші бағыты мемлекеттік реттеу. Ол салық салу белгілерін, салықтық жеңілдіктер еңгізу, салықтан босату, сонымен қатар кезеңдік алымдар мен баждар белгілеуде көрініс алалды.

2) Қаржы-несиелік реттеу. Мемлекеттің ақша айналымы және ақша төлеміне, яғни ақша төлемін, әсер етуі. Олар: ақша эммисиясы, орталық баға арқылы ақша массасын төлеуіне әсер ету.

3) Бюджеттік реттеу мемлекеттік органдар мемлекеттің және шығындалуына басшылық жүргізе алады. Сонымен қатар мемлекет қосымша бюджетке төлемдер белгілеуге мүмкіндігі бар.

4) Бағалық реттеу. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік бағаның шекті дәрежесін белгілейді және осы нормадан жоғарламауын қадағалайды.

5) Әлеуметтік реттеу. Бұл мемлекеттің әлеуметтік тиімділік, тұрғындар өніп-өсуі, қорғау, адамдарға өмір сүру жағдайын жасау және т.б. Әуелі реттеу негізінде әлеуметтік сақтандыруды, бостандық, денсаулықты сақтандыру қолданылады.

6) Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу. Табиғи монополияны қоспағанда барлық монополистерді мемлекет шектеу жасайды немесе тыйым салады.

7) Сыртқы экономикалық мемлекеттік реттеу. Бұл мем-ң экспорт және импорт ұғымына, сыртқы сауда проц-не мемлекеттік шекарадан, тауар, валюта нарығында айырбастау, капиталды мемлекеттіке кіруі және шығуы б-ша құралдар мен шаралар қолданылады.

Нарық экономикада маңызды рөл атқарады, онда халықтың тіршілік әрекеті үшін, халық тұтынатын тауарларды дайындауда тікелей өнім өндіріледі. Бұл аспектіде соңғы 15 жылдағы мемлекеттің нарықпен өзара байланысы қалай қалыптасқаньш және дамығанын қадағалау қажет. «Біз мемлекет орнаттық, нарық экономикасын кұрдық және ол қайтарымын енді беруде», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Трансформациялык кұлдырау көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырды, біріншіден, нарықтың кезең-кезеңмен даму сатысына сокпай өтіп, дамыған елдердің деңгейі жақын бағдары ретінде қабылданды. Екіншіден, агроөнеркәсіп тауарларының бағалары, әлемдік рыноққа қарағанда жоғары, теңгенің долларға бағамы көтерілді, бұл импорттың экспортқа қарағанда артықшылығын көрсетті.

Сөйтіп, қазіргі кезендегі мемлекеттің ең маңызды міндеті — экономикалық дағдарыстан өту. Бұл республика экономикасыньщ трансформациялану бағыттарьш обьективті негіздеуді, экономика-ны жаһандандыру жағдайы бойынша онын көріну нысандарының ерекшеліктері мен заңдылыктарын негіздеуді талап етеді. Бүл мәселелерді шешпей мемлекеттің нарық пен экономикалық қатынасын дамытудағы олардың рөлін анықтау қиын.

Осы уақытқа дейін мемлекет жоспарлау мен басқарудың тиімді жүйесін құра алмауда. Халықтың тұрмыс деңгейі әлі де болса өте темен. Банкілердегі азаматтардьщ салымдары ЖІӨ-нің 10%-ын, ал сол уақытта АҚШ-та 30%-ын құрды. Ішкі нарықта шетел капиталының басым жағдайда болуы экономиканың дамуына теріс әсер етті. Бәсекелестіктің киындықтарын бастан кешіре отырып, қазақстандық кәсіпкерлер шетелдік тауарлардың қазақстандық рыноктарда шектеуді қажет етеді. Осыған орай 1999-2001 жылдары отандық өнеркәсіп тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып үлгере алмауынан еңбек өнімділігі бұрынғыша төмен болуына қарамастан импорт бойынша бірқатар шектеулер қабылдады.

Шетелдік инвесторлар Қазақстан экономикасыньщ дамуьша мүдделі еместігін ескере отырып, ерекше шетелдік инвестицияларға бағдарланбағаны жөн. Сонымен бірге мұнайгаз нарығы жұмса-лымдарьшан жоғары табыс алатын инвесторлардың көпшілігі инвестиция ағьшын өсіруді жалғастыруца. Мұның нәтижесінде, жинақ ақша мөлшері инвестициялық белсенділіктің ауқымына елеулі әсер етпейді. Өкінішке орай, мұның бәрі, республиканың салымшылары үшін епті тәсіл жасау мүмкіндіктерінің жоқтығына әкеледі.

Экономика жағдайында мемлекеттің ауыл шаруашылығының рөлін жете бағаламау сезіледі. Оның салдары ретінде, ауыл шаруашылық өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру тоқтатылды. Ауылдық жерден қалаға жұмыс күшінің жылыстауы жұмыс қолдарын пайдалануцағы сәйкессіздікке әкеледі. Алайда, ең бастысы, ауыл шаруашылығы бағалардың тепе-теңдігін бұзады.


Модуль 2. Аралас экономиканың негізгі заңдылықтары, өсу факторлары және оны реттеу

4 Дәріс. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары
Дәріс мазмұны
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттіліктерін анықтайтын факторлар.

2. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері. ЭМР құралдары.

3. Экономикаға әсер ететін тура және жанама әдістер.

4. Мемлекеттің экономикалық мақсаттары
1. Макроэкономикалық теорияның құрамды бөлігі ретінде болатын экономикалық саясат теориясы ЭМР қажеттілігін, нарықтық дамымауымен байланысты әртүрлі белгілерімен түсіндіріледі. Оған келесілер жатады:

- Бәсекелестіктің болмауы. Әртүрлі салалардағы аймақтық нарықда монополияның пайда болуынан көрінеді. Егер мемлекет өзінің бағасының реттеуіне әсер етпесе, қоғамның жағдайына залал келтіреді.

- Қоғамға қажетті нарықта ұсынылмайтын немесе аз мөлшерде ұсынылатын көптеген тауарлардың болуы. Осындай тауарлар негізінде, қызмет көрсет формада: білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және т.б. салалар.

- Сыртқы әсерлер. Мысалы, қоршаған ортаның ластануы, заңды және жеке тұлғаның, шаруашылық субъектінің қоғамға экологиялық зиянын тигізу.

- Толық емес нарықтар. Мысалы, сақтандыру қызм. көрсететін нарық. Оның ішінде медициналық және зейнетақы қызметтері.

- Мәліметтердің жетілмеуі. Көптеген жағдайларда мемлекеттің белсенді қатысуынсыз өндіре алмайтын қоғамдық таурларды білдіреді.

- Дағдарыс және дипрессия уақытында көбінесе анықталатын жұмыссыздық, инфляция, экономикалық теңсіздік.

- Табыстарды артық, не кем емес қылып бөлу.

- Нарықтық емес мемлекет қоғам тұтынуды міндеттейтін. Мысалы, білім беру, міндетті тауар саны.

ЭМР- мемлекеттің қоғамның шаруашылық өміріне әсер ету процесі және белгілі бір концепцияға негізделген мемлекеттің экономикалық және әлеуеуметтік саясаты іске асатын әлеуметтік процестер. Сонымен осындай жағдай қойылатын мақсатқа жету үшін мемлекеттік реттеу. Белгілі бір құралдар жиынтығы қолданылады.


2. ЭР-ң өзара байланысты болатын мақсаттың кезеңдері бар. Негізгі орталық мақсаттары экономикалық дамуды оның әлеуметтік салаларын қоса алғанда және қоғамдық тұрақтылықты ұстап тұру үшін жағымды жағдай қалыптастыру б.т. Қалған барлық мақсаттар осы 2 мақсаттан шығады. Бірақ , олардың уақыт өтуіне әртүрлі факторларға байланысты өзгереді және өзара тығыз қарым-қатынаста бола тұрып, өзара алмасады.

Батыста көптеген ғылыми және оқу басылымдырында мемлекеттікк ретттеудің 4 негізгі мақсатарға бөлінеді:

1) Жұмыссыздықты миницизилация

2) Бағалар тұрақтылығы

3) Ішкі өнімнің өсу қарқ-ң қамт-сыз ету

4) Сыртқы экономикалық тұрақтылығы

МР-ң осы негізгі мақсатынн әртүрлі 2-ші деңгейдегі мақсаттар шығады. Оларға

• табыс артуына және бәсек-ң дамуына жағымды жағымды институтционалды жағдайларды жасау.

• Экономикалық өсуді ынталандыру,

• ЭТПроцесзациясы, экономикалық циклді реттеу.

• Әлем нар-да ұлттық өндірушілердің жоғары бәсеке қабілеттілігін қам-сыз ету

• Сыртқы экономикалық тұрақтылықты қам. ету.

Ұлттық шаруашылықтағы ЭМ негізгі бағыттарына және ұлттық нарықта тұрақтылықты қалыптастыруға жалпы және жеке элементтер бойынша өндірістік күштеу жүйесін реттеу, экономикалық меншік қатынасын реттеу жатады. Дамыған нарықтық экономика жағдайын мемлекет өзінің мақсаттарын іске асыру үшін экономикалық және экономикалық емес фактор болатын жалпы заттар жиынын қолданады. Оларға келесі құралдар жатады:

1) әкімшілік- құқықтық құралдар

2) мемлекеттік қаржылар

3) ақша- несиелік құралдар

4) сыртқы экономикалық құралдар

1. Әкімшілік құқықтық құралдар деп негізгі экономикалық тұақтылықты қалыптастыруға бағытталған құралдарды айтамыз. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығында енгізілген шаруашылық құқық бар.

2. Мемлекеттік қаржылар батыстың барлық елдерінде мемлкеттік реттеудің негізгі құралы ретінде мемлекеттік қаржылар болады, яғни дамыған елдердің 1/3-1/2 ЖҰӨ қайта бөлетін мемлекеттік бюджеттің және әлеуметтік сақтандыудың орталықтандырылған қорларын қалыптастыру және қолдануға бай-ты құралдар.

3. Ақша-несиелік құралдары:

- Орталық эммисиялық бағыты есеп ставкасының өзгеруін, яғни ортаылық банктің, жеке меншік банктердің коммерциялық вексельдерді сатып алу кезінде процентін өзгерту

- минималды резервтер нормасының өзгеруі қор. нарықтағы операцсялар, яғни орталық және коммерциялық банктер арасындағы болатын мемлекеттік бақылау аппораттарын сату, сатып алу. Ақша-несиелік құралдар көлемімен мемлекет Орталық банк негізінде ақшалай және несиелік көлеміне ықпал етеді.

4. Сыртқы экономикалық құралдар.

Батыс елдердің сыртқы экономикалық қатынастардың әртүрлі жағдайларына әсер етуді (саудаға, капитал миграциясына, жұмысшы күшіне). Оған кеден және отандық импортерлерге салықтық жеңілдіктер, шетел инвесторларына нарықтық жеңілдіктер шетелге жұмысшы қүшін тартуға негіздеген квоталар, валюталық биржаларда айырбас курстарды тұрақтандыруға бағытталған. Орталық банктің ұлттық валютаны сатып алу сатуға жатады.

3. Мемлекеттің экономикаға араласуы заңмен реттелген және логикалық жүйеге сәйкес келуі арқылы шаруашылықтың дамуына белсенді әсер етуімен түсіндіріледі және реттейтін әртүрлі және өзара байланысты кешендерді қосады. Мемлекеттің экономикаға ықпалы функционалды тиімділіктің негізгі тәртібін сақтауға бағытталған. Қазіргі нарықтық шаруашылықты өкімет экономикалық (жанама) және әкімшілік (тура) әдістерімен ықпал етеді. Экономикалық әдістердің өзгермелі мағыналары бар. Олар: нарықты функционалдау механизміне жеткілікті жұмыс енеді әрі мемлекетке экономикалық процестерді әсер етуге рұқсат береді. Сондықтан мемлекеттің орналасуы туралы белгілі бір дәрежеде экономикалық және әкімшілік әдістермен шектеу шарты.


ЭМР-дің әдістері




Әкімшілік Экономикалық
Рұқсат Рұқсат Мәжбүр

етілуі етілмеуі ету Бюджеттік Ақшалай-несиелік

Жекелей Кейбір Кейбір сала Бюджеттік қорлардың 1) Ақша-несиелік

салалар-ң сала түрлерін қолданылуының ба- лік саясаты

рұқсат түрлеріне мәжбүрлікпен ғыттары мен түрлері 2) Салықтық , кедендік сая-

ететіндей тыйым салу енгізу сат

түрлері


Экономикаға мем-ң тура әсер етуі Экономикаға мемлекеттік жанама түрде әсер етуі.

Кез келген экономикалық әдістің өзінде әкімшілік шешім құралы арқылы іске қосылады және сәйкес мемлекеттік органдардың бақылауында болады. Экономикалық және әкімшілік әдістердің кейбір ұқсастығына қарамастан бір-біріне қарама-қарсы болады. Әкімшілік әдістер еркін таңдауды елеулі шектейді, ал экономикалық жоқ.

Экономикалық қатынастарға қатысушыларға қосымша стимулдар қалыптастырылады.


4. Экономикаға мемлекеттің қатысуын функциялар арқылы байқалады:

1) Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық міндеттемелерін құру, мемлекет кәспкерлер қызметтерін, азаматтардың құқығын және міндеттерін анықтайтын заңдарды дамытады және қабылдайды.

2) Экономикалық тұрақтануы үкімет бюджеттік-салық саясатын және несие-ақша саясаты өндірістің құлдырауын жеңу үшін, инфляцияны төмендету баға мен ұлттық валютаның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданады.

3) Ресурстарды бөлудің әлеуметтік құралдары.

Мемлекет жеке сектор айналыспайтын туарларды, қызмет көрсетуді өндірістерін ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланыстың, көліктің дамуына жағдай жасайды және ғылымға шығыдарды айқындайды және т.б.

4) Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік кепілді қамтамсыз ету. Соның ішінде минималды жалақы, зейнетақы, мүгедектерге, жұмыссыздарға жәрдемақы, әртүрлі көмектер.

5) Халықаралық-экономикалық қатынастардың дамуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет