Экстрапидті жүйенің жіктелуі


СТРИАТУМ • ГИПЕРКИНЕТИКО- ГИПОТОНИЯЛЫҚ  СИНДРОМ ПАЛЛИДУМ



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата19.05.2022
өлшемі14,11 Mb.
#144114
1   2
Байланысты:
Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e
149056, 1877352431, офтт, Фармтех сессия $$$
СТРИАТУМ
• ГИПЕРКИНЕТИКО-
ГИПОТОНИЯЛЫҚ 
СИНДРОМ
ПАЛЛИДУМ
ГИПОКИНЕТИКО-
ГИПЕРТОНУСТЫҚ 
СИНДРОМ
(паркинсонизм, акинетико-
ригидті, амиостатикалық)


ПАЛЛИДАРЛЫ ЖҮЙЕНІҢ ЗАҚЫМДАНУ 
СИМПТОМДАРЫ
• БРАДИКИНЕЗИЯ - науқастардың қозғалысы аз, баяу
• МАНЕКЕН КЕЙПІ – кеудесі алдыға әкелінген, басы алдыға 
бүгілген, қолдары бүгіліп кеудесіне әкелінген, қимылсыз.
• ЖҮРЕТІН КЕЗДЕ бір орынды таптап тұрып әрең қадам баса 
бастайды
• ҚУЫРШАҚ ЖҮРІІС – қадамдары тар, табанын сүйреп жүреді


ПАЛЛИДАРЛЫ ЖҮЙЕНІҢ ЗАҚЫМДАНУ СИМПТОМДАРЫ
Физиологиялық синкинезиялардың болмауы тән:
ахейрокинез – жүрген кезде қолдары қимылсыз. 
Тепе-теңдікті сақтауға арналған инерция бұзылғандықтан, 
• пропульсия - науқасты алдыға итерсе, тоқтай алмай алдыға 
жүріп кете береді
• латеропульсия – жанына итерсе, тоқтай алмай жүріп кетеді
• ретропульсия – артына итерсе, тоқтай алмай артқа жүріп кетеді


ПАЛЛИДАРЛЫ ЖҮЙЕНІҢ ЗАҚЫМДАНУ СИМПТОМДАРЫ
• БРАДИЛАЛИЯ – сөздері монотонды, баяу, өшіп бара 
жатқандай
• МИКРОГРАФИЯ – жазуы майда, анық емес
• АКАЙРИЯ – жабысқақ мінез
• БРАДИПСИХИЯ – баяу ойлайды


ПАЛЛИДАРЛЫ ЖҮЙЕНІҢ ЗАҚЫМДАНУ СИМПТОМДАРЫ
• ПАРОДОКСАЛЬДЫ КИНЕЗИЯ – күні бойы отырған науқас 
кенеттен орнынан тұрып билеп, секіріп немесе баспалдақпен тез 
көтерілуі мүмкін.
• ТЫНЫШТЫҚ ДІРІЛІ – таспиық санағандай жиілігі 3-5 гц 
саусақтардың дірілі. бұл діріл тыныштықта күшейіп, 
қимылдағанда азая түседі. 
• ГИПЕРТОНУС пластикалық тип бойынша.


«ТІСТІ ДӨҢГЕЛЕК» ФЕНОМЕНІ 


ВЕСТФАЛЬ ТАБАН ФЕНОМЕНІ
Табанды пассивті сыртқы бетіне бүккенде, үлкен жіліншік 
бұлшық еттерінің тонусының кернелуінен, табан сыртқа 
бүгілген қалыпта қалып қалады. 
Балтыр феномені – етпетімен жатқан
науқастың балтырын тізе буынынан 
бүккенде, осы бүгілу қалпында қалып қалады. 



СТРИАРЛЫ ЖҮЙЕ 
(құйрықты ядро, қауыз) 
зақымданғанда 
гипотоно-гиперкинетикалық синдром 
дамиды 
Себебі:
• Төменгі қозғалыс орталықтарына стриатумның тежегіш 
әсерінің болмауы
• Нәтижесінде гипотония – гиперкинез дамиды


СТРИАРЛЫ ЖҮЙЕ - тіл-көз феномені
(құйрықты ядро, қауыз) 
• зақымданғанда 
гипотоно-гиперкинетикалық синдром 
дамиды 
«Тіл-көз» феномені 
– сырқаттың көзі жұмылған 
түрінде тілін шығаруын сұрайды.
Қалыпты жағдайда 15 секундқа дейін тілін ұстап 
тұра алады. Егер стриарлы жүйе зақымданса, 
15 секундқа дейін тілін қозғалыссыз ұстап тұра 
алмайды. 


ГИПЕРКИНЕЗ
• Дененің жеке бөліктері мен аяқ-қолдың бұлшық еттерінің 
автоматтандырылған артық еріксіз қимылдары. 
• Ерекшелігі:
• Еріксіз қимылдар тыныштық жағдайында, ұйықтағанда 
жойылады, ерікті қимыл жасап, эмоциялық қобалжығанда 
күшее түседі (тест жауабы).


ГИПЕРКИНЕЗ ТҮРЛЕРІ
• Хорея
• Гемибализм
• Миоклония
• Тики
• Атетоз
• Дистония
• тремор


ХОРЕЯ – билеу.
Себебі құйрықты ядро мен қауыздың зақымдануы
• Беттің,
дененің,
қол-аяқтың
түрлі
дистальды
және
проксимальды
бұлшық
еттерінің
тез,
ырғақсыз,
координирленбеген еріксіз қимылы.
• Бет бұлшық еттерінде хорея хорея қабақты түю, мандайды
тыржиту, тілін шығару, ернін шүйдірту түрінде көрінеді.
• Мидың
ревматизммен
зақымдануында,
кіші
хорея,
Гентингтон
хореясы,
БЦС,
гиперкинетикалық
түрінде
кездеседі.


АТЕТОЗ
Себебі: стриарлы жүйенің ірі клеткаларының зақымдануы. 
Қол мен аяқтың дистальды бөлігінің еріксіз баяу құрт тәрізді 
бұралмалы қимылдары


ХОРЕОАТЕТОЗ
Қолдың дистальды және 
проксимальды бөліктерінің 
гиперкинезы. Құрт тәрізді
қолбасының еріксіз қимылдары
артқа айналып кетеді. 


МИОКЛОНИЯ
• Бұлшық еттерідің кенеттен үзілмелі 
тоқ соққандай жиырылуы.
• Жиілігі мен ұзақтығы әр түрлі.
• Кенеттен қатты дыбыс шыққанда, 
жарық қосылғанда немесе денесіне
жанасқанда, шымшығанда пайда болады



ГЕМИБАЛИЗМ
• Қолдың проксимальды бөлігінің кең ауқымды тез ядро 
лақтырғандай қимылы
• Субталамустық ядро Люис денесі зақымданғанда кездеседі.


ТИКИ
• Жекелеген бұлшық еттердің стеретипті
еріксіз қимылдары.
Жиі бет бұлшық еттерінің еріксіз қимылы: мандайды
тыржиту, қабақты көтеру, көзді
жыпылықтату, тілді шығару.
• Сирек мойын бұлшық еттерінде:
басты жанына бұру немесе алдыға
бүгу ретінде кезжеседі.
• Синдорм Туретада таралымды тик
кездеседі.


ДИСТОНИЯ
денеде баяу не тез айналу, бұралу, бүгіліп, жазылу
патологиялық поза түзетін еріксіз қимылдар.
ТҮРЛЕРІ
• Краниалды
• Цервикалды
• Ларингеалды
• Торсионды дистония 
• Қол-аяқтың дистониясы
• Кәсіби дистония – псичий спазм, машинист спазмы, пианист 
спазмы


КРАНИАЛДЫ ДИСТОНИЯ
• Блефароспазм – көздің айналмалы бұлшық етінің еріксіз
жиырылуы салдарынан көздің жұмылуы
• Оромандибулярлы дистония – ауыздың, тілдің, төменгі
жақтың бұлшық еттерінің еріксіз жиырылуынан спазм, тризм
немесе тісті шықырлатудың пайда болуы


ЦЕРВИКАЛДЫ ДИСТОНИЯ 
спастикалық қисық мойын
• Тортиколлис – басы жанына бұрылған
• Латероколлис – басы жанына бүгілген 
• Антерокллис – басы алдыға бүгілген
• Ретроколлис – басы артқа бүгілген
• Комбинирленген аралас түрі


ТОРСИОНДЫ ДИСТОНИЯ -
омыртқанынң өз сі бойынша мойын және 
бел бөлігінде штопор тәрізді, айналмалы, гиперлордоз, сколиозбен 
сипатталатын еріксіз қимылы


Тремор (діріл) 
-
қол-аяқ, кеуде бұлшық еттерінің 
еріксіз ырғақты дірілі. 
• Тыныштық треморы, жиілігі 4-5 Гц
• Постуральды тремор (статикалық) – позаны сақтап қалуға тырысқанда 
пайда болады. Қолды алдыға созып тұрғанда болады.
• Қимыл треморы (интенционды) нысанаға жақындағанда күшее түседі, 
мишық зақымданғанда кездеседі.
• Рубральды тремор – 2-5 Гц тыныштықта байқалады, дене қалпын 
өзгерткенде күшее түседі. 



ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Экстрапирамидті жүйенің морфологиялық құрылымдарына 
жатады:
а)мишық, мишық аяқшалары, мишық ядролары 
б) ми қыртысы
в) жұлынның алдыңғы және артқы мүйізі
г) ми аяқшалары, варолий көпірі
д) құйрықты ядро мен жасымық тәрізді ядро, қара зат


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Паллидарлық жүйенің зақымдану белгілері:
а)гипертоно-гипокинетикалық синдром, брадимимия, 
брадилалия
б) гиперкинездер, атетоз, хореоатетоз, гемибализм
в) адиадохокинез, дисметрия
г) атония, арефлексия, атрофия
д) гиперрефлексия, гипертонус, патологиялық рефлекстер


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Паркинсонизм синдромының негізгі белгісі:
а)интенциялық діріл
б) гиперкинездер
в) бұлшық ет ригидтілігі
г) гипотония
д) атаксия


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Палидарлық жүйе зақымдануында жүрiс қалай өзгереді? 
а)хореялық 
б) атаксиялық
в) «степпаж»
г) үйрек жүріс
д) қуыршақ 


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Сырқаттың беті «маска» тәрізді, гипомимия, брадикинезия, 
брадипсихия, брадилалия анықталды. Қандай жүйе 
зақымданған:
а)стриарлық 
б) ми қыртысы- нуклеарлық 
в) ми қыртысы - жұлындық
г) мишық 
д) паллидарлы 


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Сырқатты тексеру нәтижесiнде физиологиялық синкенезияның 
болмауы, бұлшық еттiң сiресуi, брадикинезия, бір орында тұрып 
қалу анықталды. Қандай жүйе зақымданған:
а)паллидо-нигралдық
б) стриарлық 
в) ми қыртысы-нуклеарлық 
г) ми қыртысы-жұлындық
д) мишық 


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Палидарлық жүйе зақымдануында жүрiс қалай өзгереді? 
а)хореялық 
б) атаксиялық
в) «степпаж»
г) үйрек жүріс
д) баяу, қадамдары тар, қуыршақ 


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Стриарлық жүйенің зақымдануына тән синдром:
а)гипотоно- гиперкинездік синдром 
б) акинетико- ригидті синдром
в) алмасушылық синдром
г) таламустық 
д) Броун- Секар синдромы


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Барлық экстрапирамидті гиперкинездерге тән ортақ 
ерекшелік 
а) ұйықтағанда жойылады, ерікті қимылдарда және 
қобалжығанда, эмоционалды жүктемеде күшееді 
б) түнгі уақытта күшееді
в) таңға жуық күшееді, эмоционалды жүктемелерде азаяды
г) физикалық жүктемелерде азаяды
д) гиперкинездер тұрақты


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Стриарлы экстрапирамидті жүйенің зақымдануына тән 
синдром: 
а) гипотоно-гиперкинетикалық синдром 
б) акинетико-ригидті синдром
в) альтернирлеуші синдром
г) таламустық синдром
д) Броун-Секар синдром


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Хореялық гиперкинездерге тән ерекшеліктер
а)тыныштық жағдайында қолбасының дірілі
б) қолдың дисталды бөлігінде баяу, құрт тәрізді қимылдар 
в) ядроны лақтырғандай қимыл
г) дененің айналмалы қимылдары
д) координирленбеген, түрлі бұлшық ет топтарында еріксіз 
қимылдар 


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Экстрапирамидті жүйенің қызметі:
а) бұлшық ет координациясы, бұлшық ет тонусы, тепе - теңдікті 
реттеу
б)организмдегі үрдістерді реттеу, гомеостаз, тіндердің трофикасын 
реттеу
в) жұлын мен бас миына сегментарлы рефлекторлы жолмен 
импульстерді өткізу
г) еріксіз, күрделі қимыл әрекеттер мен координацияны, бұлшық ет 
тонусын автоматты түрде реттеу, эмоциялық қимылдарды 
ұйымдастыру
д) кіші жамбас мүшелерінің қызметін реттеу


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Экстрапирамидтік жүйе жолдары қайда аяқталады:
а)жұлынның артқы мүйізі
б)жұлынның бүйір мүйізі
в)жұлынның артқы бағаны
г) жұлынның бүйір бағаны
д) жұлынның алдынғы мүйізі


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Паллидарлық жүйеге жататын құрылымдар: 
а)қара субстанция, қызыл ядро, боз шар
б)құйрықты ядро 
в) ретикулярлы формация
г) таламус 
д) қауыз


ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Паллидарлық жүйенің зақымдану белгілері:
а)гипокинетико -ригидтік синдромі, брадимимия, брадилалия
б)гиперкинездер, атетоз, хореоатетоз, гемибализм, тики 
в) адиадохокинез, гиперметрия
г) атония, арефлексия, атрофия
д) гиперрефлексия, гипертонус, патологиялық рефлекстер


Паллидарлық жүйенің зақымдануына тән феномен:
а) «көз- тіл»
б) Стюарт - Холмс
в) «бүктелген бәкі» 
г) Бабинский асинергиясы 
д) «тісті дөңгелек» 


Сырқатты тексеру нәтижесiнде физиологиялық 
синкенезияның болмауы, бұлшық еттiң сiресуi, 
брадикинезия, бір орында тұрып қалу анықталды. 
Қандай жүйе зақымданған:
а)палидо - нигральдық
б)стриарлық 
в) ми қыртысы- нуклеарлық 
г) ми қыртысы - жұлындық
д) мишық 


Палидарлық жүйе зақымдануында жүрiс қалай өзгереді? 
а)хореялық 
б)атаксиялық
в)«степпаж»
г) үйрек жүріс
д) баяу, қадамдары тар, қуыршақ 


Сырқаттың беті «маска» тәрізді, гипомимия, 
брадикинезия, брадипсихия, брадилалия анықталды. 
Қандай жүйе зақымданған:
а)стриарлық 
б)ми қыртысы- нуклеарлық 
в) ми қыртысы - жұлындық
г) мишық 
д) паллидо-нигральды жүйе 


Атетоидты гиперкинезге (атетоз) тән ерекшелік:
а)қолдың дисталды бөлігінде баяу, құрт тәрізді бұралмалы 
қимылдар 
б)тыныштық жағдайындағы қолбасының треморы 
в) интеционды тремор
г) спастикалық гипертонус
д) координирленбеген, түрлі бұлшық ет топтарында еріксіз 
қимылдар


Вестфаль, Фуа- Тевенар, «тісті дөңгелек» симптомы қандай 
құрылымның зақымдануына тән: 
а)мишық табаны 
б)мишық жарты шары
в) стриарлық жүйе
г) ми жарты шары
д)қара зат, боз шар 


Паркисон ауруы кезінде қандай түзілімдер зақымдалады
а) құйрықтық ядро
б) қара субстанция, боз шар
в) люис денесі
г) қызыл ядро
д) қауыз


Паркинсон ауруына тән симптом:
а) гипокинезия
б) атетоз
в) гиперкинездер
г) гипотония
д) асинергия


Паркинсон ауруына тән симптом атаңыз:
а)тыныштықтағы діріл
б)«әтеш» жүріс
в) интенционды діріл
г) гиперкинездер
д) кіші жамбас мүшелерінің бұзылыстары


Паркинсон ауруы ағымы:
а)жедел
б)жеделдеу
в) рецидивпен
г) жедел үдемелі
д) баяу үдемелі


Паркинсонизмдегі вегетативті бұзылыстар
а)сілекей бөлінудің төмендеуі
б)гиперсаливация 
в) симпато – адреналды криз
г) паникалық шабуылдар
д) кіші жамбас мүшелерінің бұзылыстары


ОСКЕ СҰРАҚТАРЫ
64 жастағы Д науқас адымдары тар қадамдармен жүреді, 
кеудесі алдына қарай еңкейген, аяқ –қолдары жартылай 
бүгілген. Беті «маска» тәрізді, сөйлеуі баяу, монотонды,
гипертонус, діріл байқалады.
1. Синдромды атаңыз.
2. Патологиялық ошақты анықтаңыз. 
3. Зерттеу әдістері: пропульсия, ретропульсия, 
латеропульсия, Вестфаль, Фуа-тевенер симптомын қалай 
тексереді


ОСКЕ СҰРАҚТАРЫ
15 жастағы науқаста денесінде және аяқ – қолдарында тез, ретсіз, 
еріксіз қимылдар анықталды. Ол тілін шығарып, маңдай терісі 
біресе жазылып, біресе қыртыстанады, қолдарының дистальды 
бөлігінде құрт тәрізді бұратылған еріксіз қимылдар анықталды. 
Еріксіз қимылдар эмоциялық қобалжу мен мазасыздықта күшейіп, 
тыныштықта және ұйықтағанда жойылады. Аяқ – қолдарының 
бұлшықеттерінің тонусы төмендеген. 
1) Синдромды атаңыз.
2) Патологиялық ошақты анықтаңыз. 
3) Бұлшық ет тонусын және «көз-тіл» феноменін қалай тексеру 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет