ІІІ – тарау . Әл – Фараби туралы мектеп оқушыларында көзқарас
қалыптастыру .
Әбунасыр Әл – Фарабидің туған жері , ең алғаш білім алған елі Отырар қаласы уақытысында ең мәдениетті қалалардың қатарына енетін еді .Оның ұлы ғалым , хаким болудағы бірінші қайнар көзі болған осы өз елінің мәдениеті . Оның екінші ғылыми ордасы – араб мәдениеті .
Әл – Фараби заманында ислам мәдениеті өз шыңына жеткен шағы еді. Грециядан ІV – VI ғ.ғ. қуылған ғалымдар таяу Шығыс пен Орта Азия елдеріне келіп паналады . Оларды араб , парсы , түркі халықтары жақсы қарсы алды . Сонымен байланысты бұл елдерде ғылымға деген ынта күшейді. Сол кезде ғылымға есігін кеңінен ашқан ислам діні ғылымның дүниежүзілік туын жоғары көтерді .
Араб тілі халықаралық ортақ тілге айналды .Ендеше оны араб тілді мәдениет деген дұрыс деседі . Өйткені ол мәдениеттің дамуына көп елдердің ғылымдары да атсалысты . Солардың бірі біздің жерлесіміз Әл – Фараби еді .
Әл – Фараби еңбектерінің көбісі араб тілінде жазылған . Оның елі Туран сол кездегі Бағдад халифатының құрамына кірген елдердің бірі еді . Көп замандар бойында Әл – Фарабиді тек араб ғалымы қатарында саналғаны осыдан . Тек кейінгі кездерде туған елдері оны есіне ала бастады . 1950 ж. Стамбулда Түркияның Шығыс зерттеушісі ғалымдары оның дүние салғанына 1000 жыл толуын еске алып өтті . Сол кезде оның бірсапыра еңбектері жиналған , мақалалар жазылған , библиография жасалған . Осы жұмысты жазуда біз сол еңбектерді пайдаландық . Бірақ оның бәрі кейін болған оқиға өйткені , ол кезде мереке туралы біздер хабардарсыз болдық . Тек кейін Әл – Фарабидің туғанына 1100 жыл толған мерекесіне дайындалған кезде 1970 ж. әлгі 1950 ж. Стамбул мерекесі жөніндегі мәлімет алдық .
Қазақстан ғалымдарының 20 жыл бойында тынбай еңбек етуінің арқасында ЮНЕСКО кеңесі Әл – Фарабидің мерекесі оның туған елінде ,
Қазақстанда тойлансын деген қаулы алған . Сол бойынша мерей тойы 1975 ж. өткізілді .Халқымыздың рухани еңсесін көтеруге оның зор әсері болды . Расында ғасырлар бойы жат елдің отары болып келген халықтан бір кезде дүние жүзіне мәшһүр болған ұлы ғалым – хаким адам баласының екінші ұстазы аталған кемеңгердің шығуы көктен түскендей еді .
Сол кейінгілердің үстем болып тұрған кезінде Әл – Фараби мұрасын зерттеу жөнді қолға алынбады . Әсіресе оның ислами шындыққа сүйенген ең кеекті ілімдерін жариялауға жол берілмеді . Керісінше , оған жалған жала жауып исламға қарсы етіп көрсетпекші болды . Осындай жағдайларда әрине , Әл - Фараби туралы , оның тамаша ілімі туралы шындыққа жол ашылмады.
Тек кейінгі жылдар ішінде ғана Әл –Фараби жөнінде шындыққа бет бұра бастадық .
Ұлы ұстаздық өмірбаяны еңбектері , оның мирасқоры бәрі әр жерде айтылып , жазылып жүр , бірақ толық зерттеулер шықпай жатыр . Мысалы , 1100 жылдық мерекесіне арналған халықаралық ғылыми конференциясының материалдары әлі күнге жарық көрмеген .
Әл – Фараби өзінің табиғат туралы ғылыми еңбектерінде алдымен құран аяттарында онан кейін пайғамбар сөзіне , онан кейін өзінен бұрыңғы ислам ғалымдарына сүйенеді .Басқа тараптан кірген мәліметтерді Әл – Фараби ислам елегінен өткізіп барып талдаған . Мысалы , ғалымның алғашқы нұры жайында дәл сондай талдау берілген .Нұр , сәуле , жарық , жылу деген талдауларда Әл – Фараби қазіргі оптика ғылымының негізін салған .Ол сәуленің жиналу , сыну , тарау , шоғырлану заңдарын геометриялық дәлді әдіспен тапқан . Сәуленің шоғырланған шұғыласын ол « мұхарақ » деп атаған , яғни « күйдіру » - « оттық орын » деген сөз . Әл – Фараби бұл мәселені әрі қарай дамытып , өз қолымен ойыс / пара бола / айна жасап , линза жасап соларды қоланған .
Әл – Фарабидің осы саладағы еңбектері Испанияда Европа тілдеріне ХІ – ХІІ ғ. бастап аударылған . Ол кезде Испанияда / Кордова / исламның екінші халифаты болғаны белгілі . Сол арқылы ислам ғылымы Европаның ғылымға деген ынтасын оятты . Роджер Бэкон Әл – Фараби еңбегіне сүйеніп , Европаның барлық ғылыми бағытына реформа жасады . Оның замандасы ХІІІ ғ. ойшылының бірі Винтелло / Селезиялық поляк ғалымы / Әл – Фараби мен Ибн әл – Хайсамның геометриялық оптикасын барлық ғылымның негізгі деп таныған .
Осы бағыт онан кейінгі көптеген европалықтарға әсер етті . Мысалы , Леонардо да Винчи , Н. Коперник , Г . Галилей , И. Кеплер , тағы басқалары сол бағытта болды .
« Мухарақ » / Шұғыла / деген түсінікті Европа ғылымында бұрын болмаған . Оны бірінші рет И . Кеплер ХVІІ ғ. енгізген , арабшадан мухарақты аударып « Фокус » атаған . Сонымен қатар оның астрономиялық заңдары шықты .
Әл – Фараби мол мирастарының барлық саласынан осы сынды бүгінгі ғылымға , бүгінгі өмірге байланысты зор мәселе табуға болады .Мысалы , астрономия , алхимия , математика , архитектура , музыка , социология тарауларында тамаша өрнектер бар . Соның ішінен бір ғана мысалдың атын атайық . Орта Азия мен Қазақстанның орта ғасырдағы тамаша архитектуралық құрылыс – ғимараттары Әл – Фараби үлгісімен салынғаны айқындалып отыр . Мысалыға : Ахмет Яссауи , Шаһи – Зинда сынды тамаша ғимараттарда Әл Фарабидан қалған үлгілер қолданылғаны белгілі болды .
Әл – Фарабидің адамдар арасындағы ғаделетті өмір сүрудің үлгісі бұл күнде нң керекті мәселе болыа отыр . Бұл жөнінде де біз Әл – Фараби үлгісіне сүйенуіміз керек.
Әбу Насыр Әл – Фараби - өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі . Бұл жөнінде Әл – Фараби замандастары және одан кейінірек өмір сүрген шығыстың көрнекті ақындары , әдебиетшілері және тарихшылары көптеген мәліметтер жазып қалдырған . Мәселен , белгілі араб тарихшысы Ибн Аби Усайба / 1203 – 1270 / және Ибн Халлихан / 1211 – 1282 / өздерінің еңбектерінде Әл - Фарабидің араб , парсы тіліндегі жазылған жырларынан үзінділер келтірілген .
Кезінде араб тарихшылары Ибн Халликан жазып қалдырған Фараби бәйттерінің шумақтары қазақшаға аударылғанда былай оқылады .
Бауырым , сен теріс жолға түскен жандарға ерме ,
Олардан аулақ жүр , қашанда әділдік жағында бол .
Бұл дүние – біз мәңгі тұратын мекен – жай емес,
Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады .
Сөйтіп , ақыл – парасат пен оқу ағарту ісінің жалынды күрескері болған Фараби зорлық – зомбылық атаулыға
Барынша қарсы шықты . Осы идеяны өз жырларына арқау етті . Ақынның гуманистік тұрғыдан айтылған ой – пікірлері бүгінгі оқырманды да таңдандырып , сүйсіндіреді .
Орта ғасырда өмір сүрген арабтың мәшһүр шайырлары мен тарихшыларының еңбектерінде Әл – Фараби көп өлең жазған деген пікір айтылады .Белгілі Шығыстанушы Е.Э.Бертельс те осындай қорытынды жасайды .
Әл – Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы - өмірдің мән – мағынасы жайлы толғау , оқу мен білімді мадақтау , адамгершілікке шақыру .
Ақынның мына бір жырынан Фараби поэзиясының бағыт – бағдарын , тынысын айқын сезінуге болады .
Қашықтасың туған жер – қалың елім ,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген .
Шаршадым мен қанатым талды менің
Шаңыт жолға сарылып қарауменен .
Әл – Фараби тағы бір өлеңінде бұл ғұмырдың мәңгі еместігін айта келіп , жастық жүректің жалынын осы өмірдің игілікті істерін атқаруға жұмсау керектігін аңғартады .
Қағаздың түсіп бетіне,
Сызықтай бейне тартылған .
Тап болып жігер сарқылған
Кездейсоқ өмір өтіне .
Қайыспас тұрса нар тұлғаң .
Сонда да да беріп кетеміз ,
Жүректің отын молында
Арманды аңсап өтеміз
Біз ұлы Мұрат жолында .
Біз бір мейман бұл жайда аз – ақ күндік .
Болымсызға таласып күн өткіздік .
Анталасып аптықпа тар қапасқа
Адамға әлем мекен ол мәңгілік .
/ А. Машанов , арабшадан аударған / .
Саусақпен санарлықтай бізге жеткен азғана жыр жолдарының өзінен оның зор шабытты , кең тыгысты , терең ойлы , нәзік сезімді , дарынды ақын болғанын аңғару қиын емес .
Әл – Фараби сонымен қатар тіл білімі туралы да көптеген зерттеулер жүргізген . Фараби негізінен тіл білімін жеті тарауға бөледі .
А) дербес және қарапайым сөздер мен сөйлемдер туралы ғылым .
Б) күрделі және құрамды сөздер мен сөйлемдер туралы .
В) тілдің заңы мен ережелері жайлы ғылым .
Д) емле ережелері .
Е) дұрыс оқу ережелері .
Ж) өлең жазу , шайырлық туралы ғылым немесе пеоэтика
Фараби тіл білімі жөнінен өз тарапынан да , « сөз бен әріп туралы » , « жазу өнері туралы » , « Өлеңнің ұйқасы мен өлшемі туралы » , « Өлеңнің ырғағы туралы » деген сияқты еңбектер жазған .
Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап , реттеп белгілі бір жүйеге салу тәртібі ежелден келеді . Мұндай әрекеттер бір жағынан , ғылымдағы бар жоқты айқын сезіп , оны кемелдендіруге , дамытып , толықтыруға итермелесе екіншіден ғылымның өзін түсінуді , түсіндіруде , пайдалануды жеңілдететін еді . Міне , осылай білімдердің белгілі бір жүйемен баяндалған жиынтығы – энциклопедиялар жасау дәстүрі пайда болған .
Әбунасыр Әл – Фараби бұл тұрғыдан да қарап қалмай , өзінің ең атақты шығармаларының бірі « Ғылымдар энциклопедиясы » деп аталатын трактатын жазған . Фарабидің бұл еңбегінен ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен . Фараби трактатқа жазған кіріспесінде бұл еңбекті жазудағы мақсаты жөнінен былай дейді : « Бұл кітапта біз белгілі ғылымдардың әрқайсысын дара – дара саралап , мазмұнын толық баяндауды көздедік ; Сонымен қатар ол ғылымдардың бөліктері болса , оларды да атап , мазмұны келтірмекшіміз » . Бұл кітап негізінен мынадай алты тараудан тұрады :
Фараби еңбектерін төмендегідей бөлімдерге бөлуге болады .
І . Жаратылыстану ғылымы / Химия мәдениетінің керектігі туралы » , « Вакуум туралы трактат » , « Физика негізі туралы трактат » , « Адам ағзалары туралы трактат » т.б. /
2. Математикалық . / « Книга об объеме и количестве », « Книга введения к пространственной геометрии » , « Книга о правильных и неправильных положениях астрологии » т.б. /
3. Апологиялық және философиялық жүйелік құрылымын / ғылымның классификациясы туралы сөз » , « Философияның мәні туралы сөз » ,
« Философияның мәні туралы кітап » , « О том , что должно предшествовать изучению философии » . т. б ./
4. Жалпы философиялық . / « Субстанция туралы сөз » , Заң туралы кітап » , « Существо вопросов » , « Уақыт туралы » , т.б. /
5. Гиесологиялық және психологиялық . / Логика кіріспе кітабы , « Книга доказательства » , « Разум и понятие » , « О душе » , « О силе души » , « Книга о разуме юных » , « Книга о разуме взрослых » . т.б./
6 . Саяси - әлеуметтік , этикалық , эстетиткалық және педагогикалық .
/ Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат » ,
« Азаматтық саясат » , « Книга указания пути к счастью » / « Книга достижения счастья » , « Соғыс және бейбіт өмір туралы » , « Қоғамды оқыту кітабы » , « Музыканың үлкен кітабы » , « Книга о стихе и риторике » , « Книга об искусстве письма » , « О словарях » , « Трактат о каллиграфий » . т.б.
Бабамыз Фарабидің даналығы , ақылдығы , көрегендігі сонда , оның оқыту , тәрбие , білім беру туралы айтқан , жазып кеткен еңбектері осы күнге дейін маңызын жойған жоқ . Қайта оны қайта қарап , жаңартып пайдалануға болады .Ұлы ұстаздың тәлім – тәрбие жайлы қалдырған бай мұраларын мұқият зерттеп , терең тексеру арқылы осы күнгі педагогикалық практикада жүзеге асыру керек . Әл – Фараби ұстаздық ету туралы « Мұғалімдік – ұстаздық еткен адамның әдісі тым қатаң болмасын және тым асыра босаңсытқан да болмасын . Егер тым қатты , үнемі ызғармен болса , онда оқушылар мұғалімін жек көретін халге жетеді . Егер өте боса тып жіберген кішіпейілділік болса , онда оқушылар жағынан мұғалімді елемеу , оның ғылымына селқос қарау қаупі туады . Ғылымды игеру үшін үнемі сол ғылымның жолында болу қажет және ғылымнан басқамен шұғылдануды азайту керек болады . Әр нәрседен шұғылдана беруден істе тәртіпсіздік пайда болады » деп жазған . Фараби оқытуда аса қатаңдықтан да , аса жұмсақтықтың да дұрыс болмайтынын сынап , ортаны шектей шықпауды ұсынып оттыр . Бұл күні бүгінге дейін күшін жоймаған педагогикалық қағида . Ол ойды әр нәрсеге бөліп , жеңілтектікке салуында ғылым игерудің дұшпаны деп дұрыс көрсеткен . Мәселен , оқып үйрену жаттап алу дұрыс па , жоқ түсініп алу дұрыс бола деген сұраққа мүмкін емес , ал оларды белгілі бір байланыстары арқылы ойда топтастырып түсініп , тоқып алоған жөн дейді .
Ұлы ұстаз ғылымдарды меңгерудің , үйренудің қажеттігін дәріптеп қана қоймай , бұл мақсатқа жетуге көмекші боларлықтай жетекші құралдар мен оқулықтар жасаумен де көп шұғылданған .
Қалай болғанда да Фарабидің ғылым жасау ісі орта ғасырдағы ең үлкен ғылыми табыстардың қатарына жатады . Бұл факт Фарабидің кемеңгерлігінің, ойшыл – білімпаздығының тағы бір жетістігін , оның ескерілмейтіндігін көрсетеді .
Әл – Фарабидің бай ғылыми – педагогикалық мұраларын зер сала оқығанда Әл – Фарабидің Таяу және Орта Шығыстың ортағасырлық педагогикалық аса көрнекті теоретигі мен практигі болғанын , педагогикалық бастасаның / идеяның / бүкіл құрылысын құрғанын көреміз . Фараби бұл идеяда педагогиканың методологиялық сұрақтарына , адамзат мәселесі және оның тәрбиесі , тәрбиенің мәні мен құралы , білім беру және жеке адамның ғылыми көзқарасын қалыптастыру сұрақтарына толық жауап береді .
Әл – Фарабидің педагогикалық көзқарасына оның алдыңғы қатарлы , прогрессивтік көзқарасы , білімі көп әсер етті . Соның ішінде оның өз заманындағы ілімінің негізгі салалары философия , логика , математика , ән өнері , астрономия әсер етті .
Ол тәрбие жүйесіндегі әсіресе , жастарды тәрбиелеуде бірінші орынға адамгершілік тәрбиесін қойды , және де оған қоса тәрбиенің басқа түрлерінде еңбек , дене тәрбиесі , эстетикалық , гуманитарлық , патриоттық тәрбиені қойды . Ғалымның педагогикалық жүйесінде озық дидактиканың негізгі принциптері , яғни ғылымилығы , көрнектілігі , жүйелілігі , оқыту арқылы тәрбиелеу орын алған .
Әл – Фараби Шығыста алғаш рет музыканың , әдебиеттің / ақындық , шешендік / білім беру және тәрбиедегі маңызды ролін ашты .
Әл – Фараби өзінің « музыканың үлкен кітабы » атты басты шығармасында педагогиканың өзекті сұрақтарына жауап берді : осында оның тәжірибелік – теориялық методы , оқулық жасаудағы өзіндік үлгісі туралы айтылады .
Оқулықтан басқа Әл – Фараби оқу – педагогикалық еңбектерді және басқа түрінде де құрды , яғни комментаторлық шығарма түрінде . Ол Шығыста ең алғаш гректің ертедегі ұлы философтарынын бай мұраларына / Аристотель , Евклид , Птоллмей / комментарий жасады .
Әл – Фарабидің әлеуметтік – этикалық идеясы өзіне педагогикалық , методикалық ілімдерді қоса отырып Шығыстан да , Батыстан да Ортағасырлық халықтарының мәдени тарихында елеулі орын алады . Осы елдердің көптеген атақты оқымыстылары , ғалымдары Әл – Фарабиді өздерінің ұстазы деп танып , оған « Екінші ұстаз » деген атақ берді . Аристотельден кейінгі Әл – Фарабидің « Перечисление наук » атты шығармасы одан кейінгі педагог – ғалымдардың педагогика мен дидактиканы дамытуына үлкен әсерін тигізді . Бұл трактаттағы көрсетілген әр ғылымға арналған тараулар , оларды оқудың тәртібі мен классификациясы аль – Хорезми , Ибн – Сина және басқада Шығыс оқымыстыларының методологиялық , дидактикалық зерттеулерінің негізін қалады .
Өзбектің ұлы ақыны және жазушысы Әлішер Навои өзі туралы жазғанда : « Ғылымда мен ерте заманғы ойшылдар жасаған ілімнің бәрін оқыдым , яғни Аристотельден бастап Әл – Фарабиге дейін деп атап өтті .
Достарыңызбен бөлісу: |