І тәжірибе. Су өткізгіштік Түбі сүзгімен қапталған ішіне аздап құм салынған бес әйнек түтікшеге қалыңдығы 8 см етіп келесі жыныстарды салу қажет: біріншісіне – құм, екіншісіне – құмбалшық, үшіншісіне – құрылымды құмбалшықты қара топырақ, төртіншісіне – үгітілген құмбалшықты қара топырақ, бесіншісіне – үгітілген құмбалшықты қара топырақ. Түтікшелерді толтырғанда топырақтармен жыныстар біркелкі таралу үшін айналдырып аздап соққылап отыру қажет. Барлық түтікшелерге 1 см. қалындықта құм себіңдер. Бес колбаға 100мл су құйыңдар. 1-ші және 3-ші түтікшелер арқылы 100 мл су өткізіңдер (түтікшелерді стакан үстінде ұстап тұрыңдар). Сүзіндінің басталу және аяқталу уақытын белгілеңдер.
Былай жазыңдар: 100 мл су құм арқылы ... минута сүзілді, құрылымды қара топырақ арқылы ... минута сүзілді.
Сонан кейін қалған үш түтікшеге су құйыңдар (құм үстіндегі су бағаны 2 см). 20 минут бойы әрбір 2 минут сайын ылғалдану тереңдігін белгілеп отырыңдар. Алынған көрсеткіштерді 20-шы кестеге толтырыңыздар.
20- кесте – Жыныстар мен топырақтардың су өткізгіштігі
Топырақ және жыныс
|
Су өткізгіштік, см
|
2 4 6 8 10 12 14 16 18 20
|
Құмбалшық
|
|
Үгітілген құмбалшықты қара топырақ
|
|
Үгітілген құмбалшықты кебір топырақ
|
|
2- тәжірибе. Топырақтың суды жоғары көтеру қасиеті
Бес әйнек түтікшелерге қалыңдығын 10 см етіп келесі топырақ түрлерін салыңдар: біріншісіне – құм, екіншісіне – үгітілген құмбалшықты қара топырақ, үшіншісіне – үгітілген құмбалшықты кебір топырақ, төртіншісіне – құрылымды құмбалшықты қара топырақ, бесіншісіне – 6 см қалыңдықта құмбалшық, 1см құм, 1 см құмбалшық, 1см құм, 1 см құмбалшық.
Түтікшелер Петри чашкаларында тұру қажет. Барлық чашкаларға бір мезгілде су құйыңыздар. Судың кетуіне қарай толтырып отырыңыздар. Судың көтерілу жылдамдығын әрбір 2-минут сайын 20 минут бойы қадағалаңыздар. Алынған көрсеткіштерді 21- кестеге толтырыңыздар.
21- кесте – Топырақтардың су көтергіш қасиеті
Топырақ және жыныс
|
Су өткізгіштік, см
|
2 4 6 8 10 12 14 16 18 20
|
Құмбалшық
|
|
Үгітілген құмбалшықты қара топырақ
|
|
Үгітілген құмбалшықты кебір топырақ
|
|
Құрылымды құмбалшықты қара топырақ
|
|
6 см қалыңдықта құмбалшық, 1см құм, 1 см құмбалшық, 1см құм, 1 см құмбалшық
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |