Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент


Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау



бет16/32
Дата24.05.2023
өлшемі142,35 Kb.
#177642
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
treatise206008
Документ Microsoft Office Word (3), Дәптердің сырты, БАЯНДАМА, 10сабак Жаксыгул, СӨЖ Аруна.Х токс.оценка Фа17-001-01, !4-ОШ БЖБ Биология 8-сын қаз
Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау

Мақсаты: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау мәнін түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: менеджмент, мектеп , басқару, диагностика.


Жоспар:

  1. Педагогикалық үдерісті диагностикалау.

  2. Заманауи мектепті басқару ерекшелігі.



Мазмұны

Қазiргi заманда заманауи мектептi басқарудың өзіндік ерекшеліктері айқындалуда, өйткені ол – күрделi жүйе. Бұл кез келген бiлiм беру мекемесiнiң алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп басшыларының тiкелей басқару іс-әрекетiнде көрiнуі тиіс. Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден тұратын басқару жүйесi жетекшi болып келедi. Білімнің қай саласында болмасын, еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші роль атқарады. Талапқа сәйкес қойылған мақсатты орындау мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдері нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында педагогикалық процесті диагностикалау қажеттігі туындайды. Яғни, педагогикалық үдерісті басқаруды шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерді «педагогикалық диагностика» терминіне біршама анықтама берілген. Педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық процестерді оқып үйрену және педагогтар мен шәкірттердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.


«Диагноз» грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді (бұл – ғылымға ортақ термин). (Б.С.Кобзарь, Л.И.Катаева, Е.А.Берулова, Б.П.Макарова, Б.П.Битинас, В.П.Симонов және т.б.) зерттеулерінде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталады.
Диагностика - оқу процесінің жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық деректердің жинакталуынан, оларды талдаудан, серпін мен беталысты айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады. Мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау педагогикалық үрдісті ғылыми-практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді Мектепті басқаруда орын алатын негізгі ерекшеліктердің бірі ретінде басқарудың үнемі талданылып отыратынын атауға болады. Мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау педагогикалық үрдісті ғылыми-практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді.
Менеджменттік тұрғыдан қарастыру арқылы басқарудың гумандылығы, демократиялығы, басқарушылардың ұжымды үздіксіз қолдап отыру жағдайына басты назар аударылады. Диагностикалық әдістергерге: тест , бақылау, педагогикалық бақылау, интервью алу, әңгіме өткізу, рефлексиялық талдаулар, рефлексиялық практикумдар жатады. Мектепішілік қалыптасқан жағдайды бақылау немесе тексеру үшін ең әуелі мақсатқа бағытталған ішкі және сыртқы диагностика, субъектілердің өзіндік рефлексия қызметін ұйымдастыру, объективті және субъективті талдау мен бағалау іске асырылады. Өзіндік рефлексия және сыртқы диагностика әдістері арқылы оқыту үрдісінің ерекшеліктері, педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі зерттеліп, соның негізінде одан әрі даму бағыттары нақтыланады, мектепті басқарудың тағы қандай мүмкіндіктері бар екені анықталды. Педагогикалық диагностиканың басты ерекшелігі-нақты педагогикалық обьект педагогикалық процесс болып табылады. Педагогикалық диагностиканың мақсаты:

  1. Жеке тұлғаға бағытталған тиімді тәсілді іске асыруды қамтамасыз ету.

  2. Мұғалімнің кәсіби шығармашылығын дамыту.

  3. Тұлғаның қосымша білім алуының алғышарттарын белгілеу.

  4. Баланың өзін-өзі тиімді дамытуы үшін қажетті жағдайларды анықтау.

  5. Педагог қызметін бағалау (кәсіби даму деңгейін өзін-өзі бағалау).т.б.

Диагностиканы мына бағыттарды зерттеу үшін жүргізуге болады:

  1. бір мектеп көлемінде бір мақсатқа бағытталған ұжым мүшелерін басқару арқылы кәсіби және тұлғалық қажеттіліктерін зерттеу және дамыту мүмкіндігі;

  2. басқару үрдісінде мұғалімдерді өз педагогикалық әрекеттерін талдай алуына көмектесіп, ізденістік жұмыстарына бағыт беру, кәсіби санатын көтеру мүмкіндігі;

  3. әдістемелік, педагогикалық кеңестер арқылы ұжымдық бірлескен әрекеттерді талдау, жобалау, модельдеу, қорытындысын саралау мүмкіндігі;

  4. оқыту мен тәрбие барысында оқушыларды бақылау арқылы өсу жолдарын айқындау;

Диагностика негізінде басқару әрекеттеріндегі олқылықтарды түзету (коррекциялау) оны болдырмау жолдарын белгілеу арқылы мектептің мүмкіндіктерін, одан әрі қарай даму кезеңдерін жүйелеу арқылы басқару мазмұнын үнемі жетілдіріп отыруға болады. Мектепішілік диагностикалау қызметі басқару үрдісіндегі педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік үрдістерді қамтитын объективтік, субъективтік жағдайлардың біртұтас жүйесін құрайды. Оның мазмұны мектеп мүмкіндіктерін зерттеу және соған сай ұжым мүшелерінің ұсыныстары мен бастамашылдығын қолдау, ұйымдастыру міндеттерін айқындайды.
Олар:

  1. ұжымда өзіндік танымға, рефлексиялык әрекеттерге түрткі жасалуы үшін қолайлы орта туғызу;

  2. түрлі педагогикалық және қоғамдық қызметтерге тарту арқылы әр педагогтың өзіндік танымына мүмкіндік беру және оны жүзеге асыруға
    көмектесу;

  3. тұлғаның өзіндік бағытталуына қажетті құндылықтарын дамытуға
    жағдай жасау;

  4. өзінің білім алу әрекетін өз өмірі үшін мәнділікке айналдыру көздерін
    анықтауға бағыттау.

Диагностикалық жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруда мұғалімнің кәсібилігіне, оқушының білім сапасына және педагогикалық-рефлексиялық әрекеттерге ықпал ететін факторларды қарастырады. Диагностика нәтижелерін талдау негізінде мәселелер мен мүмкіндіктер анықталып, оны орындаудың төмендегідей жолдары белгіленеді:

  • кері байланыс қызметі арқылы әр түрлі деңгейдегі педагогикалық әрекеттерді талдау деңгейін білу;

  • педагогикалық-коррекциялық қызмет негізінде олқылықтарды жоюдың жүйесін жасақтау;

  • ынталандыру мен стимул қызметтері, кәсіби-педагогикалық санатын көтеру, т.б., шаралар;

  • бақылау қызметі арқылы нәтижелік деңгейін үнемі қадағалап отыру.
    Мектепішілік диагностика барысында менеджменттің мынандай



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет