1. Топырақ ерітіндісінің құрғақ қалдығы мөлшерін білу арқылы топырақтың қандай көрсеткішін анықтаймыз ?
2. Топырақ ерітіндісінің сапалық құрамы қандай жолмен анықталады ?
3. Топырақ ерітіндісі құрамындағы СО23, СI, SО23,, Са2+, Mg2+ аниондары қандай реакциялар көмегімен анықталады ?
ТОПЫРАҚТЫҢ СУ ӨТКІЗГІШ ЖӘНЕ СУ КӨТЕРГІШ ҚАСИЕТТЕРІ
Жұмыс мақсаты: Топырақтың су өткізгіштік және су көтергіш қасиеттерінің механикалық құрамнан, топырақ түзуші жыныстардың құралуынан, қарашірік мөлшерінен, сіңірілген негіздер құрамынан қалай байланыстылығын талқылау.
Тапсырма: 1. Топырақтың су өткізгіштік және су көтергіш қасиеттері ұғымына түсінік беру.
2. Бірінші тәжірибені жүргізу арқылы топырақтар мен жыныстардың су өткізгіштік көрсеткіштерін анықтау.
3. Екінші тәжірибені жүргізу арқылы топырақтар мен жыныстардың су көтергіш көрсеткіштерін анықтау.
Қажетті құралдар мен материалдар:Топырақ үлгілері, түтіктер, штативтер, Петри шашкалары, стакандар, өлшегіш цилиндрлер, құмбалшық, құрылымы бұзылған (үгітілген) қара топырақ, құрылымы бұзылған кебір топырақ.
Тапсырмаға түсініктеме. Топырақтың негізгі су қасиеттері: су ұстау қасиеті, су өткізгіш қасиеті, су көтергіш қасиеті.
Су ұстау қасиеті сорбциялық және капиллярлық күштер әсерімен қалыптасады. Әртүрлі күштермен топырақта ұсталынып тұратын ылғалдың ең жоғары мөлшері ылғал сиымдылық деп аталынады. Топырақтың бу тәрізді ылғалды сіңіруі гигроскопиялық деп аталынады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ке жақындағанда топырақ максималды гигроскопиялыққа дейін қанығады.
Адсорбциялық күштермен ұсталынатын тығыз байланысқан ылғалдың ең жоғары мөлшері максималды адсорбциялық ылғал сиымдылық деп аталады. Сорбциялық немесе молекулярлық тартылу күштерімен ұсталынып тұратын бос байланысқан ылғалдың ең жоғары мөлшері максималды молекулярлық ылғал сиымдылықты сипаттайды. Топырақтың барлық түтіктері суға толғандағы ылғалдың ең жоғары мөлшері толық ылғал сиымдылық деп аталады. Көлдете суарудан кейін гравитациялық ылғал ағып жер асты суларының тірек әсері болмаған жағдайда топырақта қалатын ылғал мөлшері ең аз немесе қаныққан-далалық ылғал сиымдылық деп аталады. Капиллярлардағы толған ылғалдылық үзіктерге бөлінуіне сәйкес ылғалдылық капиллярлардың үзілу ылғалдылығы деп аталынады. Жер асты суларының үстіндегі капиллярлық тірек ылғалының ең жоғары мөлшері капиллярлық ылғал сиымдылық деп аталынады.
Су өткізгіштік – топырақтың суды сіңіру және өткізу қасиеті. Топырақтың сумен толық қаныққандағы судың ауырлық күшімен төмен қарай жылжуы фильтрация деп аталады. Су өткізгіштік уақыт бірлігінде топырақ беткейін аудан бірлігінен өтетін су көлемімен түтіктердің жалпы ауданына, мөлшеріне тәуелді. Сондықтан жеңіл механикалық топырақтарда су өткізгіштік жоғары.
Н.А.Качинский су өткізгіштігіне қарай топырақ градациясын ұсынған. Егер топырақ 100С температурада 5 см ағыста бір сағатта 1000 мм-ден жоғары су өткізсе, су ұстауы жоқ болып саналады. 1000-нан 500мм-ге дейін шектен тыс жоғары, 500-ден 100мм-ге дейін ең жақсы, 70-30 қанағаттанарлық, 30мм-ден төмен қанағаттанымсыз.
Суды жоғары көтергіштік қасиеті – топырақтың капиллярлар арқылы жоғарыға су өткізгіштігі жатады. Ол топырақ құрылымына, механикалық құрамына, органикалық зат мөлшеріне байланысты. Суды ең жақсы көтеретін топырақтарға құрамында ірі шаң бөлшектері көп құмбалшықты топырақтар жатады. Капиллярлармен су көтеру арқылы топырақ құрғақшылық жерлерде өсімдіктерді сумен қамтамасыз етіп отырады.