Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент



бет17/32
Дата24.05.2023
өлшемі142,35 Kb.
#177642
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
treatise206008
Документ Microsoft Office Word (3), Дәптердің сырты, БАЯНДАМА, 10сабак Жаксыгул, СӨЖ Аруна.Х токс.оценка Фа17-001-01, !4-ОШ БЖБ Биология 8-сын қаз
сипаттары басшылыққа алынады:

  1. нақты мақсатқа бағытталу;

  2. анықталған нәтижелерді мектеп басқару қызметінде орынды пайдалану;

  3. ұжымдық әрекеттерді ескере отырып зерттеу;

  4. тұлғалық бағдарлы технологияны жүзеге асырудағы жүйелілік, бірізділік және үздіксіздік;

  5. нәтижелердің педагогикалық ғылым мен практиканың соңғы жетістіктеріне сай болуы.

Осы талаптардың мазмұнына сәйкес білім беру үрдісіне қатысушы мұғалімдердің қызметі төмендегі диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады:
Тұлғалық қасиеттері:

- гуманистік және демократиялық көзқарастары.
Кәсіби дайындығы:

  • пән бойынша арнайы мамандығы;

  • әдістемелік дайындығы;

  • психологиялық дайындығы;

  • тәрбие теориясы мен әдістемесін меңгеруі.


  • Нәтижелік әрекеттері:

  • оқушының білім алуға жауапкершілігін қалыптастыруы;

  • оқушының еңбек етуге жауапкершілігін қалыптастыру;

  • саналы тәртіпке бағыт беруі;

  • өзін-өзі басқаруға, тәрбиелеуге бағыт беруі;

  • ата-аналармен, ұстаздармен өзара түсіністік қарым-қатынасқа үйретуі.
    Диагностика сондай-ақ, педагогикалық қызметтің сипаттарын көрсете

алады, ол:

Тұлғалық бағдарлы білім берудегі оқушылардың сапасы төмендегі диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады:

  1. өзіндік білім алуға ынталылығы;

  2. шығармашылық жұмысқа ынтасы;

  3. адамгершілік тұлғалық ерекшеліктері;

  1. өзіндік білім алудағы ерік-жігері, киындықтардан жол таба білуі;

  2. өз мүмкіндігіне сай жеке жұмыс түрлерін таңдай білуі;

  3. өзін-өзі бақылауы, бағалауы өз жауапкершілігінің жоғары деңгейі.
    Диагностика қорытындыларын талдау барысында мұғалімдер мен

оқушылар өзіндік білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеуде өзіндік коррекциялық әрекеттерге кеңінен тартылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде танымдық, эмоциональдық, мінез-құлықтық өзгерістері үшін психологиялық қолайлы орта жасалып, педагогикалық өзара ықпалдастық мүмкіндіктері пайда болады. Бұл қатынастар тек әдістемелік және технологиялық құралдар арқылы ғана емес, мұғалімнің тұлғалық ұстанымдары негізінде де жүзеге асады.
Мектепішілік басқару жүйесіне енетін бағыттардағы жетістіктер мен кемшіліктерді диагностика негізінде үнемі талдап, бағалап отыру менеджмент қызметінің сапасын арттырып, жоғары деңгейдегі нәтижелерге жетуге мүмкіндік жасайды. Диагностиканың қағидалары:

  • кешенді;

  • үздіксіз,

  • тұтастық;

  • шынайылық;

  • педагогикалық құбылыстар мен факторларды зерттеудің динамикасы;

  • нақты педагогикалық процестің негізділігн диагностикалау;

  • талдау, синтез принципі;

Педагогикалық қызметте бақылаудың мәні зор. Бақылау мақсат пен нәтиже арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Ал, педагогикалық талдау барысында айырмашылықтардың себебі айқындалады. Бақылау : жеке бақылау, пәндік бақылау, сынып бойынша бақылау, Мектепішілік диагностикалау қызметі басқару үрдісіндегі педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік үрдістерді қамтитын объективтік, субъективтік жағдайлардың біртұтас жүйесін құрайды. Оның мазмұны мектеп мүмкіндіктерін зерттеу және соған сай ұжым мүшелерінің ұсыныстары мен бастамашылдығын қолдау, ұйымдастыру міндеттерін айқындайды. Бұл құзыреттілікке:

  • Бағдарлы құзыреттілік;

  • Мәденитанымдық құзыреттілік;

  • Оқу-танымдық құзыреттілік;

  • Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік, т.б аталған құзыреттіліктер педагогтың дамуына зор әсері болады.

Басқару үнемі ˗ өзара байланыста, қозғалыста болатын, дамып және өзара дамытып отыратын іс-әрекеттер жиынтығы. Басқаруды диагностикалау бір жүйенің екінші жүйеге әсерін, субъектердің өзара байланысты әрекеттерінің нәтижесін көрсетеді. Осы жұмыстардың мектеп деңгейінде үнемі жүргізіліп талқылануы нәтижесінде жаңа даму деңгейіне өтуді қамтамасыз ететін жаңа мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижелерді нақтылау жолға қойылады және олар оқу жылы аяғында және басында өткізілетін педагогикалық кеңестер үшін ақпараттық база болып табылады. Сөйтіп, диагностикалық әрекеттер жалпы педагогикалық ұжым мақсаты мен тұжырымдамасына, басты мәселелері мен шараларға өзгерістер енгізіліп, оны қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Білім беру жүйесінде мұғалім әр сабақта білім берудің, ізденістің нәтижесінде кәсіби құзыреттілігі барысында өзіне жүктелген міндетті орындауда айқындалады. Бұл өз кезегінде бүгінгі мұғалімнің тұлғаны оқытудағы белгілі бір құзыреттілікті маманның қалыптастыруы болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет