ІV . Қорытынды .
Қазақ әдебиеті , мәдениеті , тарихында Әбу – Насыр Әл – Фарабидің орны мен ролі бөлекше . Әл – Фарабиді Аристотельден кейінгі , « Екінші ұстаз » деп атауда , солай тануда үлкен мән жатыр . Өзінің туған тілі – түркі тілін айырықша құрмет тұтқан Әбу – Насыр Бағдат , Шам , Каир шаһарларында оқып білім алады . Ол араб , парсы , грек , латын , тағы басқада бірер тілді жетік білген . Оның басқада ғылым салаларымен қатар әдебиет теориясы жөнінен қалдырған мұралары ұшан – теңіз . Оның трактаттары жүзден саналады . Олардың ішінде ақылдылық , данышпандық , пәлсапа , шешендік туралы жеке – жеке трактаттары бар . Сол сияқты « Бақыт жолын көрсету » , « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары » , « Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері » , « Бақытқа жету халқында » дегендей толып жатқан шығармалары – бізге ғана емес , бүкіл түркі тамырлас халықтарға , адамзатқа ортақ мұралар .
Ұлы жерлесіміздің қай саладағы мұраларын да әсіресе оның білім , ғылым үйренудің дұрыс теориясы туралы еңбектерін жан - жақты игеруде , оқып – үйренуде оның бүгінгі ұрпақтары – біздің бойымызда ойсырапм жатқан олқылықтарымыз көп – ақ . Бүгінгі ұсатаздар болсын , студенттер мен оқушылар болсын , оның аса терең мазмұны , кең мағыналы , философиялық жағынан , теориялық тұрғыдан теңдесі жоқ тағылымды еңбектерін жүйелі түрде оқып – үйренумен кем айналысады . Қайбір саланы алсақта да керемет еңбектер қалдырған ұлы жерлестеріміздің мұраларын былай қалдырып , көбінесе батыстан шыққан ғалымдарға көп жүгінеміз . Әрине оларда аса керек , бәрін де өзінің саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір бірінен айырмай , егіз өгізуге арналған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 ж. ерешеп айында , Шам шаһарында Дамаск қаласында қайтыс болғанда , оны сол елдің әміршісі Сайф ад – Даула өз қолымен жерлеген . Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс – Сағир зиратында жатыр . Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады :
Орта ғасырдағы араб , парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы ( Ән – Надим , әл – Бейһақи , ибн Сайид әл – Кифти , Хаджи Халифа , Венике , Камерариус , т.б.) ;
Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Европа мен Америка ғалымдары арқылы ( Леонардо да Винчи , Спиноза , И.Г.Л. Козегартен , Г. Зутер , Ф. Длетернуи , К. Брокель , Дж. Сартон;
ХХ ғ әсіресе Кеңес одағы шығыстанушы ғалымдары С.Н. Григорьян , В. П. Зубов , А .Сагадеев , Ю. Завадовский , түріктер А. Сайылы , Х . Үлкен . т.б. ) ;
Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы ( Ә . Марғұлан , А. Маманов , О . Жәутіков , А. Қасымжанов , А. Көбесов , М. Бурабаев , Ә . Дербісалиев . Қ . Жарықбаев , М. Хайруллаев т.б. ).
Фараби өз заманындағы аса көрнекті педагог – методист болған. Ол оқыту , білім беру мәселелеріне үлкен назар аударып , бұл тұрғыда көптеген түбегейлі де терең пікірлер айтқан . « Философтардың қойған сауалдарына жауаптар » деп аталатын еңбегінде ұлы ұстаз педагогикаға , оқу оқыту ісіне қатысты мәселелерге тоқталады .
Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей ұлы ғалым және философ Әбу – Насыр аль Фараби терең шын мәніндегі өз дәуірінің рухына сай адамға деген гуманистік көзқарасты қалыптастырды . Адам мен қоғам сұрақтарын шешуде өз уақытысының , ерте грек философиясының табиғи және қоғамдық ғылымдардың ең алдыңғы жетістіктерін пайдаланды . Араб тілді философтардың арасындағы бірінші әлеуметтік – саяси ойшылы Әл – Фараби адам өмірінің мәні , жер бетіндегі оның орны , қоғамдағы ролі және мемлекеттік бірлестіктің табиғаты туралы зерттеп жазып , өзінің исламдық адам концепциясына деген наразылығын білдіреді .
Діни көзқарастардың сол дәуірдегі билік жүргізіп тұрғанында Әл – Фараби адам мәселесін шешуді тек адамгершілік тұрғыдан шеше білді .
Адамзаттың алдыңғы қатарлы табиғи ақыл - ой жетістігі нәтижесіне сүйене отырып , Фараби табиғат алдындағы адамдардың барлығының бірдей екендігін және адамзат тұрмысының тәуелсіздігі , іздемпаздық қабілетінің жоғарғы болуы , оның еркінің бостандығы және адамзат өмірінің өзіндік құндылығы туралы бірқатар гуманистік пікірлерге тоқталды .
Әбу Насыр Әль – Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі ХХ ғасырдың 60 – жылдарында ғана қолға алынды . Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары А. Машановеді . Әбу Наср әл – Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді . Бұл күндері ҚР ҒМ . – ҒМ – ның Философия және Фарабитану бөлімі жұмыс істейді . Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып , ғылыми түсініктемелері мен алғы сөздері жазылып , 20 – дан астам трактаттары жарыққа шығарылды . Бұл бөлім Әбу Наср әл – Фароабидің диалектикасы , гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді . Қаз МУ – де Фарабитану орталығы құрылған .
Әл – Фарабидің гуманизмі жаппай ағартушылық мақсатқа негізделеді . Өзінің адамға деген көзқарасында ол адамзат атаулының барлығына ортақ табиғи қатынас , саналы еңбек , қызмет тұрғысынан қарастыруды мойындады . Ежелгі Грецияның гуманистік ойларының үздік үлгілеріне сүйене отырып , Фараби оған бірқатар атап айтқанда Платонның әлеуметтік – саяси іліміне сын – ескертпелер енгізді .Оның ежелгі философтарынан айырмашылығы ол « адам »деген этикалық ұғыммен шектеліп қана қоймады .
Адамзаттың білімге ұмтылу мүмкіншілігі туралы идеяны бекіте отырып , Фараби нәсілдік , әлеуметтік , діни , ұлттық белгілерінен тәуелсіз жалпы адамзаттық гуманистік идеалды жоғары көтерді . Мұнда оның « Қайырымды қала » және « жетілген адам » туралы шығармалары жатады .
Фараби адам туралы концепциясы Таяу және Орта Шығыс халықтарының ортағасырлық өкілдерінің : Ибн – Сина , Аль Бируни , Ибн – Баджа , Ибн – Туфейль , Ибн – Рушдтың философиясына елеулі әсер етті .
Фарабидің логикалық , әлеуметтік – этикалық , эстетикалық , гуманистік пікірлерімен жете танысу оның сан салалы мұраларын , оның дәуірін терең түсінуге мүмкіндік береді , оның ғылыми тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Европа халықтарының эстетикалық , қоғамдық , этикалық , философиялық ой – пікірін және өнердің дамуына ықпалын тигізді . Фараби өз алдына жеке – дара тұрған үздік ойшыл , ғылым , энциклопедист , ақын , ұстаз болды .
Достарыңызбен бөлісу: |