Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж


Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары



бет2/7
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#1193
1   2   3   4   5   6   7
Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары .

Орта Азияның Араб халифатының құрамына кіруі оның әлеуметтік – экономикалық және мәдени өмірінде үлкен өзгерістер жасады . Орта Азия әсіресе таяу және Қиыр шығыс мемлекеттерінің арасындағы сауда – саттық қатынаста үлкен роль атқарды .


ІХ – ХІІ ғ.ғ. Отырар қаласы өзінің гүлдену дәуірінің шыңына жеткен қала болды . Отырар Саманидтер мемлекеті мен түркі тілдес тайпалардың шекарасында орналасқан еді . Өндіріс пен мәдениеттің өркендеуі бұл ауданда қала мен дала арасындағы сауданың дамуына жағдай жасады , бұл қала мен оның шаруашылықтарының оданда күшті дамуына көмегін тигізді . Халифат әр түрлі бөлек феодальдық мемлекеттерге ыдырай бастады . Бұл мемлекеттер Орта Азия , Иран , Сотүстік Африка , Испания жерлерінде құрылды . Мәдениеттің даму процестері осы жаңадан құрылған мемлекеттерде тағы да жүздеген жылдар бойы дами түсті .
VII ғ. екінші жартысы мен ІХ ғ. бірінші жартысында азаматтық , рухани білімдер / ғылымдар / қарқынды дамыды. ІХ ғ. өзінде табиғи білімнің / ғылымның / дамуы күшейді . Үнді , Сирия , Грек тілдерінен медицина , астрономия , логика , психология және басқа да ғылымдар туралы еңбектер көптеп аударыла бастады . Бұған халифтердің өздері көп жағдай жасады : Мажур / 754 – 776 / , Харон ар – Рашид / 786 – 809 / , Мамун / 813 – 833 /
Осы аудармашылық жұмыстың арқасында ежелгі грек авторларының көптеген еңбектері белгілі болды . Платон / « заңдары » / , « Гиней » / , Аристотельдің / « Саясат » , « Категория » , « Этика » / Гипократтың / « Острые болзни » / , Гоменнің / « Ренесло » / Пталомейдің / « Великое построения » / , Архимедтің / « Соприкасающиеся окружности » / .
Халиф Машунның билік ету тұсында « Ақылдылар үйі » / Байт ал – Хикма / өзінің гүлдену кезеңінде еді . Бұл ұй негізінен Харон ар – Рашид халифтың тұсында құрылған үлкен кітапхана қоры бар , астрономиялық обсерваториясы бар өзіндік ғылыми академия еді .
Әл – Фарабидің өмірі мен философиялық , ағартушылық қызметі шаруалардың феодалдарға қарсы қозғалыстарымен бірге суреттейді . Жаулап алынған территориялар халық қозғалысшыларының орталығы болды . Закавказье , Иран , Орта Азия және Оңтүстік Қазақстанда наразылық патриоттық сезімнің күшеюімен қатар жүрді . Қарсылықтың ең үлкені және ұзақ жүргені қармат қозғалысы барматтар сесбасының құрамына кіргендер еді . Қарматтар өздерінің діни – философиялық көзқарасында ақыл мен білімге көп жүгінді , сондықтан , оқымысты , мәдениетті адамдардың қолдауына ие болған .
Феодализмге қарсы халық қозғалычстары , мұсылман діни басшыларының алдыңғы қатарлы ойшылдарға қатынасы мен көзқарасы мәдениеттің дамуын тоқтата алмайды . Керіссінше ІХ – Х ғ.ғ. философиялық және табиғи ғылымға деген қызығушылық арта түсті , исламмен қайшылық күшейді . Міне , осы жағдайлар негізінен ал – Фарабидің идеялық көзқарасын қалыптастырды .
Әртүрлі оппозициялық секталарға қарсы күрестің қажеттілігімен және исламдық білімнің негізін қорғау мақсатымен мұсылмандық занатикалылық ілім калам құрылды .
Калам « улум ал – ислам » құрамына кірді , бұл дегеніміз « ислам туралы ғылымның » жалпы уақыты келе мұсылман идеологиялық құрыллысының ажырамас бір бөлімі болды.
Ортағасырлық араб тілді ғылыммен философияның дамуына халифат халқының әртүрлі өкілдері белсене қатысты . Өз заманының атақты оқымыстысының бірі , ортағасырлық математика ілімінің негізін салушы Мұхаммед Ибн – Мұса аль – Хорезми / 783 – 850 ж./ болды , оның есімімен « алгоритм » және « алгебра » терминдері және « Астрономиялық ережелер » , « Тригонометриялық ережелер » атты еңбектер байланысты .
Хорезмидің жақын қызметкері ІХғ. – көрнекті астрономы Мұхаммед ал – Ферғани болды , ол да Орта Азияның азаматы еді . Оның « Астрономия кілттері » атты еңбегі астрономия ілімінің дамуында үлкен роль атқарды .
Философиялық ойлардың дамуындағы негізгі кезең болып көрнекті философ , жаңа бағыттың бастаушысы шығыстық аристотемизмдегі - Абу – Юсуф ибн исках аль Кинди / 800 – 819 / болды . Мұсылман авторларының мәліметтері бойынша ол білімнің әртүрлі саласына арналған 150 – дей еңбек жазған . Кинди философияның мәселелеріне байланысты көптеген трактаттар қалдырған . Кинди гректің философиялық ойларына үлкен құрметпен қарады , әсіресе ол Аристотельдің философиясын насихаттауға , түсіндіруге , оқытуға ерекше ықылас қойды . Оның негізгі ізбасары Абу – Насыр әл – Фараби болды .
Аристотельдің атағы ортағасырлық шығыста өте күшті болды , оған жалған шығармалар таңылып отырды . Аристотель Еңбектерінен және білімнің идеялық ойын түсінбей , оқымай ғылыммен айналысу мүмкін еді.
Міне осылайша , шығыстың Аристотель ілімін дамытушы , белгілі шығыс философы Әл – Фараби « шығыс Аристотелі » аранды .
Фараби өте бай творчестволық мұра қалдырды . Кейбір оқымыстылардың мәліметтеріне қарағанда Фараби еңбектерінің саны 80 мен 130 аралығында болып есептеледі : Фараби шығармаларын негізінен екі топқа бөлуге болады .
І . Ежелгі грек философтарының мұраларын таратуға , оқытуға арналған еңбектері ,трактаттары .
ІІ . Ортағасырлық ғылым мен философия мәселелері туралы дербес трактаттары .
Фараби Аристотельдің барлық логикалық трактаттарына түсіндірме шолу жасады / « Бірінші аналитика », « Екінші аналитика » , « Категория » ,
« Этикасына » , « Риторика » / .
Абунасыр әл – Фараби шығармаларын мазмұны бойынша төмендегідей трактаттарға бөлуге болады.
І . Жалпы философиялық мәселелерге арналған трактаттар , яғни , тұрмыстың негізгі заңдары мен категорияларына арналған талдаулар . Оған :
« Субстанция туралы сөз » , « Сұрақтың мәні » , « Заңдар туралы кітап » атты шығармалары жатады .
ІІ . Адамның танымдық / қасиеттері / қызметінің философиялық аспектісіне тракататтары , танымның әдіс , форма , сатылары туралы . Оған « Ақыл – ойдың мәні туралы » , « Жастардың ақыл – ойы туралы кітап » , « Логика туралы қысқартылған үлкен кітапс » , « Логика туралы қысқартылған кіші кітап » , « Пәннің мәні туралы трактат атты шығармалары кіреді .
ІІІ . Философияның және әртүрлі нақты ғалымдардың тематикасы , мазмұны және пәні туралы трактаттар оған :
« Философияның мәні туралы кітап » , « Ғалымдар классифификациясын анықтау туралы кітап » . « Философияны оқып үйренгенге дейінгі нені білу керек жөніндегі кітап » атты шығармалары жатады .
ІV . Математика ғылымы бойынша еңбектер , яғни материяның сандық және кеңістіктік қатынастарын оқып , үйренуге арналған трактаттар . Олар :
« Көлемі мен саны туралы кітап » , « Кеңістік геометриясына кіріспе
кітабы » , музыка жайлы үлкен кітап ».
V . Адам организмі мен жануарлардың неорганикалық табиғатының құрылымы , материяның құрылымы мен түрлері жайындағы трактаттар :
« Вакуум туралы » , « Физиканың негізгі туралы » , « Жануарлар органы туралы » , « Адам органы туралы » .
VІ . Лингвистика , Этика , Риторика , Каллиграфия туралы шығармалары :
« Хат өнері жайлы кітап » , « Өлең мен риторика жайлы кітап » , « Калиграфия жайлы кітап » .
VІІ . Қоғамдық – саяси өмірге , әлеуметтік құрылыстың ерекшеліктеріне , мемлекеттік басқару мәселелеріне , адамгершілік және оның категориялары , тәрбие мәселесіне , саясат , этика , педагогика , юриспруденция басқа да қоғамдық ғылымдарға арналған трактаттар . « Азаматтық саясат », « Бақытқа жету туралы трактат » , « Соғыс пен бейбіт өмір туралы кітап » , « Қоғамды оқып үйрену туралы кітап » , Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат ».
Кейбір мәселелерді түсінуге Фараби өз дәуірінен асып түсті , әйтсе де ол ортағасырлық фанатизмнен , феодалдық деспотизмнің ықпалынан арыла алмады . Бірақ , оның бұл кемшіліктері қателік емес , қайта оның ойшыл екендігін көрсетіп , әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі . В.И. Ленин атап көрсеткендей : « Оның тарихи сіңірген еңбегі сонда , өзінің алдындағы ізашарлармен салыстырғанда жаңа құнды міндеттер берді .
Өктемдікті айыптаудағы Фарабидің сіңірген тани отырып , тарихи жағдайларға байланысты шектеулігін көреміз . Ол қоғамдық құрылыстағы
« адамгершілік қасиеттерді » айыптады , бірақ оның неден туындайтындығын , түпкі себебін түсінбеді . Жоғары адамгершілік идея үшін күресуде ол бұл үшін ең бірінші әлеметтік – экономикалық база құру қажеттігін түсінбеді .
Сонымен бірге Фараби жеке әлеуметтік топтардың арасындағы күрес туралы , « байлар мен кедейлер » арасындағы айырмашылық туралы , адамды адамның қанауы мен әлеуметтік әділетсіздік туралы айтқаны мен , ол мемлекеттік құрылыспен қоғамдық саяси өмірдің дамуының себептерін түсінуден аулақ тұрды . Оның адамдардың адамгершілік және қоғамдық өмірі жайлы пікірімен адам қоғамының дамуы туралы пікірі көп жағдайларды абстрактылы түрде шектеулі болды . Фараби « идеялық » қаланың утопиялық сипатын жақын арада болады деп есептеді .
Бірақ Фарабидің әлеуметтік - этикалық қоғамдық философиялық көзқарас жүйесінде жаңа бағытқа жол ашты .
Фараби қоғам мен мемлекет туралы діни – теологиялық ілімнен бас тартты , қоғам мен мемлекеттің ішкі заңдылықтарына сәйкес пайда болуы туралы теорияны ұсынды .
Фараби қоғамның дамуын бағыттайтын басты күш адамның ақыл – ой мен көрегендігі деп түсіндірді .Құдайдың қоғамдық өмірге кедергі жасауын ол адамның белсенділігімен , білімге , бақытқа ұмтылуымен алмастырды . Ойшылдың теориясында құдайдың еркі орнына адамның еркі , « ол дүниедегі » бақыттың орнына бұл өмірдегі шын бақытты ұсынды . Орта Азия , Индия , Иран және басқа шығыс халықтарының философия - әлеуметтік ойларының жетістіктерін жалпылай отырып ежелгі грециялық философиялық қоғам туралы ілімнің барлық мәселелерін қамтитын бірыңғай жүйесін жасады .
Фараби ұлы гуманист болды . Ол соғыссыз қайырымдылықсыз , қанаусыз , жалпыға бірдей бақытты болашақты армандады . Әділеттіліктің , теңдіктің , достықтың өзара көмектің , өзара құрметтіліктің , жоғары мәдениетті қоғамның жерде орнауын армандады .
Адамды жетіле түсуге , бақытқа , молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби әділеттілікті халықтар достығын насихаттауды , мәдениетті , ғылымды жасауда барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеяларды оның өз заманындағы шығыс елдерінің әрі дүние жүзі халықтарының көкейкесті проблемаларымен үндесіп жатады . Сондықтан оның энциклопедиялық мол мұрасы біздің қазіргі 20 ғасырдың аяғындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттің ішіне ұласып кетеді . Фарабидің : « Бақытқа жету жолында барлық халық бір – біріне көмектесетін болса , жер беті түгелімен берекеге толады » - деген сөзі тап бүгінде өте актуалды .
Ол адамның іс - әрекетінде интелекттің / зиялылықтың / ролі аса зор деп бағалады . « Олардың ақыл – ойы халықтар арасыдағы ұрыс – жанжалдардың пайдасыздығын ұғуға жетеді . Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке жету жолында , / демек бақытқа жету жолында / бір – бірімен келісімге келуі керек » , өйткені ненің жаман , ненің жақсы екенін тек қана адамның ақыл – ойы шешеді » дейді . Гуманизмді , халықтар достығын насихаттап , адамның өзін , оның ақыл – ойын , қабілет пен жігерін өте жоғары қояды , адамның шынайы бақытын тілейді , оларды тынымсыз іздену , оқу – үйрену арқылы өзін - өзі жетілдіруге шақырады . Тек адамның мінез – құлқына байланысты ғана одан жаман немесе жақсы қылық шығады » , - дейді .
Өзінің көптеген шығармаларында Фараби білімдердің типологиясы туралы мәселеге белгілі бір жәйттерді талдау үстінде ішінара қана тоқталады . Өйткені бір мәселе жөніндегі ол « Ғылымды классификациялау және анықтау туралы кітап туралы кітап » / сөз / , / Китофи ихсо әл улум ва ат – таприб » яғни қысқаша « ЧХСО әл – улум » деп аталатын арнаулы еңбек берді . Еңбек 5 үлкен бөлімнен тұрады . Онда Фараби орта ғасырдағы білімнің классификациясын беріп қана қоймайды , сонымен бірге барлық ғылым саласын сипаттап соларды жан – жақты талдап берді . Мамандардың пікірінше бір трактат аса үздік еңбек , оның құндылығы ғылымдарға жасаған талдаулы өзінен бұрыңғылардан мүлде өзгешелігінде және оған мүлде жаңа тұрғыдан қарайтындығына ғана емес , ғылыми пролблемаларды қамту дәрежесі мен оларды талдаудағы тереңдігі жағынан « Чхсо - әл – улум » сол замандағы теңдесі жоқ жеке – дара озық тұрған бірден - бір терең мағыналы түсіндірілген әлгі ғылымдардың мазмұнымен біте қайнап астасып жатқан еңбек . Сондықтан ғылымның бұл еңбегін орта ғасырдың бейне бір энциклопедиясы іспеттес .
Кіріспе бөлімінде Фараби бұл трактаттың мақсаты ғылымдарды тетелестіре тізіп атап шығу ғана емес , солардың мен тарауларының мазмұнына терең жеке- жеке талдау салыстырып , олардың қайсысы дәлелді , қайсысы пайдалы екенін ажыратуға мүмкіндік алатын болсын дегенді көздейді . Ғылымды білмей тұрып , өзін ғалым етіп көрсеткісі келетін , білгішситін дүмшелерді әшкерелейді . Ондайлардың ғылымға деген көзқарасы терең білімге зерек ақыл – ойына сүйенбей , надандығын , көрсоқырлығына ғана сүйенеді . « Осы кітаптың көмегімен жұрт ғылымдарды өзара салысытырып , олардың қайсысы құнды , қайсысы пайдалы , жетілгені , сенімдісі , күштісі қайсы , әлсіздеуі , мәні кемдеуі қайсы дегенді біле алады » дейді .
Фараби ғылымдарды былай классификациялайды :
1 – бөлім . Тіл туралы ғылым . Ихсо - әл – улум осыдан басталады . Оның 7 үлкен тарауы , бөлігі бар .
2 – бөлім . Логика . Фараби логиканы ойлаудың заңдары мен ережелерін зерттейтін теориялық пәндердің бірі деп есептейді . Оның ғылымның бір саласы деп сипаттап нағыз өнер деп түсінеді . Ол логиканың барлық бөлімдері мен бөлшектеріне талдау жасайды , логикалық ойды жеткізудің әр алуан жолдарын қарастырады , пәннің толық сипатын береді , логиканың міндеті мен құрылымын көрсетеді .
3 – бөлім . Математика заттың сандық , кеңістік қатынастарын зерттейтін математиканы өз алдына дербес 7 үлкен бөлімге бөледі . І . Арифметика; 2 . Геометрия ; 3 . Оптика ; 4 . Жұлдыздар туралы ғылым ; 5 . Музыка туралы ; 6 . Салмақ туралы ғылым ; 7 . Механика .
4 – бөлім .Табиғи және құдайы ғылымдар .
І . Фарабидің түсінігінше , табиғи ғылым , яғни физика – табиғат туралы , оның негізгі принциптері мен бөліктері туралы ғылым . Бұл ғылымның өзі 8 бөлімнен тұрады .
2 . Құдайы ғылым немесе метафизика . Оны құдайы ғылым / әл – иллаһи / деп қарағанымен , Фараби оны табиғаттан жоғары тұрған құбылысты , демек физиканың міндетінен тыс нәрсені зерттейді деп қарады .
Жаратылыс тану ғылымдарының ішінде Фараби зманында медицина ғылымы жақсы дамыды .Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина жөніндегі білім бір - бірімен тығыз байланысты болатын . Көпеген философтар дәрігерлікті , дәрігер философияны қатар зерттейтін . Фараби творчестволық мұрасында медицина саласынан да еңбектер бар . Олар ғылымның бұл саланың теориялық негіздерін , оның тарихын өте жітік білетінін байқатады . Оның медициналық - философиялық идеялары тек соңғы кезде ғана совет ғылымдарының зерттеу обьектісіне айналады . Оның медицина проблемаларына арналған « Адам денесінің органдары » , « Адам денесінің органдары жайында Аристотельмен келіспеуіне байланысты Галенге қарсылық » атты трактаттарының орыс тіліне аударылып басылып шыққаннан бері зерттеле бастады . Өзбекстан Республикасының Шығыс тану институтында сақтаулы жатқан қолжазбалардың ішінде Фарабидің « Жануарлардың органдары / денесі / , олардың функциясы мен потенциясы » атты еңбегі бар екені айтылады .
Медицина пәнін , міндет пен мақсатын түсінуде Фараби материалистік позицияда тұрады . Бұл тұрғыдан алғанда ол орта ғасырдағы ұлы ғалым , медик , көп томдық « медицина капондары » атты еңбектің авторы Әбу Әли ибн Синаның тікелей алдында тұрған жол ашары болды . Мамандардың пікірінше , Ибн Сина медицинаның теориясын жасауда Фарабидің жолын ұстап , оның негізгі идеяларын қабылдаған .
5 – бөлім . Азаматтық ғылым мен оның бөлімдері , яғни мемлекет – қала туралы ғылым – « илм мадапия » демек қаланы басқару туралы ғылым , юриспруденция және догматикалық құдайшылық мұнда мемлекетті басқару проблемасы этика мен тәрбие мәселесі қаралады .
Білімнің мазмұн – мағынасын анықтау және оған талдау жасау жөніндегі Фараби ілімі орта ғасырдағы ғылыми ой – пікірдің ең маңызды жетістіктерінің бірі болды . Сөйтіп , ол білім салаларының дамуында және оларды жүйелеуде елеулі роль атқарды . Фарабидің ғылымдарды жүйелеу жөніндегі теориялық – тарихи мәні материалдық заттардың адамның санасынан тыс , өз бетімен дербес өмір сүретін және белгілі бір қасиетке ие болып тұрған құбылыс деп мойындауында , демек мұның бәрі материалистік көзқарасқа негізделген . Ғалымның зерттеулерінде ғылымның әр түрлі саласы бірінен – бірі алшақтатылмайды , қайта өзара байланыста талданады . Әрбір ғылым , материалдық заттың белгілі бір жағын , сапасын зерттей отырып , ақырында бәрі жиналып бүкіл болмысты бейнелеп береді .
« Ғылымдарды талдау жөніндегі Фарабидің еңбегі « Ихо әл – улум » ХІ – ХІІ ғасырларда көне грек , латын тілдерінде аударылды , сөйтіп Батыс Европа ғалымдары арасында жоғары бағаланды . Батыстың кейінгі зерттеушілері оның бұл трактатын орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады . Фарабидің ғылымды талдау теориясы сан ғасырлар бойы ғылымның дамуына игі әсерін тигізді , ғылыми мәнін сақтап келеді » .

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет