|
|
бет | 10/32 | Дата | 24.05.2023 | өлшемі | 142,35 Kb. | | #177642 |
| Байланысты: treatise206008Педагогтың теориялық дайындығына:
талдау жасай алу іскерлігі;
болжау іскерлігі;
жобалау іскерлігі;
рефлексивті іскерлік кіреді.
2) Аналитикалық іскерлік :
педагогикалық құбылыстарды талдай алу;
зерттейтін құбылыстарға сәйкес педагогикалық теорияларды, заңдылықтарды анықтау;
педагогикалық құбылыстарды дұрыс болжай алу;
- негізгі педагогикалық міндеттерді құрастыру;
міндеттерді тиімді шешу жолдарын анықтау.
3)Болжау іскерлігі - білім беру процесін басқарумен байланысты және ол басқару субъектісі мен күтілетін нәтижеге бағытталады.
Педагогикалық болжау педагогикалық процестің логикасы мен мәні туралы нақты білімге негізделеді.
Болжау іскерлігі құралады:
- білім берудің мақсаты мен міндеттерін анықтау;
- оларға жету үшін әдістерді таңдау;
- мүмкін болатын кедергілерді білу, оларды жою жолын білу;
- білім беру процесіне қатысушылардың уақыты мен күтілетін
шығындарды болжау;
- білім беру процесіне қатысушылардың өзара әсерлесу мазмұнын жоспарлау.
Болжау іскерлігі болжау объектісіне байланысты үш топқа бөлінеді:
1) ұжымның дамуын болжау;
2) тұлға дамуын болжау;
3) педагогикалық процесті болжау.
4) Жобалау іскерлігі дегеніміз:
- оқыту және тәрбие жолдарын нақтылау;
- оларды кезеңдер бойынша негіздеу;
- іс-әрекет түрлері мен мазмұнды жоспарлау;
- білім беру процесінің құрылымын, формаларын анықтау;
- оқушылармен жеке жұмысты жоспарлау;
- ата-аналармен, қоғаммен байланыс орнатуды жоспарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|