Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент


Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау



бет18/32
Дата24.05.2023
өлшемі142,35 Kb.
#177642
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
treatise206008

2.3 Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау
Мақсаты: Мектептегі әдістемелік бірлестік жұмысы және мұғалімдерді аттестациялаудың талабын түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: менеджмент, мектеп , мұғалімдерді аттестациялау, әдістемелік жұмыс.


Жоспар:

      1. Әдістемелік бірлестік қызметінің бағыты мен міндеттері

      2. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру.



Мазмұны
Білім берудегі негізгі мақсат – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс- тәсілдерін меңгеру, сабақ барысында әр түрлі құралдарды тиімді қолдануды талап етеді. Сондықтан білім берудегі барлық өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне тікелей байланысты. Мектептегі әдістемелік қызмет – педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мен үздіксіз білім беру жүйесінің тұтас құрамды бөлігі. Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеуде жаңа әдіс- тәсілді, тиімді қолдану қажеттілігі әдістемелік жұмыстың ролін едәуір арттырып отыр. Мектептегі әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сай бекітілген оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі негізінде құрылады. Білім беру ұйымының қызметін бақылау және аттестаттау –жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізіледі. Білім беру органдарын аттестаттауды өткізу барысында білім беру ұйымдары ұсынатын қызмет түрлерінің білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігі анықталады.
Аттестаттауды өткізу барысында қарастырылатын нысан:
1) білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы;
2)ұжымдағы кадрлық құрылым;
3) оқушылар контингенті;
4) оқу-әдістемелік жұмыс;
5) оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме;
6) оқу-материалдық активтер;
7) оқу және ғылыми зертханалар;
8) ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры;
9) оқушылардың білімін бағалау;
10) ғылыми-зерттеу жұмысы;
11) кәсіптік тәжірибе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет