Қажетті құралдар мен материалдар: Бастапқы және туынды минералдардың коллекциясы.
Тапсырмаға түсініктеме.
Тау жынысы – дегеніміз, жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттар. ПЕТРОГРАФИЯ - тау жыныстарын зерттейтін ғылым.
Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үш топқа бөлінеді: магмалық, метаморфтық, шөгінді тау жыныстары.
Магмалық жыныстар. Магмалық жыныстар дегеніміз, жер астынан балқып шыққан тас заттардың, яғни магманың қатаюынан пайда болған тау жыныстары.
Жыныстардың морфологиялық белгілері. Минералдар құрамы бойынша жыныстар былайша бөлінеді:
Мономинералдар – құрамында бір ғана минерал бар (мысалы, мрамор құрамында кальцит минералы ғана бар);
Полиминералды - құрамында бірнеше минерал кіреді.
3 кесте - Магмалық жыныстардың классификациясы
Химиялық құрамы
|
Пайда болу жағдайы
|
Минералдық құрамы (басты минералдар)
|
Интрузивтік
|
Эффузивтік
|
Қышқылдық
|
Гранит
Пегматит
|
Липарит
Обсидиан
Пемза
|
Ортоклаз,кварц, альбит, мүйіз алдамшасы
|
Орташа
|
Сиенит
Диорит
|
Трахит
Андезит
Обсидиан
Пемза
|
Ортоклаз,кварц, альбит, мүйіз алдамшасы және басқа түсті минералдар андезит, мүйіз алдамшасы
|
Негізді
|
Габбро
Диабаз
Лабродорит
|
Базальт
Обсидиан
Пемза
|
Лабрадор, ангит,
мүйіз алдамшасы
|
Ультра-негізді
|
Дунит
Пироксенит
|
|
Оливин, авгит
|
Құрылысы. Магмалық тау жыныстарының (заттың кристалдану дәрежесі, құрамына кіретін кристалдың пішіні және көлемі) құрылысы төмендегідей болады:
Түйіршікті, немесе толық кристалданған;
Афаниттік – қарусыз көзбен көрінетін, кристал түйіршіктері жоқ;
Шыны тектес – аморфты, кристалданбаған зат (вулкандық шыны);
Порфирлік шыны тектес немесе жасырын кристалды зат жеке кристал түйіршіктерінің бедері байқалады;
Пегмативтік – қосындының екі компонентінің біз мезетте кристалдануынан пайда болады. Минералдар өскін тәрізді болып көрінеді.
Түсі. Құрамындағы минералдардың түсіне байланысты. Тау жынысының түсін құрамындағы минералдың басым реңімен анықтайды.
Шығу және қатаю жағдайына қарай магмалық жыныстар тереңдік немесе интрузивтік, салалы (аралық), төгілме немесе эффузивтік болып бөлінеді:
Тереңдік (интрузивтік) егер магма жердің ішкі қабатында қалатын болса, ол келешекте бірте-бірте суынады да, оның жақсы кристалдануына мүмкіншілік туады, сондықтан тереңдік магмалық жыныстарда түйіршік кристалды құрылыстар пайда болады;
Салалы – магма бұрын пайда болған тау жыныстарының жарықшақтарында суынып қатайғанда пайда болады (пегматиттер);
Төгілме (эффузивтік) егер магма жер бетіне төгілсе, ол тез салқындайды да, көбінесе кристалсыз шыны немесе порфир құрылыс түзіледі. Олардан төгілмелі жыныстардың вулкандық түрлері пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |